Амантоғай жалпы білім беретін мектебі Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі жоспардың орындалуы туралы ақпарат Амантоғай жалпы білім беретін мектебінде жоспар бойынша «Менің тілім-менің досым»
Амантоғай жалпы білім беретін мектебі Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі жоспардың орындалуы туралы ақпарат Амантоғай жалпы білім беретін мектебінде жоспар бойынша «Менің тілім-менің досым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.Мектеп кітапханашысы тарапынан тілдер күніне байланысты кітапханада бұрыш ұйымдастырылды.Мақсаты:жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін білуге,тілді құрметтеуге үйрету.
5 қыркүйек күні Қазақстан Халықтарының тілдері күні мерекесі және А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Қазақ тілін білгенің-өз еліңді сүйгенің» тақырыбында мерекелік іс-шара ,тілдер апталығында «Великий русский язык» , «Язык мой-друг мой», «I know English» тақырыбында танымдық іс-шаралар өткізілді.
7 сыныптар арасында «Тіл ұлттық қазына»тақырыбында А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай танымдық іс-шара өткізілді.
1-наурыз алғыс айту күніне байланысты 22.02-01.03.2023 аралығында «Ризашылық-мейірімділік бұлағы » тақырыбында апталық өткізілді.
Апталықтың мақсаты:
1. Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.
2. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
3. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
Сонымен бірге Наурыз мейрамын мерекелеудің іс-шаралар жоспары жасалған.
Мереке көпұлтты мемлекеттегі достық пен келісімді нығайтады,ұлттық бірегейлікті сақтауға ықпал етеді,сондай-ақ бейбітшіліктің,бірлік пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып табылады.
Наурыз мейрамының негізгі мақсаты-Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту,ұлттық бірегейлікті сақтау,отбасылық құндылықтарды дәріптеу,қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру.
Мерекенің міндеттері: жалпы қазақстандық рухани құндылықтарды,халықтың бірлігі мен келісімін нығайтуға бағытталған Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту;
ата-аналарға қамқорлық көрсету, жақындарымен және туыстарымен қарым-қатынас жасау дәстүрлерін танымал ету арқылы отбасы институтын нығайту;
азаматтық бейбітшілікті сақтау,әлеуметтік әріптестікті және қайырымдылық мәдениетін дамыту;
этносаралық қатынастар мәдениетен дамыту,қоғамдағы достық пен сенімді нығайту.
Мектеп директоры Б.Г.Аубакиров орындаған А.Т.Нұрғалиева