Амангельдин Еркін Қазақ филологиясы 1-курс, магистратура
5-семинар.Басқару стилі және ұйымдардағы адамгершілік мәселесі, оның өлшемі мен деңгейін анықтау арқылы психологиялық білімдерді қалыптастыру
Басқару стилі - басқару қызметтерін атқару кезінде басшылардың ұжымға ықпал ету тәсілі мен әдісі.
Басқару стилі - тұрақты жүйелі әдіс, тәсілдермен өзара әрекет формаларының басқару әрекетінің көрініс беруі. Ол басшылардың ұйымдық, кәсіби және моральдық - этикалық сапасына байланысты құрылады.Басқару стилі авторитарлық (директивті), демократиялык, либералдык болып бөлінеді.Авторитарлық стиль бойынша орталықтанған билік жүргізіледі. Шешімді жетекші қабылдайды, жұмысшылармен санаспай қатал талаптар қояды. Олардың өздігінен әрекет етуіне бақылау жасап отырады. Онда ең ұсақ сұрақтардың өзі басшының қатысуымен шешіледі.
Бұл стильдегі басшыға тән тәсіл: бұйрық беру, басшы бағынушыларына қатал талап қояды, олардың жұмыстарын қатаң бақылайды. Басқарылушылар тарапынан айтылған сынды жақтырмайды, олармен арақатынасы суық, сенімділік жоқ, қарым-қатынас кезінде дөрекілік қылықтар жасауы әбден мүмкін. Тәрбиелеудің авторитарлы стилінде мұғалім оқушыларға үстемдік жасау арқылы, өзі шешім қабылдап, не істеу керектігін шешіп, оқушылардан шешімді мүлтіксіз орындалуды талап етеді.Демократиялық стиль. Шешім жұмысшылармен бірігіп отырып қабылданады. Бұл стильде жетекші өндірісті жұмысшылармен бірігіп отырып басқаруға тырысады. Инициативаны өзі қабылдайды. Бағынушымен серіктестік қатынаста. Олармен мәселелерді бірге талқылайды. Бүл стильде бұйрық аз беріледі, шешімдер бағынушыға түсіндіру, көз жеткізу тәсілі арқылы тапсырылады. Басшы талапты көп қояды, бірақ әділ, жақсы нәтиже болса, мақтап, ойын көтермелеп, өзіндік жұмысқа мүмкіндік береді.
Демократиялық стиль - басқалармен бөлісіп, шешімдерді бірге қабылдауды, жұмыстар мен тапсырмаларды бөліп жүзеге асыруды, оқушылардың өзіндік көзқарастарының сипатымен ерекшеленеді. Қарым- қатынас кезінде сыпайы және де ізгі ниетті. Сынды қабылдай біледі.Либералдық стилъ. Шешімді жұмысшылар қабылдайды. Ол жалпы топты белсенді басқару
Ол жалпы топты белсенді басқарудан бас тартады. Жетекші жұмысшыларға толықтай бостандық береді. Олар өз тілектеріне сай әрекет етіп ойына келгендерін жасайды. Басшы бағынушыға қарамайды, өз еркімен жіберген. Бұл стильдегі басшы ең жауапты шешімдерді қабылдауға да қатыспайды, жауапкершіліктен қашады. Бағынушыларына талап қоймайды, олардың жұмыстарын әлсіз бақылайды, сынды тыңдай алады, бірақ ешқандай түзеу шарасын қолданбайды.
Либералды стиль - мұғалім оқушыларға шексіз бостандық береді, сабақтардың, әрекеттің түрін өздеріне таңдауға, қарым-қатынас орнатуға т.б құқық береді.Бірақ осы жоғарыда айтылған стильдер ешуақытта таза берілген күйінде қолданылмайды. Бір басшының бойында осы үш стиль де кездесуі мүмкін, дегенмен бір стильдің көрінісі басымдау болады. Басшы басқару стилін таңдауда көптеген факторларға байланысты таңдайды, мысалы, басшылардың жеке мінез-құлқы, бағынушының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. Осыған байланысты Д.Грен өзінің ұйым туралы жазған еңбектерінде келесі маңызды мәселені көрсете білді. Ол, бір басшы дәл сол ұйымда әр бағынушымен қарым-қатынас кезінде әр түрлі басқару стилін қолданады екен. Ол бағынушыларды ин-топтық(ин-групповые) және аут-топтық (аут-групповые) мүшелері деп бөледі екен. Ал, осы бөлудің өзі үш өлшем бойынша жүреді: 1) Бағынушылар қаншалықты жауапкершілікті және білікті; 2) Оларға қандай деңгейде сенім артуға болады; 3) Ол өзіне қаншалықты жауапкершілікті жүктей алады; ин - топтық мүшелер осы өлшемдерге сәйкес келіп, + (оң) белгісімен сипатталады, ал аут - топтық мүшелер - (теріс) белгісімен сипатталады. Бірінші топтарға байланысты басшы демократиялық стильді қолданады, ал, екіншісіне - авторитарлық стильді қолданады.
