Аманкелді Шамғонов


Көтерілістің Кіші жүзде өрістеуі. Ақбұлақ шайқасы



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата12.01.2017
өлшемі1,13 Mb.
#1709
1   2   3   4   5   6   7   8

Көтерілістің Кіші жүзде өрістеуі. Ақбұлақ шайқасы. 
1837-жылғы  13-желтоқсан  күні  таңда  Исатай  Тайманұлы  мен 
Махамбет Өтемісұлы бастаған 35 еркек, 3 әйел (Исатайдың кіші әйелі 
Несібелі,  балдызы  Бағлан  Әлішқызы  және  енесі)  Жайық  өзенінің 
мұзы арқылы қазіргі Махамбет (бұрынғы Жаманқала форпосты) және 
Сарытоғай селоларының аралығынан Кіші жүз бетке өтеді. 
Сол  күні  таңертен  Сарайшық  бекінісіне  жақын  жердегі 
ауылдардың  біріне  қонып  шыққан  сұлтан  Б.Айшуақов  Исатай 
тобының  Жайық  өзенінен  Кіші  жүзге  өтіп  кеткенін  естиді.  Есаул 
Сафонов,  хорунжийлер  Мизинов  пен  Бородин  бастаған  қазақтар 
жүздігі,  ішінде  билеуші-сұлтан  Б.Айшуақовтың  туыстары  және 
М.Таукин  бар  сұлтандар,  старшиналар,  билер  тобы  Исатайлардың 
артынан Қарабау, Қаракөл жаққа қарай дереу қуғын ұйымдастырады. 
Исатайлар тобы Тайсойған арқылы Сайқұдық сорына өтіп, одан 
Барлыбай  моласына  жақын  жерде  Қос  үйде  түнейді.  14-желтоқсан 
күні  Сағыз  өзені  бойындағы  Бұрма  сайына  түнеп,  15-күні  таңда 
Қояндышоқы  тауына  қарай  жүріп,  Сағыз  және  Қайнар  өзендерінің 

 
18 
аралығына  қонады.  Төртінші  күні  Қайнар  өзеніне  жақын  Бірқұдык 
мекенінің үстімен Иманқара тауына жетеді. 
Ал  құрамында  63  қазақ,  2  урядник  және  т.б.  адамдар  бар 
Баймағамбет  сұлтанның  қуғыншылары  Исатайларды  18  күн 
тынымсыз  іздеп,  ақыры  оларды  таба  алмай,  аттары  арып,  өздері 
қажып,  шаршап  31-қаңтар  күні  Горск  қамалына  қайтып  оралуға 
мәжбүр  болады.  Исатайлар  Борсық  құмына  жетіп,  онда  Жүсіп 
Құланұлы деген патша әкімшілігіне наразы бидің ауылын паналайды. 
Исатайлар  Шекті  руының  Назар  тайпасының  ауылына  Желтау, 
Доңызтау  жағына  барып,  1838-жылдың  қаңтар  айының  аяғынан 
бастап сол өңірде 1 ай болады. Қарабау, Қаракөлден бастап Желтауға 
дейін Исатай мен Махамбет тобы жергілікті ел арасынан күш, көмек 
алып  отырады.  Жүрген  жерлерінде  өздерінің  көп  жылдан  бергі 
күресін,  оның  мақсатын  елге  әйгілеп,  патша  мен  Жәңгір  ханның 
біріккен  күші  арқасында  шегінуге  мәжбүр  болғандығын  айтып, 
оларға қарсы күреске халықты үгіттейді. Олар елден тамақ, киім, киіз 
үй және т.б. қажетті нәрселерді алып, көліктерін ауыстырады. 
Исатайдың  Кіші  жүзге  өтуі  осы  өңірде  сұлтан  Кенесары 
Қасымов  бастаған  ұлт-азаттық  көтерілістің  әсерімен  кең  тарала 
бастаған шаруалар қозғалысымен қатар келді. 1838-жылдың басында 
Орталық  Қазақстаннан  батысқа  қарай  ойыса  бастаған  Кенесары 
отрядтарын  Торғай  бойын  қоныстанған  Қыпшақ,  Арғын,  кейіннен 
Жағалбайлы,  Табын  рулары  қолдады.  Елек  өзені  бойында  көшіп 
жүрген  батыр  Жоламан  Тіленшіұлының  жасақтары  Кенесарыға 
қосылды. 
Исатай  мен  Махамбет  25-наурызда  Доңызтауға  келіп,  Байтөре 
Тоқпанұлының үйінде Кіші жүзде өршіп келе жатқан азаттық күресті 
басқаруды  өз  қолдарына  алады.  Қасындағы  жолдастарын  жан-
жақтағы  ауылдарға  жіберіп,  үгіт  жұмысын  күшейтеді.  Мысалы, 
Махамбет жұртшылық арасында өздерінің соңғы жылдардағы күресін 
әңгіме, өлеңмен жеткізеді. Махамбеттің әсерлі жырлары шаруаларды 
азаттық жолындағы күреске жігерлендіреді. 
Исатай  мен  Махамбет  патша  әкімшілігі  мен  хан,  сұлтандарға 
қарсы  күреске  жергілікті  халықтың  әр  түрлі  әлеуметтік  топтарын 
біріктіруге  күш  салды.  Олар  отарлық  езгіге  қарсы  тек  қана  жерден 
айрылған  Жайық,  Елек,  Қалдығайты,  Қиыл,  Өлеңті,  Бұлдырты, 
Ақбұлақ,  Ор  өзендері  бойынан  қуғын  көріп  келген  шаруалар  ғана 

 
19 
емес, Бозащы Адайлары мен Жем, Сағыз бойларының шаруаларын да 
біріктіруді қолға алды. 
Қ.Қасымов бастаған көтерілістің Кіші жүзге ойысуы, оған батыр 
Ж.Тіленшіұлының  қосылуы  1838-жылғы  көктемде  Исатай  мен 
Махамбет бастаған қозғалысқа да өз әсерін тигізеді. Олар көтерілісті 
кең көлемде өрістету мақсатында Ресей патшалығының отаршылдық 
саясатына қарсылардың бәрімен де одақтасуды қажет деп шешеді. Ол 
үшін  алдымен  Маңғыстауда  өзін  ханмын  деп  жариялаған  сұлтан 
Қ.Есімовпен  күш  біріктіруді  ұйғарады.  Егер  И.Тайманов  пен 
Қ.Есімовтың қалың қолы болашақта К.Қасымов бастаған ұлт-азаттық 
көтеріліспен  қосылған  жағдайда  патша  өкіметінін  60-жылдары 
Қазақстанда отарлауды аяқтауы екіталай болған болар еді. 
1838-жылдың  көктемінде  Кіші  жүздің  Әлім  бөлімінің  халқы 
негізінен Исатай мен Махамбет бастаған азаттық көтерілісті колдады. 
Алайда,  сол  кезде  Әлім  мен  Адайлар  өзара  қырғи-қабақ  жағдайда 
болды.  Ал  Ресей  отаршыларына  қарсы  күресу  үшін  Әлім  мен 
Адайлардың бірлігі өте қажет болатын. Осыны ескерген Исатай 1838-
жылдьщ  мамыр  айында  Сам  деген  жерде  Әлім  мен  Адайды 
татуластырады.  Осы  мезгілде  Адайлар  көрші  түрікмендермен  де 
келіспеген.  Исатай  Тайманұлы  түрікмендерді  Ресейге  қарсы  күресте 
одақ  ету  үшін  Адай  мен  түрікменді  сөйлестіріп,  бұл  екі  елді  тағы 
біріктіреді. 
Б.Айшуақов  өз  тыңшыларының  мәліметіне  сүйеніп,  Орынбор 
Шекара комиссиясына Исатай Адай, Шекті, Табын және т.б. рулардан 
2  мыңдай  кісі  жинап,  Көкпектіде  11  күндей  болды,  сонымен  бірге 
Исатайдың өзі Шектінің Тілеу, Қабақ, Қаракесек тайпаларын аралап, 
жергілікті  халықты  көтеріліске  шақыруда  деп  хабар  салады.  Осы 
кезде  Жем  өзені  бойындағы  Көкпектіден  шыққан  көтерілісшілер 
шілде  айының  басында  Қиылдың  Ойылға  құятын  жеріндегі  Ақшат 
деген  жерге  келіп  орнығады.  Бұл  кезде  көтерілісшілердің  саны  3 
мыңға жеткен еді. 
Осының  бәрі  көтеріліс  басшысы  Исатай  Тайманұлының  үлкен 
ұйымдастырушылық  қабілетін  байқатады.  Исатай  көтеріліске 
әлеуметтік құрамы әртүрлі топтарды, яғни езілген кедейлермен бірге 
ауқатты  адамдарды,  тіпті  билер  мен  сұлтандарды  да  жұмылдырған. 
Олардың  бәрінің  Исатайға  еру  себебі  -  патша  өкіметінің  отаршыл 

 
20 
қолының  Кіші  жүз  аумағын  шеңгелдеп,  соның  салдарынан 
қазақтардың ежелгі мекені мен егемендігінен айрылуы еді. 
Осы  кезде  сұлтан  К.Қасымов  бастаған  көтерілістің  Кіші  жүз 
жеріне  тарай  бастауы  патша  өкіметіне  И.Тайманұлы  мен 
М.Өтемісұлы  бастаған  көтерілісті  тездеп  басу  қажеттігін  күн 
тәртібіне  қойды.  Оның  үстіне  Хиуа  хандығынан  көмек  алып,  өзін 
"Кіші  жүздің  ханы"  деп  жариялаған  Қайыпқали  Есімов  әскерлерінін 
Исатайлармен  қосылуы  патша  өкіметі  үшін  жағдайды  күрделендіріп 
жіберді.  Көтерілісшілердің  екі  басты  тобының  қосылуынан 
қауіптенген  губернатор  В.А.Перовский  көтерілісті  талқандауға  бар 
күшті  жұмылдырды.  Орынбордан  Исатайды  қолдаған  Жоламан 
Тіленшіұлын  талқандау  үшін  бір  кезде  Жоламан  батырда  тұтқында 
болған  атаман  Падуров  және  Исатай  мен  Махамбеттің  ескі  танысы 
полковник Геке басқарған ірі әскер күші жіберілді. 
Көтерілісті  басу  үшін  жіберілгендердің  құрамында  Орынбор 
полкының 250 әскері, Елек казак әскерлерінен 50 адам, ІҮ-Орал казак 
полкынан  100  адам,  жаяу  әскерден  50  адам  және  2  зеңбірек  болды. 
Отрядқа екі еселенген патрон беріліп, бір айға жететін азық-түлікпен 
қамтамасыз етілді. 
Жазалаушылар  отрядын  басқарған  полковник  Гекенің  алдында 
"бүлікшілер тобын ыдырату және  көтеріліс басшыларын тұтқындау"  
(Рязанов А.Ф.) міндеті тұрды. Сонымен бірге Геке сұлтан Қайыпқали 
Есімов тобын да талқандауға тиіс болды. 
Осы  мезгілде  Горск  бекінісі  жағынан  құрамында  Орал  полкі 
қазақтарының жүздігі бар билеуші-сұлтан Б.Айшуақов та шығады. 
Орынбордан үлкен отрядты бастап шыққан полковник Геке 10- 
шілдеде Қобда өзенінен өтіп, оңтүстікке карай жүріп, 500 жасағы бар 
Баймағанбет  сұлтанмен  кездеседі.  Олар  түнімен  50  шақырым  жол 
жүріп, таңда Ақбұлақ өзеніне жетіп тоқтайды. 
Осылайша,  полковник  Геке  басқарған  патша  өкіметінің 
жазалаушы  әскері  11-шілдеде  ұзын  саны  3  мыңдай  көтерілісшілерге 
жақындап келді. 
Үш  мыңдай  сарбазбен  Темір  өзені  бойында  тұрған  Исатай  мен 
Махамбет  Қ.Есімовпен  алға  карай  не  істеу  керектігі  туралы  кеңесе 
келе,  мынадай  шешімге  келеді:  Қайьшқали  негізгі  әскер  күшімен 
Қиыл  өзені  бойында  тұрып,  әлі  де  жан-жақтан  сарбаздар  жинай 
береді,  ал  Исатай  мен  Махамбет  Елек  қалашығынан  60  шақырым 

 
21 
жердегі  Суықбұлақта  орналасқан  билеуші  сұлтан  Б.Айшуақовтың 
ордасын талқандайды. 
Егер Исатай мен Махамбеттің бұл жоспары іс жүзіне аса қалған 
жағдайда, Кіші жүздің батыс бөлігіндегі саяси жағдай үлкен өзгеріске 
ұшыраған  болар  еді.  Жұртқа  әбден  жеккөрінішті  болған  патша 
өкіметінің  отарлық  саясатын  жүргізуші  Баймағанбет  сұлтанның  көзі 
жойылған  жағдайда  осы  аумақтағы  қазақтардың  толықтай 
көтерілісшілерге  қосылуына  мүмкіндік  туған  болар  еді.  Сөйтіп, 
көтерілістің  жаңа  сатыға  көтерілуі  әбден  мүмкін  болатын.  Осыны 
ойлаған И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы қарауына 500 жігітті іріктеп 
алып,  шілде  айының  бас  кезінде  Қиыл  өзенінен  Суықбұлаққа  қарай 
аттанады.  Осымен  бір  мезгілде  ел  арасында  Қайыпқали  мен  Исатай 
әскерлерінің  көбін  таратып,  өздері  оңтүстік  далалық  аймаққа  қарай 
ауысты,  сондықтан  да  бұдан  былай  Баймағанбет  сұлтанға  да, 
шекараға да ешқандай кауіп жоқ деген лақап тарайды. 
Дегенмен,  Исатайлардың  ойлап  тапқан  қулығы  сәл  ғана  жүзеге 
аспай  қалады.  Полковник  Геке  әскерінің  Баймағанбет  сұлтанның 
жазалаушы  тобымен  кездескенінен  хабарсыз  Исатай  мен  Махамбет 
тобы  Қ.Есімовтың  сарбаздарынан  бөлініп,  билеуші  сұлтанның 
ордасын талқандауға бет алады. 
Олар  1838-жылғы  12-шілде  күні  таңертең  Ақбұлақ  өзенінің 
жағасында  Геке  мен  Баймағанбет  сұлтанның  біріккен  әскерінің 
үстінен шығады. Әскер күші жағынан тең емес осы шайқаста Исатай 
мен  Махамбет  батырлар  бастаған  көтерілісшілер  асқан  ерлік 
көрсетеді.  Алайда,  мұнда  да  Тастөбедегі  сияқты  ұрыс  тағдырын 
зеңбіректер  шешеді.  Зеңбірек  оғы  түскен  жерлерде  талай  сарбаздар 
қаза  табады.  Исатайдың  атына  оқ  тиіп,  ол  казактармен  жаяу 
шайқасады. Ақбұлақ өзені жағасындағы кескілескен ұрыста көтеріліс 
басшысы Исатай мен оның 16 жасар ұлы Оспан каза табады. 
Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы 12-шілде күні қапылыста 
қаза  тапқаннан  кейін  көтеріліс  одан  әрі  дамымай,  сарбаздар  жан-
жаққа бытырап кетеді. Қайыпқали Есімов Хиуаға қашады. 
Осылайша, бас-аяғы 6 айға жетпейтін қысқа уақытты қамтыған, 
аумағы  мен  сарбаздардың  саны  жағынан  1836-1837-жылдарда  Бөкей 
ордасында  болған  көтерілістен  асып  түсетін  бүкіл  Кіші  жүзді  дүр 
сілкіндірген  Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы  бастаған 
бұл көтеріліс те жеңіліске ұшырады. 

 
22 
Көтерілісшілерді қатаң жазалау. 
Көтеріліс  жеңілгеннен  кейін  елде  үлкен  жазалау  шаралары 
жүрді.  Геке,  Падуров,  Мансуров  сиякты  полковниктер  бастаған 
әскерлер  көтеріліске  қатысқан  ауылдарды  шауып,  малдарын  тартып 
алды. 
1838-жылы 
24-қыркүйекте 
полковник 
Мансуровтың 
жазалаушылары  Төртқара, Қаракесек  руларының ауылдарын  шауып, 
486  түйені,  435  мүйізді  ірі  қараны,  71  119  қойды  және  317  ешкіні 
қолдарына түсірді. Осы мал Орск  бекінісіне айдап апарылып, сатуға 
шығарылды. 
Қолға түскен көтерілісшілер екі топқа бөлініп сотталды. Әскери 
соттың  шешімі  бойынша  қылмыскерлердің  бірінші  тобына 
жатқызылған  көтерілістің  белсенді  басшыларының  тағдырын 
генерал-губернатор  В.А.Перовский  мен  полковник  Геке  белгіледі; 
екінші топтағыларға 25-тен 50-ге дейін қазақтың дойыр қамшысымен 
дүре соғу белгіленді. 
Әскери  сотпен  сотталған  И.Тайманұлының  баласы  Жақия 
Исатаевты  250  солдаттың  арасынан  дүрелеп  3  рет  жүргізу,  одан  соң 
Финляндиядағы  Динабург  қамалы  құрылысына  3  жылға  қара 
жұмысқа салу, одан кейін солдатқа беру және Иркутск губерниясына 
мәңгі  жер  аудару  жазасы  белгіленді.  Қожахмет  Өтемісұлына  550 
адамдық қатардан екі рет өткізіп дүре соғу, одан соң Ригаға 8 жылға 
крепостниктік жұмысқа айдау, одан кейін жарамды болған жағдайда 
солдатқа  беруге;  Сүлеймен  Өтемісұлына  1000  дүре  соғылып,  6  жыл 
Ригаға  қара  жұмысқа,  одан  кейін  Сібірге  жер  аударуға  үкім 
шығарылды.  Тұтқынға  түскен  басқа  да  көтерілісшілер  қатаң 
жазаланды. 
Патша өкіметінің жазалаушыларды марапаттауы. 
Көтерілісті қанға бояған қазақ феодалдары және казак әскерінің 
офицерлері  мен  көзге  түскен  солдаттары  патша  өкіметі  тарапынан 
үлкен  марапатқа  ие  болды.  Көтерілісті  басуда  ерекше  көзге 
түскендерге  офицерлік  шен,  ақшалай,  заттай  қымбат  бұйымдар 
берілді.  Подполковник  Алиев  3-дәрежелі  Қасиетті  Анна  орденімен, 
Геке  полковник  атағын  алып  және  3-дәрежелі  Владимир  орденімен, 
Исатай  Тайманұлын  өлтіруге  тікелей  қатысқан  И.Богатырев, 
Л.Зеленин  ордендермен 
марапатталды.  Сұлтан  Баймағанбет 
Айшуақовқа  да  полковник  атағы  берілді.  Көтеріліс  басшысы 

 
23 
И.Тайманұлын өлтіруге қатынасқан 15 казак әскері мен 3 қазаққа 250 
сом сыйлық берілді. 
Көтерілістің жеңілу себептері мен маңызы. 
Осылайша,  Бөкей  ордасының  старшыны  батыр  И.Тайманұлы 
мен  ақын  М.Өтемісұлы  ұйымдастырып  басқарған,  3  жылдай  кең 
сахараны  дүбірлеткен  халық-азаттық  көтеріліс  жеңіліспен  аяқталды. 
Ол заманда басқаша болуы мүмкін де емес еді. Көтерілісшілерге хан 
мен  сұлтандар,  патша  үкіметінің  жақсы  қаруланған,  арнайы 
дайындықтан  өткен  әскерлері  қарсы  тұрды.  Көтерілісшілер 
Қазақстанның басқа аймағындағы, соның ішінде Кенесары Қасымұлы 
бастаған  ұлт-азаттық  козғалыспен  байланыс  жасап  үлгермеді. 
Көтерілісшілердің  қару-жарағы  да  мейлінше  нашар  болды.  Нақты 
бағдарламаның  болмауы,  ұйымшылдықтың  жетіспеуі  де,  жеңіліс 
себептерінің бірі болды. Көтерілістің жеңілуінің тағы бір себебі - оған 
қатынасушылардың 
әлеуметтік 
құрамының 
әртүрлілігі 
еді. 
Қозғалысқа  тек  қана  шаруалар  емес,  сонымен  бірге  би,  старшындар 
да  қатынасты  және  олардың  әркайсының  көздеген  мақсаттары 
әртүрлі болды. Мұның өзі көтерілістің жүру барысына әсерін тигізбей 
қойған жоқ. 
Көтеріліс  жеңілгенмен  де  ол  Қазақстанның  батыс  бөлігінің 
Ресей  империясы  құрамында  кейінгі  дамуында  терең  із  қалдырды. 
Сұлтандық топ пен Жәңгір сарайының алым-салықты жылдан-жылға 
көтеруіне  белгілі  дәрежеде  шек  қойылды;  патша  үкіметі  көтерілісті 
колдаған қазақ ауылдарының старшындарымен санасуына тура келді. 
Бұл  көтеріліс  Бөкей  ордасында  хандық  биліктің  әлеуметтік  негізінің 
әбден  әлсірегендігін  көрсетті.  Көтеріліс  басшылары  Исатай 
Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлының  еңбектерінің  тарихи 
маңызы  -  неше  бір  қиындық  пен  азапқа  карамастан  азаттық 
жолындағы  ұлы  дүбірді  ұйымдастырып,  бостандық  пен  теңдікті 
қажет болған жағдайда қарудың күшімен, күрес жолымен жеңіп алуға 
болатындығына  езілген  халықтың  көзін  жеткізіп,  сенімін  арттыра 
түсуінде  болды.  Олардын  күресі  мен  арманы  қалың  жұрт  санасында 
өшпес  орын  алып,  оларды  болашақ  күреске  жігерлендірді.  Олар 
өлкеде  езушілерге  қарсы  күрес  туын  жоғары  сатыға  көтеріп, 
әлеуметтік  бостандық  жолындағы  күрес  эстафетасын  жаңа 
ұрпақтарға жалғастырды. 

 
24 
ІІ Бөлім. 
Негізгі және орта мектептін 8-сыныбында көтерілісті 
оқыту мәселелері 
 
XX-ғасырдың  соңы  мен  XXI-ғасырдың  басы  -  Қазақстандағы 
барлық  сатыдағы  мектептер  (негізгі,  орта,  арнаулы  орта  және 
жоғарғы) үшін жаңару мен қайта құрулар кезеңі болып отыр. 
Жүргізіліп  жатқан  реформаға  сәйкес  тарих  пәні  оқулықтары 
қайта жазылып, соған сәйкес жаңа бағдарламалар жарық көруде. Сол 
оқулықтардың  бірі  -  8-сыныпқа  арналған  тарих  ғылымдарының 
докторы,  профессор  Ж.Қасымбаев  дайындаған  “Қазақстан  тарихы”. 
Тарихшы  мұғалімдер  жылы  қабылдаған  бұл  оқулық  2004-жылдан 
бастап кейбір толықтырулармен “Мектеп” баспасынан шыға бастады. 
а) Окулықтағы тақырыптың терең мазмұны. 
Осы 
оқулықтың 
11-параграфы 
1836-1838-жылдары 
И.Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей (Ішкі) ордасы 
мен  Кіші  жүздің  батыс  бөлігінде  болған  халық-азаттық  көтеріліске 
арналған.  11-параграф  тақырыбы:  "1836-1838-ЖЫЛДАРДАҒЫ 
БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ ШАРУАЛАР КӨТЕРІЛІСІ" - деп аталады. 
Тақырып  1.“Бөкей  ордасының  құрылуы”;  2.“Шаруалар  көтерілісінің 
басталу  себептері  және  оның  барысы”;  3.“Патшаның  көтеріліске 
қарсы  шаралары";  4.“Көтерілістің  бәсеңдеуі”;  5.“Көтерілістің 
жеңілуі”;  6.“Көтерілістің  салдары  мен  маңызы”  деп  аталатын 
тақырыпшаларға бөлінген. 
Окулықтың  авторы  осы  тақырыпты  жазуда  бұрын  архив 
қорларында жатып, қалың жұртшылыкқа белгісіз болып келген біраз 
жаңа  деректерді  пайдаланған.  Біз  солардың  кейбіреулеріне 
токталайық.  Автор  көтерілістің  шығу  себептерінің  бірі-1833-жылы 
Жәңгір  ханның  Қарауылқожа 
 
Бабажанұлын  Каспий  теңізінің 
солтүстік  өңірінде  көшіп  жүрген  қазақ  руларына  билеуші  етіп 
тағайындауы  болды,  -  деп  орынды  көрсеткен.  Деректерге  жүгінсек, 
осы  жерлердің  бұрынғы  басқарушысы  Исатай  Тайманұлы  болған. 
Жәңгір хан оны осы шұрайлы аймақтан сусыз құм  дала - Мыңтөбеге 
ауыстырған.  Жәңгір  ханның  Исатайдың  соңына  түсуі,  қарапайым 
шаруалардың жерсізденуі, Исатай батырдың халық мүддесін қорғап, 
әлеуметтік теңсіздікке қарсы күреске шығуына себепші болған. 

 
25 
Автордың  көрсетуінше,  көтерілістің  негізгі  қозғаушы  күші  - 
қазақ  шаруалары.  Сонымен  бірге  көтеріліске  старшиналар  мен 
билердің бірқатар өкілдері қатынасқан. 
Исатайдың  жауынгер  серігі,  ақиық  ақын  М.Өтемісұлына 
сипаттама  бере  келе,  оқулықтың  авторы  былай  деп  түйіндейді. 
“Исатай  мен  халықтың  атынан  еңбекшілер  арасында  үндеу  таратқан 
Махамбеттің  көтерілістің  мақсатын  айқындаудағы,  шаруаларды 
күреске  көтерудегі  орны  ерекше”.  Оқулықта  осы  қозғалыстың 
мақсаты  айқын  көрсетілген:  “Хан  озбырлығына  шек  қою, 
шаруалардың  жағдайын  біршама  жақсарту,  жер  мәселесіндегі  патша 
өкіметінің  отаршылдық  саясатын  өзгерту”.  Ал  бұл  талаптар 
шаруалардың  да,  старшын-билердің  де  бірқатар  мүдделеріне  сай 
келетін. 
Автордың  көрсетуінше,  Бөкей  Ордасындағы  көтерілістің 
жаңғырығы  Петербургке  дейін  жетіп,  I-Николай  патша  “бүлік” 
басшыларын  қатаң  жазалауды  талап  еткен.  Патшаның  осы  уақиғаға 
араласуына  қарағанда,  көтерілістің  Ресей  отаршылдары  үшін  қауіпті 
сипат алғандығын байқауға болады. 
Тақырыптағы  автор  келтірген  басты  жаңалық:  Исатай, 
Махамбет  батырлар  бастаған  көтерілістің  Кіші  жүзде  кеңінен 
өрістеуін  көрсетуі.  Осыған  дейінгі  окулықтарда  авторлар  бұл 
мәселеге  тиісті  дәрежеде  көңіл  аудармаған  немесе  Қазақ  ССР 
тарихының  ІІІ  томындағы,  тіпті  жақында  жарық  көрген  Қазақстан 
тарихының Ш томындағы сияқты Кіші жүзде болған осы уақиғаның 
мазмұнын  ашуға  тырыспаған  еді.  Сондықтан  да  И.Тайманұлы  мен 
М.Өтемісұлы  бастаған  көтеріліс  тарихын  білгісі  келетіндер 
оқулықтағы осы тақырыппен танысу арқылы жан-жақты мәлімет ала 
алады деп толық сеніммен айтуға болады. 
Кіші  жүзде  Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы 
бастаған  көтерілісшілер  Хиуа  ханымен  байланысы  бар  сұлтан 
Қайыпқали Есімовтың отрядымен қосылып, солтүстік-шығысқа қарай 
жылжиды.  3  мындай  адамды  басқарған  И.Тайманұлы  мен 
Қ.Есімовтың  болашақта  Кіші  жүзге  қарай  жылжып  келе  жатқан 
Кенесары Қасымов басқарған көтерілісшілермен бірігуі әбден мүмкін 
болатын.  Олай  болған  күнде  патша  өкіметіне  өз  әскерлерінің  қазақ 
жеріне тереңдей кіруіне қарсы азаттық соғысқа шыққан сан мыңдаған 
көтерілісшілерді  басуы  оңайға  соқпайтын  еді.  Сондықтан  да  автор 
"көтерілісшілердің 2 басты тобының қосылуынан қауіптенген әскери 

 
26 
губернатор  В.А.Перовский  Исатайды  талқандауға  барлық  күшті 
жұмылдырды", -  деп жазады 
1838-жылы  12-шілде  күні  Ақбұлак  өзенінің  жағалауында 
Исатайдың  500  адамдық  шағын  отряды  зеңбіректермен  қаруланған 
полковник Гекенің әскерімен және сұлтан Б.Айшуақовтың отрядымен 
қапылыста  кездесіп  қалады.  Сан  жағынан  және  соғыс  құралдары 
жағынан  әлдеқайда  басым  әскермен  соғыста  үлкен  ерлік  көрсетіп, 
Исатай  батыр  осы  ұрыста  қаза  табады.  Осы  жерде  автор 
Атыраулықтар  үшін  маңызы  бар  мынадай  дерек  келтіреді:  "1838-
жылы  шілде  айының  23-де  Махамбет  бір  топ  көтерілісшілермен 
сұлтандар  Нұртазағали  Өзбекұлы  мен  Табылды  Шерғазыұлының 
ауылдарына шабуыл жасады. Олардың қимылдары нәтижеге жетпесе 
де, Жәңгір ханның сарайын біршама шошытты". 
Бұл  жерде  бір  айтылмай  калған  нәрсе,  Махамбеттің 
басшылығымен  шабуыл  жасаған  аз  ғана  топтың  ішінде  Исатай 
Тайманұлының  ұлы  Досмұханбеттің  (Досмағанбеттің-автор)  де 
болуы.  Осыдан  10  күн  бұрын  қан  майданда  қаза  тапқан  Исатай 
батырдың  14  жасар  ұлының  бұл  әрекеті  әкесінің  кегін  қайтару 
жолында жасаған батыл қадам болатын.  
Қазіргі  кезде  сол  Досмұханбет  Исатайұлының  ұрпақтары 
негізінен  Атырау  қаласы  маңындағы  Жұмыскер  ауылында  тұрады. 
Олардың  балалары  батыр  бабасы  Исатай  Тайманұлы  атындағы 
мектепте оқиды.  
Исатай батыр қаза тапқаннан кейін көтеріліс одан әрі дамымады. 
Екінші  отряд  басшысы  Қ.Есімов  Хиуаға  қашты.  Қолға  түскен 
көтерілісшілер  аяусыз  жазаланды.  Олардың  кейбіреулеріне  тұзға 
салынған  1000  шыбықпен  дүре  соғылып,  содан  соң  Ригаға  қара 
жұмысқа, не Сібірге қоныстануға айдалды немесе солдатқа жіберілді. 
Көтерілісті қанға бояған  басшылар патша өкіметі  тарапынан әртүрлі 
шенге ие болып, сыйлықтар алды.  
Ішкі  Ордада  ХІХ-ғасырдың  40-жылдарының  орта  кезінде  тағы 
да  феодалдық  езгіге  қарсы  қозғалыс  болғандығы  туралы  деректер 
келтіріліп, олардың басшылар аталады.  
Автор  89-беттегі  соңғы  екі  абзацта  Бөкей  мен  Жәңгір  хандар 
туралы    қысқаша  тоқталады.  93-бетте  Исатайдың  Жәңгір  ханға  араб 
алфавитімен  жазған  хатынан  үзінді  келтіреді.    Міне,  осы 
айтылғандардың  бәрі  -  тақырыптың  мазмұндылығын,  оқушылардың 

 
27 
Исатай  мен  Махамбет  батырлар  бастаған  көтеріліс  тарихын  терең 
ұғынуына көмектесетін жағдайлар болып табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет