Аманкелді аманкелді



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата30.12.2016
өлшемі1,74 Mb.
#796
1   2   3   4   5

3

amangeldy-arai@

mail.ru

№ 45  (7635)

14 қараша 2014 жыл

    Құрметті қазақстандықтар!

 

Əлемдік 



экономикадағы 

жағдай  мынадай,  дағдарысты 

жағдайларда 

алға 


қойған 

мақсаттарға  қосымша  қаржы 

ресурстарынсыз  қол  жеткізу 

айтарлықтай күрделі.

 

Кезінде 


Ұлттық 

қордың 


не 

үшін 


құрылғанын 

қаперлеріңізге  салғым  келеді. 

Оның  басты  міндеті - тұрақты 

əлеуметтік-экономикалық 

да-

муды  қамтамасыз  ету  жəне 



экономиканы  сыртқы  қолайсыз 

жағдайлардан  қорғау.  Дəл  қазір 

біздің  осы  қорымызды  қажетке 

жарататын  кез  келді.  Қазақстан 

өзге 

елдердің 



қателіктерін 

қайталамай, 

экономикалық 

өсім  үшін  ішкі  қорын  барынша 

тиімді пайдалануы тиіс.

      Мен  Ұлттық  қордан 2015-

тен 2017 жылға  дейінгі  кезеңге 

жыл  сайын  қосымша 3 мил-

лиард  долларға  дейін  бөлу 

жөнінде  шешім  қабылдадым. 

Үкіметке  бір  апта  мерзімде 

Ұлттық  қордан  қаржы  бөлу 

үшін  тиісті  шешім  дайындау-

ды  жəне 2015 жылға  арналған 

республикалық  бюджет  жо-

басында  қажетті  қаржыларды 

ескеруді  тапсырамын.  Сондай-

ақ,  Үкімет  қажетті  шаралар 

қабылдап,  осы  қаржылардың 

тиімді  əрі  оңтайлы  пайдаланы-

луын қамтамасыз етуі керек.

 

Мен 



құрған 

комиссия 

қаржының  тиімді  жұмсалуын 

қатаң  қадағалап,  жеке  өзіме 

баяндап  отыратын  болады.  Əр 

теңге  үшін  қатаң  сұрау  болмақ. 

Барлық  əкімдерге  айрықша 

жауапкершілік  жүктеледі. «Нұр 

Отан»  осы  жұмысқа  белсенді 

араласып,  барлық  деңгейлерде 

қатаң партиялық бақылау орна-

туы тиіс.

      Ұлттық  қор  инвестициялары 

экономиканың  тиісті  салала-

рында  міндетті  құрылымдық 

реформалар  жүргізумен  қоса-

қабат  жүруі  тиіс.  Ол  үшін  жо-

баларды  халықаралық  қаржы 

ұйымдарымен  бірлесіп  жүзеге 

асыруды 


қамтамасыз 

ету 


қажет.  Мəселен,  Дүниежүзілік 

банк,  Азия  даму  банкі,  ЕҚДБ 

жəне  ИДБ  қазірдің  өзінде 90 

басымдықты  жобаға 9 милли-

ард  доллар  шамасында  бөлуге 

дайын. 


Қаржыларды 

бөлу 


инвестициялық 

белсенділікті 

қолдауға,  халықтың  табыста-

ры  деңгейі  төмендеуінің  алдын 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жолдауы

НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

алуға  жəне  жаңа  жұмыс  орын-

дарын  ашуды  ынталандыруға 

бағытталған. 

Нəтижесінде 

қысқа  мерзімді  жəне  орта 

мерзімді 

перспективада 

экономиканың  тұрақты  өсуі 

қамтамасыз етіледі.

    Біздің білім беруді, денсаулық 

сақтауды,  ауыл  шаруашылығын 

дамыту 

бағдарламаларымыз 



жалғаса  береді.  Бұл  тура-

лы  алдағы  жылы  Үкіметтің 

алғашқы  кеңейтілген  отыры-

сында  нақты  əңгіме  қозғайтын 

боламыз. «Нұрлы  Жол»  Жаңа 

Экономикалық Саясат - əлемнің 

ең  дамыған 30 елінің  қатарына 

бару жолындағы біздің ауқымды 

қадамымыз.

    Бүгінде  табысты  жұмыс 

істеу  үшін  барлық  қажетті 

жағдайлар жасалған. Əкімшілік 

реформа  жүргізілді,  Үкімет 

пен  атқарушы  биліктің  жаңа 

құрылымы 

жұмыс 


істеуде. 

Əр  министр  не  істеу  керек 

екенін  біледі.  Біз  басқарудағы 

қосарланушылық  пен  қажет 

емес 

буындарды 



жойдық. 

Əкімдер  өкілеттіліктің  қажетті 

деңгейіне  ие  болды.  Өңірлерде 

бəрі бар - бағдарламалар, ресур-

стар,  қаржы  құралдары.  Əркім 

өз  жұмыс  учаскесі  үшін  жауап 

береді.  Тек  білекті  сыбанып, 

іске кірісу қажет.

 

«Нұрлы 


Жол» 

Жаңа 


Экономикалық  Саясат  біздің 

экономикамыздың 

таяу 

жылдардағы  өсімінің  драйвері 



болады.  Тек  жол  құрылысы 

арқылы  ғана  жаңадан 200 

жұмыс  орны  құрылады.  Ал 

бұл 


халықтың 

жұмыспен 

қамтылуын жəне табыстарының 

өсуін  білдіреді. «Нұрлы  Жол» 

цемент,  металл,  техника,  би-

тум,  жабдықтар  өндіру  мен 

соған  сəйкес  қызметтер  сияқты 

экономиканың  басқа  да  са-

лаларына 

мультипликативті 

əсер  етеді.  Жолдар - Қазақстан 

үшін  өмір  желісі.  Біздің  кең 

байтақ  жерімізде  жолдар  бой-

ында  əркезде  де  өмір  пайда 

болған  жəне  дамып  отырған. 

Біз Астанадан барлық жақтарға 

автомобиль,  теміржол  жəне 

авиациялық  магистральдар  та-

райтындай көлік желісін құруға 

тиіспіз.  Жүректен  тарайтын  ар-

териялар сияқты. Күннен тарай-

тын шұғыла сияқты.

    Қазақстандықтар  салатын 

жаңа  магистральдар  біздің  эко-

номикамыз  бен  қоғамымызды 

жаңартады. 

Олар 

біздің 


еліміздің  барлық  түкпірлерін 

орталықпен  берік  байланы-

стырады. 

Жүк 


тасымалы 

жеделдейді  жəне  ұлғаяды.  Ел 

арқылы  транзит  көлемі  артады. 

Біздің  азаматтарымыз  заманауи 

жəне  сапалы  автомагистраль-

дармен жүріп, кез келген өңірге 

қауіпсіз  жəне  тез  жететін  бола-

ды.  Əлеуметтік  инфрақұрылым 

жақсарады,  жаңа  жəне  зама-

науи  мектептер  мен  аурухана-

лар  жоғары  сапалы  қызметтер 

көрсетеді. Нəтижесінде ол əрбір 

қазақстандықтың əл-ауқаты мен 

өмір  сапасында  көрініс  табады. 

Ал  ең  бастысы - осының  бəрі 

болашақ  ұрпақтың  байлығы 

ретінде біздің жерімізде қалады.

     Құрметті қазақстандықтар!

  Алда  үлкен  де  жауапты 

жұмыстар тұр. Толысқандықтың 

жаһандық  сынынан  өту  үшін 

біздің  топтаса  білуіміз  қажет. 

Біз  барлық  қазақстандықтар 

арасындағы  сенімді  нығайтуға 

тиіспіз!  Бір-бірімізге  тағатты 

болуымыз  керек!  Бұлар - 

Қазақстанның 

болашағына 

кілттер.  Этносаралық  келісім 

-  ол  өміршеңдік  оттегі.  Біз  дем 

алған  кезде  оны  байқамаймыз, 

ол  өздігінен  болады - біз  тек 

өмір  сүреміз.  Бірлігіміз  бен 

этносаралық  келісімді  біздің 

өзіміз  сақтауға  тиіспіз.  Оны  біз 

үшін  ешкім  ешқашан  сырттан 

келіп  жасамайды.  Біздің  жа-

старымыз  жаңа,  тəуелсіз  елде 

өсіп  келеді.  Бүгінгі  буын 90-

шы  жылдардағы  этносаралық 

соғыстар  мен  қақтығыстарды, 

күйреуді көрген жоқ. Сондықтан 

көпшілігі 

Қазақстандағы 

тұрақтылық пен қолайлы өмірді 

туғаннан  солай  болуға  тиіс 

сияқты қабылдайды.

  Тұрақтылық  пен  келісім 

дегеніміз  не?  Ол  отбасылық 

əл-ауқат, 

қауіпсіздік, 

ба-


спана.  Бейбітшілік - ол  əке 

мен  ана  қуанышы,  ата-ана-

лар  денсаулығы  жəне  біздің 

балаларымыздың 

бақыты. 

Бейбітшілік - ол  тұрақты 

жұмыс,  жалақы  жəне  ертеңгі 

күнге  деген  сенім.  Бейбітшілік 

пен  тұрақтылық - күн  сайынғы 

еңбекпен  қорғап,  нығайтуды 

қажет  ететін  жалпыхалықтық 

жетістік.  Мен  жастар - біздің 

болашағымыздың  тірегі  дегенді 

əркез  айтып  келемін.  Мем-

лекет  жаңа  буынның  алдын-

да  барлық  есіктер  мен  жол-

дарды  ашты! «Нұрлы  Жол», 

міне,  біздің  креативті  ырғақты 

жастарымыздың 

күш-жігер 

жұмсап,  құлаш  сермейтін  тұсы 

осы!


      Алдағы  жылы  біз  Консти-

туцияны  қабылдаудың  жəне 

Қазақстан  халқы  Ассамблея-

сы  құрылуының 20 жылдығын 

салтанатты  түрде  атап  өтеміз. 

Осы  даталарды  атап  өте  оты-

рып,  бізге  қазақстандықтарды 

рухани  тұрғыда  бұрынғыдан  да 

гөрі  күштірек,  топтасқан  жəне 

бұрынғыдан  да  бетер  тағатты 

ету маңызды. Қазақстан, тек алға 

атты  біздің  басты  қағидатымыз 

тарихтың  жаңа  жауапкершілікті 

орамында  жаңаша  үн  мен 

неғұрлым  терең  мағынаға  ие 

болатынына  менің  сенімім  мол. 

Баршаларыңызға  біздің  Отаны-

мызды бұрынғыдан да зор биікке 

көтеретін  жаңа  шыңдарға  қол 

жеткізуде табыстар тілеймін!

      Қадірлі халқым!

 

Біз 



Жалпыұлттық 

идея-


мыз - Мəңгілік  Елді  басты 

бағдар  етіп,  тəуелсіздігіміздің 

даму  даңғылын  Нұрлы  Жолға 

айналдырдық. Қажырлы еңбекті 

қажет  ететін,  келешегі  кемел 

Нұрлы Жолда бірлігімізді бекем-

деп,  аянбай  тер  төгуіміз  керек. 

Məңгілік  Ел - елдің  біріктіруші 

күші,  ешқашан  таусылмас  қуат 

көзі. 


Ол 

«Қазақстан-2050» 

Стратегиясының  ғана  емес, 

XXI 


ғасырдағы 

Қазақстан 

мемлекетінің мызғымас идеялық 

тұғыры!  Жаңа  Қазақстандық 

патриотизм  дегеніміздің  өзі 

-  Мəңгілік  Ел!  Ол - барша 

Қазақстан  қоғамының  осындай 

ұлы құндылығы.

       Өткен тарихымызға тағзым  

да, 


бүгінгі 

бақытымызға 

мақтаныш  та,  гүлденген  келе-

шекке сенім де «Мəңгілік Ел» де-

ген құдіретті ұғымға сыйып тұр. 

Отанды сүю - бабалардан мирас 

болған  ұлы  мұраны  қадірлеу, 

оны 


көздің 

қарашығындай 

сақтау,  өз  үлесіңді  қосып,  да-

мыту жəне кейінгі ұрпаққа ама-

нат  етіп,  табыстау  деген  сөз. 

Барша 


қазақстандықтардың 

жұмысының түпкі мəні - осы!

      «Мəңгілік  Ел»  идеясының 

бастауы  тым  тереңде  жа-

тыр. 

Осыдан 13 ғасыр 



бұрын  Тоныкөк  абыз «Tүркі 

жұртының  мұраты - Мəңгілік 

Ел»  деп  өсиет  қалдырған.  Бұл 

біздің  жалпыұлттық  идеямыз 

мемлекеттігіміздің 

тамыры 


сияқты көне тарихтан бастау ала-

тынын көрсетеді. Жалпыұлттық 

идеяны  өміршең  ететін - Елдің 

бірлігі.  Ауызбіршілік  қашқан, 

алауыздық 

тасқан 


жерде 

ешқашан 


да 

жалпыұлттық 

идеялар  жүзеге  асқан  емес. 

Қазақстанның  шыққан  шыңы 

мен бағындырған биіктерінің ең 

басты себебі - бірлік, берекесі.

Біз 

тұрақтылықты 



бағалай 

білгеніміздің  арқасында  бүгінгі 

табыстарға  жеттік.  Ешкімді 

кемсітпей,  ешкімнің  тілі  мен 

ділін 

мансұқтамай, 



барлық 

азаматтарға 

тең 

мүмкіндік 



беру  арқылы  тұрақтылықты 

нығайтып келеміз. Біздің кейінгі 

ұрпаққа  аманаттар  ең  басты 

байлығымыз - Ел  бірлігі  болуы 

керек.  Осынау  жалпыұлттық 

құндылықты  біз  əрбір  жастың 

бойына сіңіре білуге тиіспіз.

   2015 жыл - ұлттық  та-

рихымызды 

ұлықтау 


жəне 

бүгінгі  биіктерімізді  бағалау 

тұрғысынан  мерейлі  белестер 

жылы. 


Қазақ 

хандығының 

550 

жылдығын, 



Қазақстан 

халқы 


Ассамблеясы 

мен 


Конституциямыздың 20 

жылдығын,  Ұлы  Жеңістің 70 

жылдығын  атап  өтеміз.  Осы-

нау  тарихи  белестер  Жаңа 

Қазақстандық 

Патриотизмді 

ұрпақ жадына сіңіруде айрықша 

рөлге  ие.  Біз 2015 жылды 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

жылы  деп  жарияладық.  Елдің 

тұтастығы мен бірлігі, татулығы 

мен тыныштығы ең басты назар-

да.

    Ел  бірлігі - біздің  бар-



ша  табыстарымыздың  кілті. 

Тұрақты  дамудың  қазақстандық 

моделі бүгінде бүкіл əлемге үлгі. 

Тəуелсіздігіміздің 25 жылдық 

мерейтойын  жəне  халықаралық 

ЭКСПO-2017  көрмесін  табы-

сты  өткізіп,  еліміздің  əлеуетін 

əлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы 

сапарымыз  сəтті,  болашағымыз 

жарқын  болсын!  Баршаңызға 

«Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге 

асыруда табыс тілеймін!

    Мұнымен  қатар 226 -238 

шақырымдағы 

жолдың 

бойындағы 



қамыстар 

қар 


ұстамас 

үшін 


шабылған. 

Сондай-ақ 2012-2013 

шақырымдағы 

шыбықтарды 

жəне  барлық  жол  белгілерінің 

маңайындағы 

өсіп 

кеткен 


шөптерді жұмыскерлер қолмен 

шауып  шыққан.  Жол  бойла-

рына  жаңадан  жол  белгілері 

қойылған. 

Қазан 

айының 


ішінде  бөлімге  қарасты  тас 

жолдың екі жақ жиегіндегі өсіп 

кеткен  шөптерді  механизатор-

лар  МТЗ 82 көлігімен  шауып 

шыққан. 

   Амантоғай жол жөндеу бөлімі 

алдымыздағы  қысқа  сақадай 

сай,  техникалары  жөндеуден 

өткен, 

жанар-жағар 



май 

жеткізілген.  Қажетті  құралдар 

дайын, қыстық отын түсірілген.

Келесі  кезекте  «Аманкелді 

жолы» 

ЖШС 


директоры 

А.Амантай  хабарлама  жасады. 



Аудан əкімі

ҚЫС КЕЗІНДЕ ТЕХНИКАЛАР ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ЖАСАСЫН

Ол  мекемедегі  техникалардың 

күрделі  жөндеуден  өткенін  со-

нымен қатар, 1 жылы, 1 салқын 

гараждың  жөнделгенін,  қысқа 

қежетті  жанар-жағар  майдың 

тасып  алынғанын,  мекемені 

жылы ұстау үшін қысқы отынға 

40  тонна  шұбаркөл  көмірі 

қазан  айының  басында  тасып 

алынғанын  айтты.  Мекеме  бой-

ынша  қыста  жол  қызмет  жасай-

тын 2 К700А,  Т-150,  МТЗ-80, 

КамАЗ  техникалары  жəне  басқа 

да  қажетті  құралдардың  дайын 

тұрғанын айтты.

  «Жоламан»  ЖШС  директоры 

А.Таубаев та қыста жол қызметін 

көрсететін 

техникалардың 

жөндеуден  өткенін,  дайындық 

жұмыстары 

талапқа 


сай 

жасалғанын мəлімдеді. 

        Күн  тəртібінде  қаралған 

мəселені 

аудан 

əкімі 


Ж.Қ.Таукенов  қорытындылады. 

Ол 


аталмыш 

мекемелердің 

алдағы  қысқа  дайындықты  əлі 

де  тиянақтауы  керектігін  атап 

көрсетті.  Мəселен,  Амантоғай 

жол  пайдалану  бөлімінің  бас 

инженері  С.Бекқалиевке  «Газ-

52» 


автомашинасын 

қыста 


жол 

бойында 


пайдалануды 

қамтамасыз етуді атап көрсетті.  

      4  мекеме  бойынша  да  қыс 

кезінде  тұрақты  жұмыс  істеуді 

міндеттеді.  Өйткені,  қыстың 

аты – қыс!  Табиғат  мінезі  қатал 

əрі  тұрақсыз,  жылдам  өзгеріп 

отырады.  Сондықтан,  бұл  меке-

мелерге  əсіресе,  боранды  жəне 

аязды  күндері  өздеріне  қарасты 

бекітіліп  берілген  жол  бойында 

техникалардың  сынып,  тоқтап 

қалмауын,  адамдардың  көмекке 

зəрулігінің алдын алуды тапсыр-

ды. Сол сияқты, боранды, қатты 

аязды  күндері  жолдарды  жіті 

қадағалап отыруды міндеттеді.   

    Аудандық жолаушылар көлігі 

жəне  автомобиль  жолдарының 

басшысы 


Р.М.Қайырбековке 

жол  мекемелерінің  қыс  кезінде 

тиянақты 

жұмыс 


істеуін 

қамтамасыз  етуді  жəне  олардың 

жұмысын  жіті  бақылауды  тап-

сырды. 


   Аппараттық кеңесте аудандық 

мəслихат  хатшысы  Ə.Қ.Саматов 

аталмыш жол мекемелеріне жол-

дарды  дұрыстап  ашуды  жолға 

қоюды  сұрады.  Ол  осы  уақытқа 

дейін  бұл  мекемелер  қыста  жол 

аршыған  кезде  асығыстық  жа-

сайтынын,  жол  бойын  тегістеп, 

толық  тазаламайтынын  атап 

көрсетті.  Əр  ауылға  баратын 

жолды 2-3 сағат емес, бірер күн 

бойы  тазалап,  тиянақтап  отыру-

ды ұсынды. 

    Аудан  əкімі  Ж.Қ.Таукенов 

мəслихат 

хатшысының 

ұсынысын 

қолдап, 


жол 

мекемелерінің 

басшыларына 

сыннан  қорытынды  шығаруды 

міндеттеді. 

 -  Биылғы  қыс  туралы  алдын 

ала  бірнеше  болжаулар  бар. 

Ал  жаздың  қалай  өткені  ау-

дан  халқына  мəлім.  Шілде-

тамыз  айларында  күн  қатты 

ысығаны  белгілі.  Болжам  бой-

ынша  алдымыздағы  қыста 

аяз 43 градусқа  дейін  барады 

деген  сөз  бар.  Əрине,  мұның 

қаншалықты  растығын  уақыт 

көрсетеді.  Бірақ  қысқа  жан-

жақты  əзір  болуымыз  керек. 

Əсіресе,  жолдардың  қызметін 

мүлтіксіз  жүзеге  асыру  шарт. 

Ешкім  далада  қалып  қоймауы 

керек. Сынған, бұзылып далада 

қалған техникалар болса, оларға 

дер  кезінде  көмек  беріп,  адам-

дарды  далада  қалдырмауымыз 

керек.  Сол  үшін  қыс  кезінде 

жол мекемелері басшылары да, 

мамандары мен жұмысшылары 

да 


зор 

жауапкершілікпен 

жұмыс жасаулары шарт. Əлі де 

уақыт бар. Техникаларды қайта 

тексеріп,  жөндеуден  өткізіп 

алу керек. Өйткені қыс кезінде 

барлық  техникалар  тұрақты 

жұмыс  істейтін  болуы  шарт! - 

деді аудан əкімі.

  Кеңесте  бірқатар  ағымдық 

мəселелер де қаралды.

(

Басы 1-бетте. Жалғасы 4-бетте)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ЖАҢА  ЭКОНОМИКАЛЫҚ  САЯСАТЫ



4

amangeldy-arai@

mail.ru

№ 45  (7635)

14 қараша 2014 жыл

Аудан əкімі

   Аппараттық кеңесте аудан əкімі Ж.Қ.Таукенов 2016 

жылы Торғай көтерілісіне 100 жыл толатынын, осы 

ғасырлық тарихи оқиғаны бүгінгі уақыт талабына сай 

деңгейде атап өтуді алға қойды. Ол өз сөзінде: «Бұл 

– тек бір ғана Амангелді-Əбдіғапар аталарымыздың 

емес, барлық ата-бабаларымыздың ерен ерлігі бола-

тын! – деп атап көрсетті. 

    Шынында  да  бұл  орталықтан  шалғайда  жатқан 

халқымыздың  патшалық  езгіге  қарсы,  теңсіздікке 

қарсы  жасаған  күш-қайраты  болатын.  Сондықтан 

да,  оны  жоғары  деңгейде  атап  өту – уақыт  талабы. 

Өйткені  ол,  жас  ұрпақты  өз  Отанын  сүюге,  оның 

мəңгілік  ел  болып  өмір  сүруіне  тиісті  үлестерін 

қосуға  қалыптастырады.  Ал  тұңғыш  Елбасымыз - 

Ұлт  Көшбасшысы  Н.Ə.Назарбаев  «Мəңгілік  Ел» 

мұратын  алға  қойған  қазіргі  сəтте  де  бұл  тарихи 

оқиғаның орны ерекше. 

    Аудан  əкімі  орынбасары  С.У.Хайруллинге  осы 

ғасырлық  тарихи  оқиғаға  қатысты  дайындық 

жұмыстарын  қазірден  бастап  жүргізуді  міндеттеп, 

тиісті  тапсырмалар  берді.  Өйткені,  əне-міне  деген-

ше уақыт өте шығады. Ерте əзірленсек – көп шаруа 

өзінің ретімен орындалатын болады.



(Соңы. Басы 3-бетте)

  2014 жылдың 11 

қарашасы  күні  сағат 10-

да 


«Шұғыла» 

жастар 


демалыс 

орталығының 

жанындағы  «Ерлік  даңқы» 

ескерткішінің 

алдында 

Отан  алдындағы  парызын 

өтеуге бара жатқан жастар-

ды  салтанатты  шығарып 

салу рəсімі өтті. 

 

Рəсімге 



жиналған 

жұртшылықты 

аудан 

əкімінің 



орынбасары 

С.У.Хайруллин  құттықтап, 

болашақ жас сарбаздардың 

қадамына  сəттілік  тіледі. 

Отан  алдындағы  борыш-

тарын  абыроймен  орын-

дап  қайтуға  тілектестігін 

білдірді. 

   Келесі кезекте аудандық 

қорғаныс  бөлімінің  бас-

шысы 

С.С.Аймұханов, 



ата-ана 

Қ.Алтынбаев 

əскер 

қатарына 



бару-

шы  И.Тоқсейітов          сөз 

сөйлеп,  алғашқы  екеуі 

жастарға  ақ  жол  тілесе, 

əскер  қатарына  барушы 

азамат  аудан  халқының 

өздеріне 

көрсеткен 

сенімдеріне  сай  борышта-

ТОРҒАЙ ҰЛТ АЗАТТЫҚ 

КӨТЕРІЛІСІНІҢ 100 

ЖЫЛДЫҒЫНА ЛАЙЫҚТЫ 

ӘЗІРЛЕНЕЙІК

Отан қорғау – ұлы парыз

Ә С К Е Р   Қ А Т А Р Ы Н А   Ш Ы Ғ А Р Ы П   С А Л Д Ы

рын  абыроймен  атқарып 

қайтатындықтарына  сенім 

білдірді. 

    Жас  сарбаздарға  еңбек 

ардагері  Б.Нұрсейітұлы  ақ 

бата берді. 

        Əскер  қатарына    бұл 

жолғы  бара  жатқан  сар-

баздар  ерекше  қуаныш 

үстінде. 

Себебі 

олар 


ауданымыз 

бойынша 


алғаш  рет  шекара  күзеті 

қызметіне  аттанып  бара-

ды. Бұл  - əрине зор сенім! 

Олардың  ғана  қуанышы 

ғана емес, аудан халқының 

да  қуанышы.  Отан  шека-

расын  күзету – кез-келген 

сарбаздың  еншісіне  тие 

бермейді.  Шекара  күзеті - 

аса  абыройлы  қызмет!  Біз 

жас  сарбаздардың  даңқты 

Амангелді атамыздың ерлік 

дəстүріне  сай  азаматтық 

борыштарын 

адал 

əрі 


жоғары  деңгейде  орындап 

қайтатынына сенеміз. 

 

 

Суретте: 



əскер 

қатарына  аттанып  бара 

жатқан  ауданымыздың 

бір топ жас сарбаздары.

Өз тілшіміз.

Суретті түсірген автор.

  2014 жылы  қарашаның 

8-і  күні  сағат 15.00-де 

Қазыбек Əбенов атындағы 

аудандық 

мəдениет 

үйінде  музыка  өнерінің 

қара  шаңырағы - музыка 

мектебінің 40 жылдығына 

арналған 

концерттік 

бағдарлама өткізілді. 

 

 

Бірталай 



жанның 

өнерін  ұштап,  біліммен 

сусындап, 

қанаттарын 

қатайтып,  өнер  айдынын-

да  қалықтауына  демеу 

болған,  талай  таланттың 

көзін  ашқан,  əн  мен 

күйге,  жалпы  музыка 

өнеріне  ғашық  қылған, 

өнерпаздардың 

алтын 


ордасы - Аманкелді 

аудандық 

музыка 

мектебінің  ашылғанына 



биыл 40 жыл толып отыр. 

    Осындай айтулы мере-

кеге  қуаныштарын  бірге 

бөлісуге музыка мектебіне 

өзіндік 

қол 


таңбасын 

қалдырған  Қазақстанның 

əр  аймағында  жүрген 

бірқатар  аға-апаларымыз 

Қ У А Н Ы Ш Т Ы   Б І Р   К Ү Н 

НЕМЕСЕ АУДАНДЫҚ МУЗЫКА МЕКТЕБІНЕ 40 ЖЫЛ

арнайы келді.

    Мереке салтанатты түрде 

ашылып, халық залға лық 

толды. 


Көрермендердің 

көңіліне  қуаныш  ұялап, 

дəн риза болды. 

      Аудан  əкімі  Ж.Қ.Тау-

кенов  мектеп  ұжымын 

мерекелерімен құттықтап, 

оларға 

ризашылығын 



білдірді. 

   Əн кеші 2 бөлімнен бол-

ды.  Алғашқы  бөлімінде 

оркестрмен  күмбірлеген 

күйлер 

ойналып, 



халық  əні  «Бипылды» 

А.Қабсалықова тамылжы-

та шырқады. 

 

 



Е.Брусиловскийдің 

«Шолпанын» қобызшылар 

ансамблі 

орындаса, 

Н.Тілендиевтің «Туған ел» 

əнін  Ə.Мұхамбетжанова 

шырқады. 

Дуэт 


Белғажиналар 

«Ақ 


қайыңдарды» 

орындап, 

көрерменді  серпінтіп  та-

стады.  Қ.Деріпсалдиннің 

«Ер 

Жəнібек» 



əнін 

Серік  Бабахан  орында-

са,  Бүйректалдан  келген  

домбырашылар  ансамблі 

«Секіртпе» 

күйін 


күмбірлетті.    

      Аталмыш 2-ші  бөлімде 

«Адай», «Желдірме» 

күйлері 


оркестрмен 

орындалса,  жас  əншіміз 

А.Садуақас  «Аққу  сезім» 

əнін  тамылжыта  орын-

дады. 

Ж.Темірова 



өз 

шығармашылығынан  «Ақ 

шағала», «Сол  күндерді 

сағындым» əндерін орын-

дады. 

    Сонымен  қатар  сиясы 



кеппеген  «Қостанай»  əні 

шырқалып, 

концерттің 

соңын 


Х.Мұсабаевтың 

сөзіне 


жазылған 

Ж . Т е м і р о в а н ы ң  

«Туған  жер»  əнін  бар-

ша  өнерпаздар  хормен 

аяқтады.  Айтулы  мереке 

ел көңілінен шықты деген 

сенімдеміз! 

Əнет ЖҰМАБЕК

Суретте: мерекелік 

сəттен көрініс.

Өнер өлкесінде

    2014 жылдың 11 қарашасы  күні  сағат 

18-де  Қ.Əбенов  атындағы  мəдениет 

үйінің сахнасында Ерсайын Төлеубайдың 

«Мұңмен  жалғыз  алысқан  адам»  атты 

спектаклі қойылды.

 Спектаклдің арқауы - өткен ХХ ғасырдың 

20-30-шы  жылдарында  елден  қуғын-

сүргінге байланысты Францияның астана-

сы Парижге қоныс аударған Асан қарттың 

жасы  ұлғайғанда  жатса-тұрса  да  туған 

жерді сағынып, аңсауы. Асан қарттың за-

йыбы  Қоңырбүбі  Париж  қаласында  жер-

ленген.  Екі  ұлы,  екі  келіні  жəне  бірнеше 

немересі бар, тұрмысы жақсы. Не ішейін, 

не жейін демейді. Бəрі бар. Алайда, Асан 

қарттың  көңілін  алаңдататын  нəрсе – ол 

сонау  жырақта  қалған  туған  елі – Қазақ 

даласы! Оның туған жері – Қызылорда об-

лысы. 


    Асан  қарт  балаларына  қазір  жағдай 

түзелген, қуғын-сүргін жоқ, шетте жүрген 

қазақтар  Қазақстанға  барып  жатыр,  біз 

де  қайтайық! - дейді.  Бірақ  үлкен  ұлы 

əкесінің бұл тілегіне мүлде қарсы. Ол Па-

рижден  кеткісі  келмейді.  Үлкен  бизнесін 

ақсатпауды  ойлайды.  Алайда  екінші  ұлы 

мен Асан қарттың немересі қарияның алаң 

көңілін басуға құрақ ұшады. Үлкен ұлдың 

келіншегі  болса,  ол  да  екіұдай  сезімде. 

Олардың  ұлы  қазақ  қызына  үйленетін 

болып,  Қазақстанға  оралмақ.  Баласының 

қамын  жеген  келіншек  Қазақстанға 

барғысы келеді. Бірақ күйеуі үзілді-кесілі 

қарсы болады. 

   Сонымен не керек, Асан қартты немересі 

мен  екінші  ұлы  жəне  оның  əйелі  қолдап, 

Парижден  Қазақстанға  ұшып  келеді. 

Түркістанда  болады.  Сол  жерде  бір  кей-

уана  жігітпен  кездесіп,  əңгімелеседі. 

Өмірден түңілуге айналған ол өз елін жа-

мандай  бастайды.  Сол  кезде  Асан  қарт 

оған: «Қарағым,  еліңді  жамандама!  Елді 

Театр

«МҰҢМЕН ЖАЛҒЫЗ АЛЫСҚАН АДАМ»

ж а м а н д а ғ а н 

–  дұрыс  бол-

майды!» - деп 

ақыл айтады. 

 

Түркістан 



қандай 

жер 


болса  да,  сон-

да 


қалуға 

б е к і н е д і . 

Сөйтіп, 70 

жылдай 


ше-

телде  болған 

Асан  қарт  бір 

б а л а с ы м е н , 

келінімен жəне 

немере сімен 

т у ғ а н 

Қ а з а қ с т а н ғ а 

оралады.  Үлкен  ұлының  баласы  қазақ 

қызына  үйленіп,  ол  да  келуге  ниет 

білдіреді. Оның шешесі - Француз қызы 

ол да оралмаққа ниет етеді. 

      Спектакль  соңында  көңілге  үміт  оты 

ұялайды.  Себебі  Асан  қарттың  бірінші 

ұлы  да  ата-жұртына  оралатынына  сен-

гендей боласың.

   Ақсақал Парижде тұрса да өмір бойы 

туған  елін  аңсаумен  ғұмыр  кешеді. 

Ақыр  соңында  Алла  жазып,  туған  жер-

ге жетеді. Əрине, Асан қарттың тағдыры 

кім-кімді  де  ойландырады.  Бей-жай 

қалдырмайды.  Оның  бейнесі  шет-

жұртта жүрген өзге бауырларымызға да 

ой түсірері анық. 



Г.ЖҰМАДІЛДƏҚЫЗЫ.

Суреттерде: спектакльден 

көріністер.

АПТА ТЫНЫСЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет