Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы №3 хаттама Жосалы ауылы



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата03.05.2023
өлшемі425,83 Kb.
#89615
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
qamqorshylyq-kenes-22-05-19

ХАТТАМАСЫ №3 
Өтілген күні: 25.01.19 ж. 
Қатысқандар: мектеп директоры Ж.Дуйсенова, қамқоршылық кеңес төрағасы: 
Е.С.Абдуллин, А.Арыстанова, Л.Пірімжарова, А.Байменшина, Т.Гайдай. 
Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 
1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу 
шаралары 
2. Педагог мәртебесі туралы заң жобасын талқылау 
3. Бос білім беру ұйымдары басшыларын тағайындаудағы қамқоршылық кеңесінің ролі 
Тыңдалды: 1-мәселе 
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Елеуов кәмелетке толмағандар арасындағы
құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын-алу шаралары бойынша жылдық жұмыс 
жоспары таныстырып, І жарты жылдықта атқарылған іс-шаралар есебін баяндады. Осы 
уақытқа дейін мектеп оқушыларының арасында құқықбұзушылық фактілерінің 
тіркелмегенін жеткізді. Кеңес мүшелері сөз сөйлеп, құқықбұзушылықтың алдын-алу 
мақсатында оқушылардың түнгі уақытта /22.00-ден кейін/ көшеде жүрмеуін қадағалап, 
ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен бірлесіп рейд жұмыстарын 
жандандыруды ұсынды.
Тыңдалды: 2 мәселе
2019 жылы қабылдауға ұсынылған педагог мәртебесі туралы заң жобасын кеңес 
төрағасы Е.Абдуллин таныстырып, талқылауға ұсынды. Ұсынылған заң жобасында
мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін барлық игіліктер 
қарастырылған. Мұғалімдердің жүктемесін азайтуға, жоспардан тыс тексерістер мен 
міндеттен тыс функцияларды азайтуға мүмкіндіктер беретінін айтты.
Тыңдалды: 3 мәселе
Қамқоршылық кеңесінің төрағасының орынбасары А.Байменшина Қазақстан 
Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген 
«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің 
жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына 
конкурстық тағайындау» қағидаларындағы қамқоршылық кеңесінің міндеттерімен 
таныстырды. 
Шешімі: 
1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын-алу 
шаралары жандандырылсын. 
2. Ұсынылған педагог мәртебесі туралы заң жобасындағы мәселелер ұсынылсын. 
3. Бос білім беру ұйымдары басшыларын тағайындауда қамқоршылық кеңесімен бірлесе 
жұмыстар жүргізілсін. 
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Е.Абдуллин
Хатшы: Ж.Н.Терекбаева


«Жосалы орта мектеп-бала бақшасы»КММ 
«Қамқоршылық кеңес» отырысының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет