Американың он үш құрама Штаты бір ауыздан қабылданған декларация



жүктеу 7.93 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.01.2017
өлшемі7.93 Kb.

Американың он үш құрама Штаты бір ауыздан қабылданған декларация: 

G

Адамзаттың  даму  барысында  бір  халыққа 



өзін  басқа  бір  халықпен  байланыстырып 

келген  саяси  келісім-шарттарды  тыйып, 

барша ғаламдағы басқа тәуелсіз елдердің арасында 

табиғат заңдары мен Жаратушы хақылы еткен, жеке 

әрі  тең  мәртебе  алу  қажет  болғанда,  адамзаттың 

пікіріне деген лайықты сыйластықтың жолымен, сол 

халықтан ел болып бөлек шығуға мәжбүрлеп отырған 

себептерді жариялау талап етіледі.    

Біз  мыналарды  дәлелдеуді  қажет  етпейтін  хақ  деп 

білеміз: барлық адамдар бір-бірімен тең жаратылған; 

оларға  Жаратушы  белгілі  ажыратылмас  құқықтар 

жазған; ол құқықтардың ішінде өмір, бостандық һәм 

бақытты  болуға  ізденіс  бар;  осы  құқықтарды  қорғау 

үшін адамдардың арасынан үкімет қалыптастырылып, 

оған әділ өкілеттік құзырындағы басқарылушылардың 

ризалығымен беріледі; үкіметтің кез келген түрі осы 

көзделген мақсатты жоятындай болса, халықтың оны 

өзгертуге  яки  жоюға,  үкіметтің  іргетасын  бастарын 

аман һәм бақытты қылатындай қағидалардан қалап,  

оның  өкілеттігін  де  соған  сай  ұйымдастырып,  жаңа 

үкімет орнатуға хақысы бар.

 

Тәуелсіздік декларациясының преамбуласы 

КОНГРЕСС ЖИЫНЫ, 4 Шілде 1776 жыл.

АМЕРИКА ҚҰРАМА 

ШТАТТАРЫНЫҢ ЕЛШІЛІГІ

Жоғарыда: Тәуелсіздік декларациясының алғаш жарық көрген, сирек кездесетін баспа нұсқасы.  

Документтің түп қолжазба нұсқасы Вашингтонда Ұлттық архивте тұрақты көрмеге қойылған.  ©AP Images  

АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТІ 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЛІМЕТ БАҒДАРЛАМАЛАР БЮРОСЫ

БОСТАНДЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ

Томас Джефферсон Тәуелсіздік декларациясының  



бірінші жобасын жазған.  ©AP Images


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет