Аминдер Орындаған: Ганибаев Ғабит, Губашева Дильназ



Дата11.11.2022
өлшемі465,66 Kb.
#49542
Байланысты:
Аминдер. Ганибаев Ғабит, Губашева Дильназ

Аминдер

Орындаған: Ганибаев Ғабит, Губашева Дильназ

Аминдер —молекуласындағы бір, бірнеше сутек атомы амин тобына

Аминдер —молекуласындағы бір, бірнеше сутек атомы амин тобына

(-NH2) алмасқан көмірсутектердің 

туындылары. Амин тобымен байланысқан радикалдың табиғатына байланысты аминдер алифатты және ароматты болып бөлінеді.

Аминдердіаммиактағы сутек атомдарының орнын радикал басқан аммиактың туындылары деп те қарастыруға болады.

Атаулары мен изомерлері

Халықаралық (ИЮПАК) атау жүйесі бойынша көмірсутектерді нөмірлеп, көмірсутектердің атына аминдиамин немесе триамин деген сөз қосып атайды. Аминдерге көміртек қаңқасының және функционалдық топтың орнына байланысты изомерлену тән.

Алу жолдары

1. Аминдерді нитроқосылыстарды катализатор (Pt, Pd, Ni) қатысында тотықсыздандырып алады:

R – NO2 + 3H2 → R – NH2 + 2H2OӨндірісте анилинді алу нитробензолды катализатор (Pd, Pt, Ni) қатысында тотықсыздандыруға негізделген:

C6H5NO2 + 3H2 → C6H5NH2 + 2Н2O

Н.Н. Зинин (1842 жылы) нитробензолды күкіртсутекпен тотықсыздандырып, анилин алған:

Нитробензолды шойын жоңқасы мен тұз қышқылы қатысында тотықсыздандырып та алады. Атом күйінде сутек бөлініп, ол нитробензолды тотықсыздандырады:[Fе + 2HCl → FеСl2 + 2Н C6H5 - NO2+ 6Н → C6H5 - NH2 + 2Н2O

Физикалық қасиеттері және құрылысы

Қарапайым алифатты аминдер (метиламин, этиламин, диметиламин) газ тәрізді заттар, суда жақсы ериді. Иістері аммиактың иісіне ұқсас. Ортаңғы аминдер сұйық заттар, иістері балықтың иісін еске түсіреді. Құрамында көміртек атомы көп аминдер — иіссіз, қатты заттар. Көміртек тізбегіндегі көміртектің саны өскен сайын суда ерігіштігі төмендейді. Аминдерорганикалықеріткіштерде (бензол, т.б.) жақсы ериді. Анилин түссіз май тәрізді, улы зат. Суда нашар ериді, ал органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Ауада тотығып, қоңыраяды.

Аминдер қасиеттерінің аммиакқа үқсас болуы, олардың электрондық құрылысымен түсіндіріледі.

Аминдер қасиеттерінің аммиакқа үқсас болуы, олардың электрондық құрылысымен түсіндіріледі.

Аммиак молекуласында азот атомының үш электроны ковалентті байланыс түзуге жұмсалады да, жұп электроны бос болады.


Аминдер молекуласының құрылысы да аммиакқа ұқсас, азоттың үш электроны коваленттік байланыста болады, ал бір электрон жұбы бос болады:

Аминдердің химиялық қасиеттері

Аминдер аммиакқа ұқсас негіздік қасиет көрсетеді. Аминдердің негіздік қасиеті — аммиактан жоғары. Себебі аммиакта үш сутек атомының электрон бұлттары азотқа қарай ығысады, ал алкиламиндерде, мысалы, метиламинде екі сутек атомы тікелей жоне үш сутек көміртектің атомы арқылы барлығы бес сутектің электрондары азотқа қарай ығысады. Осының әсерінен метиламинде азот атомындағы теріс зарядтың мөлшері аммиактағы азот атомына қарағанда жоғары болады: 

Теріс заряды көп болғандықтан, амин молекуласындағы азот атомы протон қосып алуға бейім болады да, негіздік қасиет көрсетеді.

Анилин (фениламин)

Анилиннің формуласын әр түрлі жазуға болады:

Анилин қаныққан көмірсутектердің аминдері сияқты қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзгенімен, сулы ерітіндісінде лакмустың түсін өзгертпейді. Яғни, қаныққан көмірсутектердің аминдерінен анилиннің негіздік қасиеті әлсіз болғаны.

Бұл құбылысты анилин молекуласындағы атом топтарының өзара әсері арқылы түсіндіруге болады. Фенол молекуласындағы сияқты бензол сақинасы аминтобындағы азоттың бос электрон жұбын өзіне тартады. Азот атомының электрон тығыздығы азайғандықтан, оның протонды өзіне тартуы кеміп, негіздік қасиеті төмендейді. Анилин химиялық реакцияларға амин тобы жәнө бензол ядросы бойынша түседі.[

Аминдердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы

Метиламин CH3NH2— өткір иісті, түссіз газ. Иісі аммиактың иісіне ұқсас. Суда жақсы ериді, қанық ерітіндіде 35—40% метиламин болады.

Өндірісте метиламинді көгерткіш қышқылды катализатор қатысында тотықсыздандырып алады:

Н-C≡N + 2Н2 → CH3-NH2Органикалық синтезде метиламинді дәрі-дәрмектер алу үшін қолданады. Сонымен қатар метиламиннен бояғыш заттар және беттік белсенді қосылыстар алынады.

Гексаметилендиамин Н2N(CH2)6NH2 — түссіз кристалды зат, суда ериді.

Гексаметилендиамин полиамидтер және синтездік талшық — нейлон алу үшін қолданылады.

Анилин C6H5NH2— өзіне тән иісі бар, түссіз майлы сұйықтық. Суда нашар ериді, спиртэфирбензол сиякты органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Анилинге тотықтырғыштармен әсер еткенде, түстері әр түрлі аралық бірнеше өнім (мысалы, қара анилин) түзіледі. Анилин дәрі-дәрмектер (мысалы, сульфаниламидті препараттар), қопарылғыш заттар, анилинді бояулар, антитотықтырғыштар алуда алғашқы өнім болып табылады.

Анилин C6H5NH2— өзіне тән иісі бар, түссіз майлы сұйықтық. Суда нашар ериді, спиртэфирбензол сиякты органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Анилинге тотықтырғыштармен әсер еткенде, түстері әр түрлі аралық бірнеше өнім (мысалы, қара анилин) түзіледі. Анилин дәрі-дәрмектер (мысалы, сульфаниламидті препараттар), қопарылғыш заттар, анилинді бояулар, антитотықтырғыштар алуда алғашқы өнім болып табылады.

Аминдерді аммиак молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарының орнын радикал басқан аммиактың туындылары деп қарастыруға болады. Аминдер негіздік қасиет көрсетеді. Радикалдың құрылысына байланысты алифатты және ароматты болып бөлінеді. Негіздік қасиеттері осы радикалдың құрылысына байланысты болады.[



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет