Аманова Фариза



Дата01.11.2023
өлшемі14,46 Kb.
#121272
Байланысты:
Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны. Тәрби-emirsaba.org


Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны. Тәрбиенің құралдары мен формалары

Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны.Тәрбиенің құралдары мен формалары


Аманова Фариза
Қожаберген Сабира
Әбдәхалықова Назгүл
Кенжегулов Серік
Тәрбие мазмұны ұғымы
1
Жоспары:
Тәрбиенің мазмұны
2
Тәрбие үдерісі міндеттері
3
Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама
4
Тәрбие мазмұны ұғымы
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамды тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән берілген.Сондықтан бүгінгі тәрбиеленушіні адамгершілікке тәрбиелеу мен оның рухани жағынан қалыптасуы тәрбие тәрбие өзегінің үдерісі болып табылады.
1
Жалпы схема
3
Тәрбие жүйесінің дамуы
2
Тәрбие жүйесінің қалыптасуы
Тәрбие жүйесінің кезеңдері:
Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Тәрбие мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын қамтамасыз етуге жұмылдырады. Әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып табылады: отбасы, кәсіби топ, ұжым, қоғам және т.б.
Тәрбие мазмұны
Тәрбие үдерісі мәндеттері
міндеттері
Тұтастай жеке тұлғаны қалыптастыру
құндылық бағдардың қалыптасуы
өмірлік позицияны тәрбиелеу
әлеуметтік тапсырмалар мен жас ерекшеліктерді ескере отырып тұлғаны дамыту
тәрбиелеуші іс-әрекеттерді ұйымдастыру
Мазмұны бойынша
1
ақыл-ой тәрбиесі
дене тәрбиесі
еңбекке тәрбиелеу
Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама
Институттық белгісі бойынша
2
отбасылық тәрбие
мектептегі тәрбие
мектептен тыс тәрбие
Тәрбие үдерісінің аспектілері бойынша
Адамгершілікке тәрбиелеу
еңбекке тәрбиелеу
дене тәрбиесі
3
әдептілікке тәрбиелеу және т.б
авторитарлық
1
бостандық
2
демократиялық
3
Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынас стилі мен доминантты принциптері бойынша
Адамгершілік тәрбиесі
Адамгершілік тәрбиесі-тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тәрбие. Адамгершілік тәрбиесі- адамзатқа деген сүйіспеншілікті, оның бостандығын, құқығын, қадір-қасиетін құрметтеуді, рақымшылдық пен шыншылдық қасиеттерін қалыптастырады.
Аристотелдің сөзі бойынша
Аристотелдің сөзімен айтқанда адамгершілік қасиеттері туа пайда болмайды, ол тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Адам бақытқа тек қана ақылдың көмегімен жетеді. Аристотель адамгершілікті дианоэтикалық (интеллектуалдық) және этикалық, яғни еріктік деп бөліп қарастырады. Шынайы адамгершілік мінез-құлықтың ақыл-ой сезімімен ымыраға келуі,этикалық және дианоэтикалық ізгіліктерінің бірі болып табылады. "Этика" ежелгі гректің "этос" деген сөзінен шыққан. Кейіннен ол құбылыстың сипаты мен оның табиғатын айқындады.
"Этиканың мақсаты- таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді",- "Аристотель"
Аристотельдің пікірінше, ғылым мен адамгершіліктің арасындағы айырмашылық, "ғылым"- нақты бір затты, оның неден тұратындығын зерттесе, "адамгершілік" - сол затпен, яғни қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау жолдарын үйретеді.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері
1.Тәрбиеленушілерді өмір талабына сай қоғамдық моральдық нормасын орындауға қатыстыру.
2. Адамгершілік тәжірибесін қалыптастыру.
3. Тәрбиеленушілердің санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау, адами қасиеттерін дарыту.
4. Республикаға, оның рәміз, рәсімдеріне ұрпақтың сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.
Патриотизм
Тәртіп
Жауапкершілік
Коллективизм
Жалпы мәдениет
Қоғамдық норма
Еңбектік белсенділік
Қоғамдық белсенділік
Адамгершілік
тәрбиесінің
мазмұны
Ақыл-ой тәрбиесі- адамның таным қабілетін дамытып, ер жетіп, есеюіне, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушының оқып, білім алуындағы іс-әрекетін бағыттап,сана-сезімінің дамуына бағыт бағдар береді. Ақыл-ой тәрбиесі- оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Ақыл-ой тәрбиесі
Ақыл-ой тәрбиесі- ғылым негіздері бойынша білім жүйесімен қаруландырады. Ғылыми білім негізінде дүниеге ғылыми көзқарас қалыптасады. Дүниеге көзқарас- табиғатқа, қоғамға, еңбекке, танымға деген көзқарастар.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері
1.Ғылыми білімнің белгілі мөлшерін меңгеру
2.Ғылыми көзқарас қалыптастыру
3. Танымдық қызығушылық таныту
4. Танымдық белсенділікті қалыптастыру
5. Ақыл-ой мазмұны баланың дамуына емес, оның білімді, іскерлікті, дағдыны меңгертуге бағытталған
Дене тәрбиесі
Дене тәрбиесі- педагогикалық үдеріс. Ол адам организмінің морфологиялық және функциялық өсіп жетілуіне және оның негізге өмірлік маңызды қозғалыс ептілігін және олармен байланысты білімдерін қалыптастыруға және жақсаруға бағытталған.
Дене тәрбиесінің міндеттері

    • Денсаулық сақтау, дұрыс дене дамуы

    • Ақыл-ой мен дене қабілеттерін дамыту

    • Қозғалыстың жаңа түрлеріне оқыту

    • Гигиеналық дағдыны қалыптастыру

    • Қозғалыс сапаларын қалыптастыру

Денеің өсіп жетілуі- бұл адам организмінің биологиялық формаларымен функцияларының өмір жағдайларының және тәрбиенің ықпалымен орнығып, өзгеретін үдерісі, сондай-ақ дамудың бірден-бір емес, бірақ ең маңызды факторы.


Эстетикалық тәрбие
Эстетикалық тәрбие- болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау үшін, адамның эстетикалық түсінігін, сезімін, талғамын қалыптастыру үшін берілетін тәрбие.
Міндеттері:

    • Эстетикалық білімді қалыптастыру

    • Эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу

    • Ақиқатқа эстетикалық қатынас қалыптастыру

    • Эстетикалық сезімді дамыту

    • Эстетикалық идеалды қалыптастыру.

Эстетикалық


тәрбиенің
мақсаты
Басқа тәрбие түрлері сияқты жеке бастың үйлесімді дамуын қалыптастыру. Эстетиқалық тәрбие кең көлемде, яғни көркем өнерде, адамдардың барлық іс-әрекеттерінде, қоғамдық болмыста жан-жақты сипат алуы тиіс.
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. "Әл Фараби"
Тәрбиелік әрекет адамның ақылды, саналы әрекет аймағына жатады, ал тәрбие ұғымы тарихтың жемісі.
"К.д.ушинский"
Тәрбие-кең мағынада үнемі толығу мен жаңарудың көпқырлы процесі.
"Сухомлинский. В.А"
Тәрбие- қоғамдық маңызы бар әлеуметтік тәжірибені меңгеру.
""Г.Нойцер"
Тәрбие-мақсатты түрде жеке бастың дамуын басқару үдерісі.
"Х.Й.Лийметс"
Қорыта
айтқанда
"Тәрбиелеу дегеніміз халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту әдісі деген сөз". Тәрбие өскелең ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені, диалектикалық-материалистік көзқарасты, жоғары моральді, терең идеялықты, қоғамдық белсенділікті, ақиқатқа шығармашылық қатынасты, жоғары еңбек және мінез-құлық мәдениетін тасымалдау әрекеті.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет