Аманкелді аманкелді



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата30.12.2016
өлшемі1,74 Mb.
#796
1   2   3   4   5

5

amangeldy-arai@

mail.ru

№ 45  (7635)

14 қараша 2014 жыл

    ..Неге  екенін  білмеймін 

жақында  ол  менің  түсіме 

енді.  Құдды  өңімдегідей. 

Жүзінен 

нұр 


төгіліп, 

маған  мейірлене  қарайды. 

Сəлем 

берейін 


десем, 

қуанғанымнан  ба,  дауысым 

шықпайды.  Есесіне  оның 

дауысы  саңқ-саңқ  етеді. 

«Сəбитжан,  сен  менің  өзіңе 

артқан  үмітімді  ақтадың!» - 

дейді.

  Риза  болғаным  сондай, 



көңілім  алып-ұшып  оянып 

кеттім.  Көздерімнен  аққан 

жасқа ие бола алмадым.

 

Қайран, 



Бейсенбек 

нағашым!


   Мен үшін басын тауға да, 

тасқа  да  соғып,  қолынан 

келгеннің  бəрін  жасаған 

жайсаңым 

еді-ау! 

Əке-


шешемнен  де  бетер  болып, 

туғанымнан  тілегімді  тілеп, 

азамат болып қалыптасуыма 

кім  ондай  ерекше  ықпал 

етті?!  Кім  ондай  жағдай 

жасады?! 

Неге 

екенін 


білмеймін, марқұм мен үшін 

неге де болса дайын еді.

    Ол  аяулы  анам  Мағрипа-

ның  соңынан  ерген  туған 

інісі 

еді, 


менің 

туған 


нағашым  еді.  Өмірімде  дəл 

ондай  нағашы  бола  білген 

жанды 

көрген 


емеспін. 

Дұрысында  туған  бауырым-

дай,  ағамдай  еді.  Əкем  мен 

шешемді  керемет  сыйлай-

тын.  Аймұхан  балаларының 

тұңғышы 


болғандықтан 

мен  Бейсекеңе  ерекше  ер-

келеп,  үйінде  өстім.  Оған 

қарап бой түзедім. Етек-жеңі 

кең,  көңілі  баладай,  пейілі 

даладай  кісі  еді. 75-ке  иек 

артқан  осы  жасым  ішінде 

мен  туған  жерімде  ондай 

білімді,  парасатты,  мінезге 

бай  кісіні  көрген  жоқпын. 

Орыс  тілін  қайдан  үйреніп, 

меңгергенін  білмеймін,  өте 

шебер  сөйлейтін.  Абайдың, 

Пушкиннің, 

Есениннің, 

М а н д е л ь ш т а м н ы ң , 

Пастернактың, Ахматованың 

өлеңдерін  жəне  сол  кезде 

жап-жас  жігіт  өзіміздің  Ол-

жас Сүлейменовтің «Адамға 

табын,  жер  енді»  поэмасын 

жатқа  оқитын.  Нағашым 

осыбір  қасиетімен  қайран 

қалдыратын.

    Ол  кезінде  Аманкелді 

аудандық 

комсомол 

комитетінің  бірінші  хатшы-

сы,  аудандық  «Социалистік 

шаруа»  газетінің  жауапты 

редакторы,  аудандық  атқару 

комитеті 

төрағасының 

бірінші  орынбасары  секілді 

қызметтерді  үлкен  абырой-

мен атқарды.

      Білімділігі,  тəжірибесінің 

молдығы  сондай,  ол  Тың 

өлкесі кезінде өлкелік партия 

комитетінің  бірінші  хатшы-

сы  Соколовты  қатты  сынға 

алды.  Бейсенбектің  сондағы 

айтқан  сыны: «Қазақтың 

құнарлы 


жерін 

жаппай 


жыртып, 

тозғыншылыққа 

ұшырату  дұрыс  емес.  Егін 

егуге 


лайықты 

жерлер 


ғылыми 

тұрғыда 


əбден 

зерттеліп,  анықталуы  керек. 

Ал  сіздер  мұны  ескермей 

отырсыздар. 

Екіншіден, 

Қазақстан  тыңын  игеруге 

түрмеде  отырғандар  мен 

маскүнемдерді 

қаптатып 

əкелдіңіздер.  Олар  біздің 

елімізге мəдениет пен инабат 

əкелудің  орнына  бұзақылық 

пен  маскүнемдікті  əкелді. 

Олар  бұрын  арақ  ішуді 

қасірет  деп  білген  қазақ 

халқына осы жаман əдеттерді 

үйретті.  Сіздер  осы  жағын 

тереңірек 

ойланыңыздар. 

Егер мұндай өрескелдіктерге 

тиым 

салынбаса, 



оның 

Ел ағасы, соғыс ардагері Бейсенбек Əбеновтің туғанына - 90 жыл

ЕЛ ҚАМЫН ЖЕГЕН ЕР ЕДІ

ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ

Сəбит ДОСАНОВ,

М.Шолохов атындағы Халықаралық жəне 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 

сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның еңбек 

сіңірген қайраткері 

қазақтың  елі  мен  жеріне 

жамандық  əкелері  сөзсіз. 

Сондықтан мен сізден біздің 

ұлттық 

менталитетімізге 



олардың зияны тимеуіне на-

зар аударуыңызды сұраймын. 

Қазақ  жері  жамандықтың 

емес, 


жақсылықтың, 

цивилизацияның 

ұясына 

айналуы  керек.  Біз  сізден 



осыны талап етеміз!» - деген 

сөздер болатын.

    Белгілі жəйт, оның сөздерін 

Соколов  ұнатпады.  Өлкелік 

партия  комитетінің  плену-

мында үндемегенімен, кейін 

Бейсекеңді  қырына  алды. 

Аудандық атқару комитетінің 

төрағасы  болғалы  тұрған 

оны  «Тасты»  совхозына  ди-

ректор  етіп  төмендеттіріп 

жіберді.  Ұзамай  Соколов 

өзі  кетті.  Ал  Бейсекең  бол-

са  «Тасты»  совхозын  тың 

жерден  құрып,  тасын  өрге 

домалатты.  Оның  іскерлігін 

көрген  аудан  басшылары 

1963  жылы  ауданның  қиыр 

шығысындағы Жыланшықта 

құрылғалы жатқан «Родник» 

совхозына тағы да директор 

етіп  жіберді.  Ол  мұнда  да 

жаңа  совхозды  аз  уақыттың 

ішінде  тік  тұрғызды.  Бірақ, 

1964 – Қоян  жылының 

сұмдық 


қысы 

үлкен 


ауыртпалық  əкелді.  Жылқы 

қырылды.  Аудан  басшы-

лары  жаманды  жасырудың 

орнына,  оны  үрлеп  асыр-

ды. 

Айғай-шу 



облысқа, 

Қостанай облысының бетіне 

жан  қаратпайтын  бірінші 

басшысы  А.М.Бородиннің 

өзіне  жетті.  Андрей  Михай-

лович  Бейсекең  басқарып 

отырған  «Родник»  совхо-

зына  обкомның  көшпелі 

бюросын  өткізуді  шешті. 

Сонымен 


олар 

ауданға, 

одан 

шалғайдағы 



«Род-

никке» 


ұшақпен 

ұшып 


келді.  Қалыптасып  отырған 

жағдайды  көздерімен  көрді. 

Атын  ұмыттым,  облыстық 

ауыл 


шаруашылығы 

басқармасының  сол  кездегі 

басшысы,  орыс  азаматы  Бо-

родинге: «Андрей Михайло-

вич,  жылқының  қырылуына 

Бейсенбек 

Абеновичтің 

ешқандай  кінəсі  жоқ.  Бұл 

Құдайдан болған апат деп сұқ 

саусағымен  аспанды,  сосын 

үздіксіз  жауған  жаңбырдан 

мұз  болып  қатқан  шөп  ба-

сын  көрсетеді.  Обкомның 

былайғы  бюро  мүшелері 

де  оның  сөзін  бірауыздан 

қолдайды.  Ал  Бородин  бол-

са  біраз  ойланып,  бұршақ 

болып  қатқан  өсіп  тұрған 

шөп басын өз көзімен көріп, 

орынды  айтылған  жауапқа 

тоқтайды.

    Енді Бородин Бейсекеңмен 

əңгімелеседі. 

Оның 


орыс  тілінде  өте  шебер 

сөйлейтініне таң қалады. Ол 

түнде Бейсекең үйіне қонады. 

Екеуі түні бойы əңгімелесіп, 

рахат  бір  күй  кешеді.  Алы-

ста 


жатқан 

совхоздың 

қарапайым 

директорынан 

мұндай 

білімдарлықты, 



жан 

тазалығын 

көрген 

А.М.Бородин таңертеңгі шай 



үстінде:

 - Бейсенбек  Абенович, 

екеуміз  дос  болайық!  Сен 

менен  тұп-тура 12 жас  кіші 

екенсің.  Жылдас  екенбіз. 

Екеуміздің  дене  бітіміміз  де 

бірдей  екен,  кел,  тондары-

мызды  айырбастап  киейік. 

Менің  тонымды  киген  сай-

ын  сен  мені  есіңе  ал,  сенің 

тоныңды  киген  сайын  мен 

сені есіме алайын! – дейді.

    Бейсекең оның сөзіне еш 

қарсылық білдірмейді.

 - Андрей  Михайлович, 

мұныңыз  мен  үшін  өте 

қуанышты 

оқиға! 


Сізге 

қайдам,  маған  үлкен  сенім 

ұялатады. Сіз сияқты биікке 

көтерілсек,  несі  айып?! – 

дейді.

 - Құдай  қаласа,  сен 



обкомның  бірінші  хатшысы 

түгіл,  Қазақстанның  бірінші 

хатшысы 

болуға 


лайық 

қазақсың! – дейді Бородин.

      Содан былай екеуі дос бо-

лып  кетеді.  Қызметінен  бо-

сатамын, қатаң жаза беремін 

деп келген обкомның бірінші 

хатшысының  мына  қылығы 

талайды естен тандыра жаз-

дады.

 

Асыл 



əкем 

марқұм 


Аймұқан  айтатын: «Сəбит, 

Аманкелдіге келген орыстың 

бəрі  келесі  күні  Бейсенбек 

нағашыңмен 

құшақтасып 

бірге  жүреді.  Не  пəлесі  бар 

екенін  білмеймін.  Əйтеуір 

адам  алуға  мұндай  шебер 

адамды көрмедім» - деп.

    Расында  қайран  Бейсекем 

жаратылысы  бөлек  кісі  еді. 

Ол адам баласымен ренжісу 

дегенді 

əсте 


білмейтін. 

Жұрттың  бəрін  бауыры-

на  тартатын.  Достары  өте 

көп  болатын.  Үйінен  кісі 

үзілмейтін.  Дастарханы  жи-

ылмайтын.

    Ол небəрі 39 жас жасады. 

Енді ойлап отырсам марқұм 

тіптен  қыршын  кеткен  екен. 

Осы 39 жылдың 4 жылға 

жуық  уақыты  Ұлы  Отан 

соғысында  өтті.  Ол  соғыста 

ерліктің  сан  рет  тамаша 

үлгісін көрсеткен. Əттең, сол 

ерліктері еленбей қалған. 

    Ол  аудандық  атқару 

комитетінде 

төрағаның 

орынбасары  болып  жүрген 

кезінде  сессиялар  мен  пле-

нумдарда, басқа да жиналы-

старда  сөйлейтін  сөзін  өзі 

жазатын.  Орысша  сөйлеу 

керек болса, орыс тілінде жа-

зып  шығатын.  Қарауындағы 

қызметкерлерге 

баянда-

мамды  жазып  бер  деп 



салмақ  салмайтын.  Қазір 

ойлап  отырсам,  оның  бұл 

қасиетінің өзі қазіргі билікте 

жүрген  жас  азаматтарға  та-

маша өнеге екен ғой.

. ..Əлі 


есімде, 1965 

жылдың  қаңтар  (январь) 

айының 4 жұлдызынан 

5-ші  жұлдызына  қараған 

түн.  Біз  Бейсекең  екеуміз 

Өскеменнен  Алматыға  бірге 

ұшып  келе  жатқанбыз.  Са-

лонда 78 адам  болдық. 

Менің  орным 77-ші  орын 

еді.  Бейсекең 73-ші  орын-

да 

отырған. 



Ойымыз-

да  ештеңе  жоқ.  Шығыс 

Қазақстан  облыстық  атқару 

комитетінің  төрағасы,  досы 

Бəкіжан  Төртқаринге  бір 

шаруамен 

барған 

едік. 


Ұшағымыз 

Алматыға 

қонуға  таяп  қалған.  Кенет 

жантүршігерлік 

салдыр-

күлдір  болды.  Ар  жағын 



білмеймін. 

Көзімді 


аш-

сам  жерде  жатыр  екенмін. 

Қасымда  дəрігерлер  мен 

медбикелер  жəне  үкімет 

адамдары жүр.

  -  Тірімісіз? – дейді.

    Басымды  изеймін.  Дауы-

сым  шықпайды.  Естанды 

халдемін.  Есімді  ауруханада 

жиғанда  аузымнан  бірінші 

шыққан сөз:

 -  Бейсенбек  Əбенов  де-

ген  кісі  аман  ба? – деген 

екенмін...  

    Олар  болса  үндемеді. 

Менің  сөзімді  естімеген 

кейіп  танытты.  Ал  мен 

болсам  қайтадан  естен  та-

нып, 

жатып 


қалыппын. 

Егер  нансаңыздар,  сол 78 

жолаушыдан  жалғыз  аман 

қалған 77-ші  жолаушы  мен 

екенмін.  Жұрт  «Сəбитпен 

бірге  бір  орыс  кемпірі  аман 

қалыпты»  деп  қауесет  та-

ратып 


жүрген 

көрінеді. 

Ол  өтірік.  Аллатағаланың 

ерекше  алқауымен  жалғыз 

аман  қалған  мен  ғана. 

Мен  сонда 24 жаста  едім. 

Мүшелден 

шығуыма 


небəрі 7 күн    ғана  қалған. 

Сөйтіп мен 25 жасқа толған 

туған  күнім - 12 қаңтарды 

Алматыдағы  Үкіметтік  ау-

рухана  төсегінде,  өлі  мен 

тірінің  арасында  қарсы  ал-

дым. Есімді жиған соң көпке 

дейін  нағашымды  ойлап, 

еңіреп  жылаумен  болдым...  

Бұл – мен көрген ең алғашқы 

сойқан  апат  болатын.  Бұдан 

кейін  де 6 рет  ажалдан 

қалдым. Сол соққыдан кейін 

көрген  сұмдық  соққым  ол 

–  жанымнан  артық  көретін 

кенже  ұлым  Даниярым-

нан  айрылу  болды.  Мен 

Бейсекеңнен 

айрылған 

соққыны  аспанда  көрсем, 

Даниярымнан айрылған ала-

патты  қара  жердің  үстінде 

көрдім.

    Бірі - туған нағашым еді...



    Бірі - туған балам еді...

  Жан  басқа  болған  соң 

сүйретіліп,  жүріп  жатқан 

жайым бар...

     Адамның қолынан ажалға 

қарсы не келеді..?

      Алланың дегені болады.

      Мен  алғаш  Бейсекемнен 

айрылғанымда 

қасымда 


əке-шешем  бар  еді.  Солар 

сүйеу  болды.  Соларды  арқа 

тұттым.

 

Ал 



Даниярымнан 

айрылғанымда 

қасымда 

аяулы  жарым,  қазақтың 

қайраткер  қызы  Құралайым 

мен сүйенішім, жанбауырым 

Ғабитім  мен  келінім  Жан-

на  болды,  халқым  болды. 

Елімнің асыл тұлғалары бол-

ды.  Даниярымнан  айрылу 

-  менің өмірімді мүлде басқа 

арнаға  салды.  Бұл  қайғыны 

ешкімнің басына бермесін – 

деп тілеймін.

   Бұл күнде Иманжүсіп ата-

мыз  айтқандай  «Сыртым – 

сау,  ішім – ауру».  Ойымнан 

Даниярыммен  қатар  Бейсе-

кем  де  бір  шықпайды.  Оны 

қалай ұмытармын?

 

Қайран, 


Бейсекем! 

Менің  ғана  емес,  елінің 

маңдайына  сыймай 39 жа-

сында құйрықты жұлдыздай 

ағып  түскен  нар  тұлғалы 

нағашым!


    Аллатағала  иманыңнан 

жарылқасын! Саған қазір де 

жаратқан иемізден о дүниенің 

барлық 


жақсылығын 

тілеуден 

жалықпаспын. 

Сен  қайтыс  болғалы  да 50 

жыл  болғалы  тұр.  Осы 50 

жылда  еліңнің  де,  менің  де 

басымыздан  көптеген  жай-

лар  өтті.  Бірақ  елің  де,  біз 

де  сені  ұмытқан  жоқпыз! 

Əрқашан 


жадымыздасың! 

Өз  басым  саған  еліктеп 

өстім.  Қолымнан  келгенше 

өзің  сияқты  еліңнің  адал 

перзенті  болуға  тырыстым. 

Біз  өз  ұрпақтарыңмен  қатар 

сені  ешқашан  есімізден 

шығармай, 

қашан 

бұл 


дүниеден  өткенше  ардақтап 

өтетін  боламыз.  Сенің  еліңе 

сіңірген еңбегіңді Аманкелді 

ауданының  халқы  əрдайым 

құрмет тұтады деп сенемін. 

    Ауданымыз  бойынша 

қазір екі ғана соғыс ардагері 

қалғанын 

аманкелділіктер 

жақсы біледі. Бұл кісілердің 

екеуі  де  құрдас. 1926 жылы 

туғандар.  Осы  екеудің  бірі 

–  егіздің  сыңары  Ертай 

Мұқанұлы.  Өзінің  айтуын-

ша  өмір  бойы  мал  бағып, 

зейнеткерлікке 

шыққан. 

Əңгімелесе  қалып,  жағдай 

сұрасаң, ойланбастан:

  -  Тамаша! – дейді.

    Содан  да  жерлестері  оны 

«Тамаша» атап кеткен.

 - Мен, - дейді  Ерекең

-  өмірі  көрмеген  қызық 

пен  жақсылықты  еліміз 

Тəуелсіздігін 

алғаннан 

былай 


көріп 

келемін. 

Мемлекетіме,  Президентім 

Нұрсұлтан 

Назарбаевқа 

жəне  аудан,  облыс  басшы-

ларына  шексіз  ризамын! 

Кешегі 


жалбыр 

тонды, 


жарғақ жалбағайлы Ертайды 

мұндай бақытқа кенеледі деп 

кім  ойлаған?!  Мемлекетім 

маған  мол  жақсылық  жасап 

отыр.  Соғысқа  қатыстың 

деп  мол  пенсия  берді.  От 

жағып,  күл  шығармайсың 

деп - өзі  жылитын  əдемі 

үш  бөлмелі  үй  берді.  Жыл 

сайын  курорт,  санаториге 

тегін  жолдама  береді.  Жеңіс 

күні,  Қарттар  күні  жасап 

жатқан  жақсылықтар  да 

қанша ма?! Түк сауаты жоқ, 

жетім-жарлы  өсіп,  бейнет-

тен  белі  босамаған  Ертай 

пенсияға  шығып, 30 жыл-

дан бері, Тəуелсіздік алғалы 

23  жылдан  бері  рахатқа 

кенелуде. 

Мемлекетіме 

айтар  алғысымды  сөзбен 

айтып  жеткізе  алмаймын. 

Қазақстанда 

Елбасы-

ма  шексіз  риза  бір  соғыс 



ардагері болса, ол – менмін!

Аллатағалаға 

шексіз 

шүкіршілік! Ондай əділ, он-



дай мейірімді ешкім де жоқ! 

60 жыл өмірі еңбекпен өткен 

мені  аяп,  ұзақ  та  қызықты 

ғұмыр берді. 

  Тəуелсіздіктің дəмін татып, 

дəуренін  сүріп  жатырмын. 

Менің  жас  ұрпаққа  айта-

рым: «Сендер тəртіпті, адал, 

абыройлы  азамат  болыңдар! 

Ерінбей 


еңбек 

етіңдер! 

Бос 

жүргендерің 



ата-

бабамыздың  ардақты  кəсібі 

–  төрт  түлікті  бағып,  оның 

қызығын көріңдер! Еңбексіз, 

бейнетсіз – ешқандай 

жақсылық  болмайды. Мен 10 

жасымнан бастап колхоздың 

қозысын  бақтым. 16 жа-

сымнан  қой  бақтым.  Одан 

18  жасымда  соғысқа  бар-

дым.  Тірі  қаламын  дегенім 

жоқ.  Бірақ  Аллатағала  мені 

жауып  тұрған  оқтан,  жа-

нып  жатқан  оттан  сақтады. 

Жеңіс күнін Берлинде қарсы 

алдым.  Халық  қаһарманы 

Рақымжан  Қошқарбаевпен 

бір  ротада  болдым.  Оның 

Рейхстаг  қабырғасына  Туды 

қалай тіккенін көзіммен көру 

бақытына ие болдым.

      Қазір  заман  басқа!  Өмір 

мүлдем 

өзгеріп 


кеткен. 

Қайран  қаламын.  Мұнан 

артық  қандай  жақсылық  бо-

луы  мүмкін?!  Жер  бетіндегі 

жұмағың осы емес пе?!

    Біздің  Қазақстанымыздың 

гүлденіп  дамуы – əуелі 

Алланың,  сосын  кемеңгер 

Елбасымыз 

Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  арқасы!  Кеше 

МАЙДАНГЕР ТІЛЕГІ

Жолдауын  тыңдадым.  Не 

деген көрегендік?! Не деген 

данышпандық?! 

Халқын 


əлемдік  дағдарыстан  алып 

шығудың  жолдарын  қалай 

дəл белгілеген. Кезінде ақын 

Ғафу Қайырбековтің «Біздің 

Елбасы  тек  Қазақстанды 

ғана  емес,  бүкіл  əлемді  де 

жақсы  басқара  алады»  де-

ген  еді.  Осыбір  асыл  сөздің 

шындыққа  айналғанын  да 

көзімізбен  көріп  отырмыз. 

Қазір  əлемдегі  барлық  Пре-

зиденттер біздің Нұрекеңнің 

ақыл-парасатымен, 

ел 


басқару  өнерімен  санасады. 

Оның  бүкіл  Түркі  əлемінің 

басын 

қосып, 


керемет 

істерге  басшы  болуының 

нəтижелері 

қандай 


десеңізші?!  Айтыңдаршы, 

Нұрекеңдей  олардың  ба-

сын  кім  қосты?!  Нұрекең 

–  Алланың  назары  ерек-

ше  түскен  тарихи  тұлға! 

Ол – Алаш  көсемдерінің 

армандарын  жүзеге  асы-

рушы!  Қазақ  халқын  ХХІ 

ғасырда – ұлы  жетістіктер 

күтіп 


тұр! 

Елбасының 

биылғы  «НҰРЛЫ  ЖОЛ – 

БОЛАШАҚҚА 

БАСТАР 

ЖОЛ!» 


атты 

Жолдау-


ын  балаларыма  оқытып, 

тыңдап, 


онда 

айтылған 

аталы  сөздерге,  асыл  іс-

шараларға  қанық  болып, 

бір  жасап  қалдым!  Менің 

осы 


сөзімді 

аудандық 

«Аманкелді  арайы»  газеті 

арқылы 


ауданымыздың 

барша  халқы  білсін!  Негізі 

қашанда  жақсы  сөз,  жақсы 

тілек  айту  керек.  Сонда 

жақсылық  болады.  Елге 

жақсылық береді. Жамандық 

ойласаң,  жамандық  береді. 

Сондықтан, Нұрсұлтан Пре-

зидент  айтқандай,  біздер 

қазақтар,  қазақстандықтар 

тек  қана  жақсылық  тілеп, 

жақсы  істерге  ұмтылайық! 

-  деді  Ерекең  ағынан 

ақтарылып, 

шабыттана 

шешіліп.


 - Пəлі, Ереке! Бүгін ерекше 

қуаныш  үстінде  екенсіз! - 

дестік біз.

 - Ай, 


осы 

сендер 


қызықсыңдар!  Мен  неге 

қуанбайын?! 

Елбасымыз 

өзінің жаңа Жолдауын – Пре-

зидент  күні  мен  Тəуелсіздік 

күні  жəне  Жаңа  Жыл 

мерекесі  қарсаңында  жол-

дап,  халқын  жігерлендіріп 

жатқан  жоқ  па?!  Мен  ол 

кісінің 


осы 

Жолдаудың 

соңында айтқан «Қазақстан, 

тек  қана  алға!»  деген  сөзін 

алға тартамын. Қазақстан тек 

қана  алға  баса  берсін!  Түбі 

көресіңдер,  Қазақстан  бүкіл 

əлемде  алғы  орындардың 

біріне  шығады!  Сонда  «Ер-

тай  атамыз  баяғыда  осылай 

деген екен» деп айтасыңдар! 

– дейді Ерекең.

    Біз қарияға риза болып:

 - Айтқаныңыз,  келсін,  Ер-

аға! - дестік.  

 - Иллаһи  əмин! – деді 

Ерекең.

     Ия, соғыс жəне еңбек арда-



гері  Ертай  Мұқанұлының 

бұл  толғанысы – барша 

амангелділіктердің  де  тілегі 

екені анық.



Сырым СЫҒАЙ.

Суретте: соғыс жəне 

еңбек ардагері Ертай 

Мұқанұлы.

6

amangeldy-arai@

mail.ru

№ 45  (7635)

14 қараша 2014 жыл

    Негізі əр дəуірдің  - өз батырлары бо-

лады. «Заманына қарай – адамы» деп 

дана халқымыз бекер айтпаған.

  Тоқтар  Əубəкірұлы – екінші 

дүниежүзілік  соғыс  аяқталғаннан 

кейінгі  бейбіт  жылда  туған  алғашқы 

төлдердің бірі. Ол өмірге Қаздауысты 

Қазыбек  би  секілді  ұлы  тұлғаның 

атамекені  қасиетті  Қарқаралыда 1946 

жылы  туған.  Алайда  ол  жастайынан 

Теміртауда еңбек  етті. Қалың орыстың 

арасында  өсті.  Сондықтан  да  орыс 

тілін  өте  жақсы  меңгеріп  алды.  Ол 

əке-шешесінің  жастай  қайтыс  болған 

тоғыз  ұлынан  кейін  туған  ұл  болды. 

Тоғыз  ұлдан  айрылған  ата-ана  оның 

атын ырымдап Тоқтар деп қояды. Көп 

жылаған  əке-шешесінің  ақ  тілектері 

қабыл болып, Тоқтардың өмірі жалғаса 

береді. Бетінен қақпай өсіреді.

   Ол бала кезінде ұшқыш болуды ар-

мандайды. Бірақ ол жолға түсу оңайға 

соқпайды.  Дегенмен,  талабы  тас 

жарған ол əскери училищені бітіргесін 

Қиыр  Шығыстағы  Амурдағы  Комсо-

мольск  қаласында  əскери  қызметін 

жалғастырады.  Төрт  жылдай  «СУ-15»  ұшағында  ұшып, 

өзінің  үздік  қабілетін  көрсетеді.  Нəтижесінде,  «Қиыр 

Шығыстың Ең үздік ұшқыш» атағын иемденеді.

        Бақытына  қарай  осында  жүріп  «МиГ»  фирмасының 

атақты  сынақшы-ұшқышы  Совет  Одағының  Батыры 

А.Федотовпен кездесіп, пікірлескен соң «сынақшы-ұшқыш» 

болуға бекінеді де, «сынақшы-ұшқыштар» мектебіне оқуға 

сұранады. Бірнеше рет сұранса да ұлыорыстық шовинизмге 

берілген ұлт өкілдері Тоқтарды оқуға қабылдамайды. Түрлі 

сылтаулар айтып, жолын бөгейді. Алған бетінен қайтпайтын 

Тоқтар  Қазақстанның  сол  кездегі  басшысы  Д.А.Қонаевқа 

хат жазады. Хатында: «Мен, Тоқтар Əубəкіров, аға лей-




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет