Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласы білім бөлімі «кмм техникалық лицей»


Тақырыбы: «Қазақ операсы» Мақсаты



бет6/35
Дата06.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#72128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Тыңдалым арқылы тілді меңгеру авторлық бағдарлама

Тақырыбы: «Қазақ операсы»
Мақсаты: Оқушылардың мәтін мазмұнын меңгеру арқылы тестік тапсырмаларды орындау деңгейлерін анықтау.
Қазақстанда екі опера және балет театры бар. Біріншісі – Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры. Ол театр 1934 жылы 13 қаңтарда ашылып, өз репертуарын Мұхтар Әуезовтың либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклінен бастады. 1945 жылы театрға Абай есімі беріліп, «Амангелді» қойылымы көрсетілді.
Екіншісі - «Астана-Опера» Мемлекеттік опера және балет театры. Бұл театр тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген. Театрда тұңғыш рет Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» спектаклі қойылды. «Астана-Опера» театрының директоры болып Төлеген Мұхамеджанов тағайындалды. «Астана-Опера» залына 1250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналып жасалған.

  1. Қазақстанда неше опера және балет театры бар?

  1. 2

  2. 3

  3. 4

  4. 5

  5. 1

  1. Абай атындағы опера және балет театры қай жылы ашылды?

  1. 1933 жылы

  2. 1932 жылы

  3. 1934 жылы

  4. 1935 жылы

  5. 1945 жылы

  1. 1945 жылы театрға кімнің есімі берілді?

  1. Абай

  2. Ыбырай

  3. Мұхтар

  4. Ахмет

  5. Біржан

  1. «Астана Опера» театрында алғаш рет қойылған спектакль?

  1. «Айман-Шолпан»

  2. «Қыз Жібек»

  3. «Біржан-Сара»

  4. «Абай»

  5. «Қарагөз»

  1. «Астана Опера» залына қанша көрермен сыяды?

  1. 1200

  2. 1220

  3. 1300

  4. 1250

  5. 1350

8 тыңдалым. 9 сынып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет