Амангельдинов Диас 2 курс студенті Тобы: ДУ-ИНФ22-1К 5-тақырып. Білім беру мекемесін басқарудың ұйымдық құрылымы
1-тапсырма. Белгілі бір білім беру ұйымының ұйымдық құрылымын координация және субординация тұрғысынан талдаңыз. Құрылымды оңтайландыру бойынша ұсыныстар дайындаңыз.
Жауабы: Мектептің құрылымдық ерекшеліктері туралы айтқанда, ең бастысы білім беру мекемесіндегі басқарудың негізгі органдарын көрсету қажет: мектептің педагогикалық кеңесі, жұмысында білім берудің мемлекеттік-қоғамдық басқару идеялары жүзеге асырылатын қорғаншылық кеңесі, əдістемелік кеңесі. Əдістемелік кеңес мектептегі əдістемелік жұмысты үйлестіретін ұйымдастырушылық құрылым болады. Директордың орынбасарлары, əдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері, үздік педагогтар əдістемелік кеңес құрамына кіреді. Кеңеске директор орынбасарларының бірі жетекшілік жасайды, көп жағдайда директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары жетекші болады. Əдістемелік кеңес əдістемелік жұмысты жетілдірудің стратегиялық бағыттарын анықтайды, бірыңғай əдістемелік тақырып бойынша педагогтардың іздестіру қызметін жоспарлайды жəне ұйымдастырады, əдістемелік бірлестіктердің жəне мұғалімдердің проблемалық топтарының жұмысына жетекшілік жүргізеді, педагогтардың біліктілігін арттыруын ұйымдастырады. Директор маңындағы кеңестер, мектеп директоры орынбасарларының маңындағы кеңестер, жедел кеңестер, əдістемелік семинарлар, комиссия отырыстары сияқты нысаналар да мектепті басқаруда үлкен рөл атқарады. Оқу-тəрбие барысын ұйымдастыру функциялары мектептегі мұғалімдердің əдістемелік бірлестіктерімен, орта кəсіптілік білім беру мекемелеріндегі пəндік-циклдік комиссияларымен жүргізіледі. Барлық педагогтар əдістемелік бірлестік (ƏБ) қызметіне қатысуға міндетті. Əдістемелік бірлестіктер мектепте бір профильден үш жəне одан көп педагог жұмыс істесе құрылады. ƏБ - бір оқу пəнін оқытатын немесе мазмұны бойынша жақын оқу пəндерін оқытатын мұғалімдерді біріктіретін пəндік болады немесе бастауыш сыныптарының мұғалімдері үшін жəне сынып жетекшілері үшін құрылады. ƏБ отырыстарында оқу жəне тəрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық жəне əдістемелік деңгейлерін арттыру мəселелері қарастырылады, заманауи тұжырымдамалар, озық педагогикалық тəжірибе, нормативтік құжаттар зерделенеді, оқушылардың оқу мен тəрбиесінің нəтижелері талқыланады, жұмыс тəжірибесімен алмастыру жүргізіледі.
2-тапсырма. "Білім беру ұйымын стратегиялық басқару" ұғымына басқа анықтама беріңіз. Білім беру мекемесі қызметін стратегиялық перспективада қарастыруға басшыларды не мәжбүр етеді?
Жауабы:
Басқару стратегиясы: берілген мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін өз ресурстарын басқаруы. Стратегиялық басқару берілген мекеменің мақсаттарын анықтау, бәсекелестік орта мен ішкі ұйымдастыруды талдау, стратегияларды бағалау және олардың барлық мекемеге жайылғанын қамтиды.
Негізінде, стратегиялық басқару, мекеменің өзінен шыққан немесе бәсекелестерден келген, мекеменің алдында тұрған мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді тануды қамтиды, және, мекеменің бәсекелестерімен салыстырғанда міндеттерін қалай атқаратындығын анықтайды. Стратегиялық басқару жағдайды ішкі және сыртқы жақтан бағалай білуді талап етеді. Стратегиялық басқару бірнеше ой мектептеріне бөлінеді. Сипаттама тәсілі стратегиялар іс жүзінде қалай жасалғанына бас назар аударады, ал директивалық тәсіл, стратегияларды қалай әзірлеуі тиіс екендігін баяндайды. Бұл мектептер стратегиялардың қалай дамытылғанына қарай ерекшеленеді: барлық қатерлер мен мүмкіндіктер ескерілген талдау процесі арқылы немесе жалпы бағыттаушы қағидаттар арқылы.
3-тапсырма. Білім беру мекемесін стратегиялық басқару компоненттерінің өзара тәуелділігі мен өзара байланысын түсіндіріңіз.
Жауабы: Басқару іс-əрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:
мақсаттарды айқындау;
жоспарлау;
ұйымдастыру;
реттеу;
ынталандыру.
Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
- Ұжымдағы педагогикалық қызметкерлерді ынталандыру, мадақтау.
- əкімшілік – ұйымдастыру əдістері нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т.б.
- психологиялық – педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық орта қалыптастыру, шығармашылық ізденіс пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен ұжымды таныстыру);
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға бағыттау );
- ұжымда шынайылықты нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін сақтау.
Мектеп басшысы, менеджер бақылау, сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт.
Басқаруды ұйымдастыру формалары:
нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, конференциялар, педагогикалық оқулар, ата-аналармен жүргізілетін жұмыс.
Педагогикалық прцесс барысында психологиялық- педагогикалық тұрғыдан ғана емес, мұғалімнің әдістемелік даярлығын да тұрақты жетілдіруді талап етеді. Білім беру жүйесі тұлғаның қабілеті мен мүмкіндігін ғана ашпайды, заман талабына сай өз ойын ашық жеткізе алатын, сын тұрғысынан ойлау қабілеті , мәселені өздігінен шеше алатын , технологиялық сауаттылығы жоғары ұлтын сүйетін ұрпақ мәдени құндылықтарды игерген талантты ұрпақ тәрбиелеуі қажет.
4-тапсырма. Білім беру ұйымын стратегиялық басқару технологиясын сипаттаңыз.
Жауабы: Стратегиялық менеджмент- мақсатпен келісуді, өнеркəсіптің мүмкіндіктері мен қызметкерлердің қызығушылықтарын қамтамасыз ететін басқару мен ойлау тəсілдерінің бағдарламасы. Стратегиялар арқылы негізгі мақсаттарға жетудің ережелері мен тəсілдері, басқарушылық жəне ұйымдастырушылық əрекеттер жинақталады.Стратегиялық жоспар соңғы жылдардағы мектеп жұмысына терең талдау жасап, білім беру жүйесінің даму беталыстарының негізінде жасалады.Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты: ұйым міндетін, негізгі мақсатын жүзеге асыру. Жоспарлау мерзімі: ұзақ уақытқа арналады, 2-10 жыл. Мəселелер сипаты: сирек қайталанатын мəселелер мен міндеттер шешіледі. Тактика- стратегеияның негізгі мақсатын жүзеге асыру құралы болып табылады.
Тактикалық жоспарлау – стратегиялық жоспарлаумен тығыз байланысты, стратегияларды нақтылап, түзетулер мен қосымшалар енгізу арқылы стратегиялық мақсаттарға жету тиімділігін нақтылайтын, əр жұмыс түрін жіктеп белгілейтін жоспар түрі. Тактика – өнеркəсіп қызметін дайындау мен жүргізу үрдісінің теориясы мен тəжірибесі. Оған мектептің жылдық жоспары, жарты жылдық жоспар, сабақ кестесі, мектеп ішілік бақылау кестесі жатады. Стратегия мен тактика қатар жүреді, олар ұйымның белгіленген мақсаттарға қол жеткізуіне қажетті құралдарды анықтайды. Тактикалық жоспарлаудың негізгі мақсаты: ұйым қызметін дамыту, жетілдіру. Жоспарлау мерзімі: орта мерзімде. Тактикалық жоспарлау үрдісі екі кезеңнен тұрады: жоспар жасау жəне оны қабылдау. Жоспар жасау мазмұны: білім беру ұйымы қызметі туралы түрлі ақпараттарды жинақтау; алынған мəліметтерді жүйеге келтіру; алынған мəліметтерді талдау; менеджердің жоспарды жасау бойынша жекелеме құрылымдық, қызметкерлерге міндеттерді жүктеуі; жоспарлау шараларын анықтау; қабылданған жоспар міндетті түрде құжаттамалық түрде рəсімделіп, білім беру мекемесі басшылығымен бекітілуі тиіс; 43 Жылдық жоспар тұтас бір жылға жасалады (ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен келесі жылдың 31 тамызына дейін, мамыр айында жасалып, педагогикалық кеңесте бекітіледі), оны дайындау оқу жылының барысында жүзеге асады жəне оның кезеңдері оқу тоқсанына бағытталып құрылады: 1 кезең- мектеп басшысы мен оның орынбасарлары жаңа нормативті құжаттармен, білім беру мен тəрбие үрдісі мəселелеріне қатысты жаңалықтармен, нормативтермен танысады. 2 кезең –ақпарат жинаудың формалары мен көздері анықталады, жоспар құрылымына өзгерістер мен түзетулер енгізіледі (арнайы құрылған шығармашылық топ жасайды). 3 кезең – жинақталған ақпараттар талданады, комиссия мүшелерінің орындалған жұмыстар туралы есебі тыңдалады, кездескен қиыншылықтардың туындау себептері анықталып, оны болашақта жою жолдары қарастырылады. 4 кезең- жоспардың жобасы дайындалады, жоспар бөлімдерін ұжымдық талдау, жаңа оқу жылының бірінші отырысында ол бекітіледі. Жедел жоспарлау – күнделікті, тез арада орындалатын істерді қамтитын жоспар түрі. Оған аз уақыт ішінде: күнделікті, аптада, ай, тоқсандық көлемінде орындалатын шаралар жатады. Ол білім беру ұйымының стратегиялық жəне тактикалық мақсатына тəуелді. Жедел жоспарлау ең алдымен білім беру ұйымының басқару бөлімдерінде қамтылады: өткізуді жоспарлау, шығын көлемін анықтау, оқушылардың білім сапасы, оқуға түсу көрсеткіштері, қызметкерлердің жұмыс мерзімі, еңбекақысы жəне қаржыны жоспарлау, мұғалімнің сабақ жоспары, сынып жетекшісінің жоспары. Жедел жоспарлау мынадай кезеңдерден тұрады: мəселелерді анықтау; мүмкіндіктерді анықтау; анықталған іс əрекет мүмкіндіктеріне таңдау жасау; туындайтын нəтижелерге талдау жасау; іс əрекеттің соңғы таңдауы. Жедел жоспарлаудың негізгі мақсаты: ұйым қызметінің берік, тұрақты болуы. Жоспарлау мерзімі: қысқа мерзімде. Білім беру ұйымының басшысы ағымдағы сəтті ғана емес, алдағы уақыттағы шешімге ықпал ету мүмкіндіктерін де алдын ала көре білуі тиіс жəне ол стратегиялық, 44 тактикалық жəне жедел жоспарларды жасауды білуі тиіс. Жоспарлау жұмыс тобының құрамына басшылық аппараты, педагогтар, мектеп психологы, əлеуметтік педагог, кітапханашы т.б. енеді. Жоспарлауды жобалау кезеңінде мектептегі істердің жағдайы, қол жеткізген мақсат, міндеттер, шешілмеген мəселелер, мектеп қызметінің бөлімдері, келелі мəселелерді бірыңғай біріктіреді, жауаптыларды белгілейді. Жоспар үлгісі көпшілік талдауына ұсынылады. Көпшілік (педагогтар, білім алушылар, ата-ана) талдау барысында ұсыныс, пікірлер айтылады. Айтылған ұсыныс, пікірлерді ескере отырып, жоспар қайта қаралып, жасалады, бекітуге мектеп басшысына ұсынылады. Жоспарлардың қай түрі болмасын мектеп жұмысын атааналармен қызметін үйлестіруге ықпал етеді. Мектеп жоспарының негізінде педагогтардың жеке əдістемелік жұмыстарының жоспары, сынып жетекшісінің тəрбие жоспары жасалады. Шешім қабылдау функциясы. Шешім қабылдау барлық басқару үрдісінің негізгі бөлігі, себебі басқарушы қызметінің өзегінің өзі де шешім қабылдаудан тұрады. Басқару шешімдері- келелі мəселелерді шешуге бағытталу, оған шығармашылықпен келу, менеджмент жүйесіне сай əдіс, тəсілдерді таңдау жүйесі. Шешім қабылдау- ұйымды басқару бөлігі, ұйымдастырудың жүйелі үрдісі. Шешім қабылдау ұғымы шешімді дайындау жоспарлау яғни альтернативаларды таңдаумен анықталады. Стратегиялық жоспар жасауда «не істеу керек?» деген, ал тактикалық, ағымдағы жоспарлауда «қалай істеу керек?» деген үлгіде шешім қабылдайды. Шешім қабылдау ісінде шешім қабылдау үшін қажетті ақпараттың аздығы, шешім қабылдау тəсілдерінің əлсіздігі, уақыттың қысқалығы, шешім қабылдайтын жақтардың өзара келіспеушіліктерішешімнің сəтсіз қабылдауына ықпал ететін мəселелер. Сол себепті шешім қабылдау ісіне қатысушылардың барлығы жауапкершілік, ортақ мақсатқа бағытталу, жұмыстың уақытында орындалуы, кəсіби құзыреттілік тұрғысынан келуі керек. Г. Я. Гольдштейн басқару саласындағы шешім қабылдау үрдісін бірнеше белгілер бойынша топтастырады:шешім обьектісі бойынша (жағдайға негіз болатын мақсаттар мен құралдарға бағытталатын шешімдер), жоспарлау жүйесіне байланысты (стратегиялық, тактикалық, жедел шешім қабылдау), қайталау жиілігіне қарай (кездейсоқ, қайталанатын, күнделікті, əдеттегі шешім),басшылық бойынша (жеке тұлғалардың, менеджерлердің, орындаушылардың тарапынан шығарылатын шешімдер) . Шешім қабылдау үрдісі – басқару субьектілерінің жағдайға баға беріп, ұйымның мəселелерін шешуге бағытталған, ең озық нұсқаларды іріктеп қарап, шешім қабылдау іс əрекеті. Басқарушылық шешім қабылдауға қойылатын талаптар:анық мақсаттар қоя білу, шынайы жəне ғылыми негізделген, шынайы ақпарат пен шынайы жағдайды ескеру, бірнеше баламаларды қарастыру, барлық жағдайды ескеру, шешімнің уақытында қабылдануы, орындау мерзімі мен жауаптылардың болуы, кімдердің ол шешімді, қашан жүзеге асыратыны туралы бағдардың болуы,құқықтық 45 актілерге, нормативті құжаттарға сүйену, орындаушылардың құқықтарын сақтау,тиімді, нақты болу, үздік шешімді табу, қалай, қашан, не істеу керектігіне жауап бере алатындай болу, заманауи, уақытылы болу, қабылданатын шешім белгіленген мақсатқа,күтілетін нəтижеге жеткзуі тиіс.Шешім қабылдау үрдісінің құрылымдық бөліктері: мақсат- тəуекелдікальтернативалар- күтілетін нəтижелер- шешімдерден тұрады. Шешім қабылдау үрдісінің кезеңдері:мəселелік жағдайды анықтау, талдау;мақсат қою; бірнеше баламалы (альтернативті) нұсқалардың тізбегін жасау;соның ішінен қажетті баламаларды таңдау;баламаларға баға беру;баламаларды сынамадан (эксперимент) өткізу; бір шешімді таңдау;қабылданған шешімді орындау мерзімін, орындауға жауаптыларды анықтау;шешімді орындау жұмысын қамтамасыз ету;шешімдердің орындалуы. Тəуекел- жақсы аяқталуға үміттенетін, сəттілікке жасалатын іс-əрекет, ресурстар мен пайданы жоғалтып алу қаупі; белгісіздік жағдайында менеджердің жайы, немесе нəтижесінде болатын сəтсіздікке сандық баға беру. Барлық шешім қабылдау барысы тəуекелмен байланысты, себебі болашақта не болатыны, нəтижеге жете ала ма, жоқ па оның бəрі белгісіз, тек болжамды нұсқадан ғана тұратыны белгілі, осы бағытта тəуекелділіктің орны ерекше.Тəуекелділік- негізгі мəселелерге (қаржылық, əлеуметтік, білім беру жағдайы, ортасы т.б.) байланысты шешім қабылдау үрдісі. Тəуекелді басқару – тəуекел факторларын бейтараптандыру, басқаруда қате шешім қабылдау қаупін азайту, алдын ала болжау шараларын іске асыру үрдісі. Тəуекелді басқару сатылары: мақсатты анықтау, даму болашағын болжау;тəуекелді, табысты айқындау;тəуекелді бағалау, сақтандыру жүйесін құру;тəуекелді басқару əдістерін таңдау арқылы тəуекелді жағдайлардың теріс салдарын жою шараларын дайындау; таңдалған əдісті қолдану, табысты жұмысты қамтамасыз ету; нəтижелерді бағалау. Тəуекелді басқару кезінде басшылыққа алынатын ережелер: тəуекел салдары туралы алдын ала ойлау, шешімнің бірнеше нұсқаларын қарастыру, тəуекелге баруда сенімділік тұрғысынан қарау, тəуекелді шешім қабылдауға ықпал ететін ішкі жəне сыртқы ортаның жағдайына талдау жасап барып, тəуекел ету керек
5-тапсырма. Білім беру ұйымындағы ұйымдық өзгерістерді басқару процесін сипаттаңыз. Білім беру ұйымының өзгеруге дайындығын қалай бағалауға болады? Білім беру ұйымында стратегияны іске асыру процесінде өзгерістерге қарсылықтың пайда болу себебі неде? Қарсылықты басқарудың қандай әдістері бар.
Жауабы: Білім сапасын басқару – бұл кез келген жəне кездейсоқ емес, жай ғана жақсылары емес, өз 116 бетімен болатындары емес, ал алдын ала белгілі, мүмкін болатын дəрежесі болжанған, білім нəтижелеріне жетуге ұйымдастырылған жəне бағытталған ерекше басқару. Сонда мақсаттар (нəтижелер) оқушының (түлектің) əлеуетті даму аймағында операциялар бойынша болжануға тиіс, яғни сөз ең жоғары, нақты оқушы үшін мүмкін болатын, оңтайлы нəтижелер жайлы болуда [105]. Осы басқару білім беру саласындағы менеджерден мақсаттар мен нəтижелер бойынша сапа жөнінде анық, жүйелі елестетуді талап етеді. Оған жету қызметінің жəне ол басқаратын мекеменің қызмет етуінің негізгі бағдары болады.
Білім мекемелері қызметінің мақсаттары мен қадағалау мəні туралы түсінігін өзгерткен білім беру сапасының жаңа түсінігі, бақылау жəне бағалаудың жеке əдісін ғана емес, сондай-ақ, проблеманы көпаспектілі өзгеріс түрінде, оның əртүрлі бағыттағы көзқарасын бірлікте қарастыруға мүмкіндік беретін мекеменің мақсаттарына сəйкес, таңдалған алуан əдістер мен технологиялар жүйесін пайдалануға себеп болады. Осының салдарынан мониторинг барысында педагогикалық 133 жəне психологиялық диагностиканың, əлеуметтік мониторингтің əдістері қолданылады (ең бастысы, əртүрлі сауалнамалық əдістер). Білім беру мониторингісі пайдалануы ұйымның ішіндегі жəне сыртындағы үдерістердің өтуіндегі өзгерушілікті анықтауға жəне түсінуге мүмкіндік беретін математикалық статистика əдістерінің көмегімен алынған деректерге міндетті түрде негізделеді.