Жапондық басқару ғылымында Т.Кононың төрт стильді моделі қарастырылады (жаңашыл- сарапшы, жаңашыл- интуициялық, консерваторлық - сарапшы, консерваторлық-интуициялық стиль).
Таза күйінде басқару стилі көбінесе кездесе бермейді. Шын өмірде әрбір басқарушының әртүрлі басқару стильдері байқалады, және де белгілі бір роль басым болып келеді.
Басқару стильдерінің болуы – ұзақ уақыт бойы болатын күрделі процесс. Сол себептен неге осы стиль таңдалғанын түсіндіру қиына соғады. Өмірдің барлық кездеріне арналған арнайы және көпшілікке ұсынылатын басқару стильн таңдауда қиындықтар болады.
Басқарудың рөлі өте маңызды, ұйымның өмірінде басқарушы маңызды рөль атқарады. Басқарушыға ұйымның тиімді жұмыс жасауына жауапкершілік артады.
Біріншіден, басқарушы ұйымға негізгі міндеттерді анықтайды, ресурстарды бөлу жөнінде шешім қабылдайды, тұрақты түзетулерді орындайды, жәнеде қабылдаған шешімге жауап береді. Сол себептен ол ең жақсы ұсыныстарды қабылдап қана қоймай, өзінің ұжымын арнайы бағытта алып жүруі тиіс.
Екіншіден, сыртқы және ішкі орта туралы ақпарат жинайды, және сол ақпаратты таратып, ұйымға мақсаттарды тарады. Менеджердің ақпаратты қанша білгені, оның жұмысының нәтижиесіне тікелей байланысты болады.
Үшіншіден, басқарушы ретінде қарым-қатынастарды ұйым ішінде және сыртында құрады, ұйым мүшелеріне мотивация беріп, мақсаттарына жеткенін қадағалайды, олардың күштердің үйлестіріп, ұйымның атынан сөйлейді. Оның артынан адамдар еруге дайын болуы керек.
Басқарушы - бұл ресурстардың ұтымды пайдалунына жаvапты адам.
жетістіктерге жету үшін суыққандылық танытатын және жұмысшылардың потенциалын қанайтын.
Көбінесе жеке басқару стильін, ұжымға әсер ететін жалпы және арнайы тәсілдер, әдістер қолдану арқылы басқарушы қызметіне және оның тұлғасына байланысты аяқталған, салыстырмалы тұрақты жүйс.
Р.Блейк және Д.Моутон басқару қызметі жеке стилінің келесі нұсқаларын анықтайды:
1) тапсырмаға максимальды, адамдарға минимальді бағдарланған стиль;
2) адамдарға максимальды, тапсырмаға минимальді бағдарланған стиль;
3) адамдарға да тапсырмағада минимальді бағытталған стиль;
4) адамдарға және жұмысқа деген қызығушылықтың орташа дәрежесін көрсететін стиль;
5) тапсырмаға максимальді бағыттағы адамдарға максимальді қызығушылығын көрсететін стиль;
6) эгоцентрлі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған стильдің өзгермелі комбинациясын білдіретін оппортунизм;
7) ресми және ресми емес құрылымның жоғарғы статусын жасауда жетекшілерге қолдау көрсетілетін патернализм.
Жалпы индивидуальді стильді адамның өз өзін қамтамасыз ете алатын психологиялық жүйе ретінде, шарты бар индивидуальды адамның оптимальды келісімі ретінде, әр түрлі стильді көріністері бар ортаға адамның белсенді индивидуальді бейімделуінде психологиялық жүйе ретінде қарастыруға болады.
Пайдаланылған әдебиет:
Оспанова, Жанна Багдатовна. Басқару психологиясы [Мәтін]: оқулық / Ж. Б. Оспанова. - Алматы : ССК, 2017. - 121 б.
Н.С.Ахтаева, А.І.Әбдіғапбарова, З.Н. Бекбаева. Басқару психологиясы – А, 2009.