(Т,Қ)Үй жұмысын тексеру арқылы оқушыларды топқа бөлу Мақсаты:Өткенді қайталап, Отырар қаласы жайлы білімдерін тексеру. Тапсырма:Сөздерді оқыңдар.Дұрыс сөйлем шығатындай етіп, орындарыңды тауып тұрыңдар.
Оқушыларға Отырар қаласы жайлы 5 сөйлемнің сөздері жазылған қима қағаздары беріледі.Оқушылар қима қағазда жазылған сөзді оқиды, дұрыс сөйлем құрастырып, тұрады.Әр топ өз сөйлемін оқиды. Қалған топтар сөйлемнің дұрыс құрылуын тексереді.Қосымша сұрақтар қояды, жауап береді. Мысалы: 1.Отырар қаласы Қазақстанның көне қалаларының бірі. 2.Қасиетті Отырар қаласында Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келген. 3.Отырар қаласының алғашқы атауы Фараб болған. (Ұ,Ө)Тыңдалым.Есте сақтау диктанты. Мақсаты:Өткенді қайталап, сабақтың тақырыбын ашу.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тапсырма:Сөздерді мұқият тыңдап, есте сақтаңдар.Айтылған сөздерді жазыңдар.
Сөздер: Түркістан, Тараз, Отырар, Сайрам, Сауран, Сарайшық. Диктанттан кейінгі жұмыс: Сөздер тақтаға шығарылады. Оқушылар дәптерлерімен ауысып, бір-бірін дескрипторлар арқылы тексереді. Санын тексеру, қала атауларының жазылуын тексеру және бағалау.