An introduction to educational research methods. Введение в образовательные исследовательские методы Білім беру-зерттеу әдістеріне кіріспе


Қадам 3. Мәліметтерді жинауға дайындалу



Pdf көрінісі
бет85/85
Дата06.03.2017
өлшемі32,4 Mb.
#8078
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85

Қадам 3. Мәліметтерді жинауға дайындалу

Жағдаяттық зеттеу көптеген дереккөздерден көп мөлшердегі мәліметтерді жинауды 

қарастыратын  болғандықтан,  сізге  мәліметтер  ағыны  үрей  тудырмас  үшін  және 

бастапқы мақсат пен зерттеу мәнін назардан жіберіп қоймас үшін мәліметтерді жүйелі 

түрде ұйымдастыру маңызды болып табылады. Алдын-ала дайындалу көп мөлшердегі 

мәліметтерді құжаттандырып, жүйеге келтіруге көмек береді. Зерттеушілер санаттау, 

сұрыптау, сақтау мен талдау үшін мәліметтерді іздеу үшін мәліметтер базасын құрайды. 

 

Иллюстративті  кейс-стади  зерттеушілер  үшін  жақсы  оқыту  бағдарламаларын 



дайындайды,  алқаптық  жұмыс  басталғанға  дейін  нақты  хаттамалар  мен  үдерістерді 

белгілеп алады және айқын кедергілер мен мәселелерді жою үшін алқаптық жұмысқа 

ауыспас  бұрын  пилоттық  зерттеулер  жүргізеді.  Сізге  тиімді  сұрақтар  қою,  жақсы 

тыңдаушы болу қажет – сұхбат барысында нақты тұжырымдамаларды мұқият тыңдау, 

жауаптарды толық көлемде талдау үшін қабілетті болу қажет. Сізге деректерді іздеуде 

құжаттарға шолу жасау, алайда қатарлар арасын оқып, мүмкін болатын кездерде басқа 

жерлерден бірлестік дәлелдемелерін іздеу қажет. Сізге зерттеу мақсаты мен міндетін 

түсініп  алу  және  қарама-қайшы  келетін  нәтижелерге  ашық  болу,  сонымен  қатар 

жағдаяттық зерттеуді әкелуге сенімсіз немесе одан қорқуы мүмкін шынайы адамдар 

әлеміне шығатыныңызды түсіну қажет. 



Қадам 4. Алқаптық мәліметтер жинау

Сізге  қиылысатын  тергеу  сызықтары  мен  үлгілерін  анықтау  үшін  көрсетуге  және 

топтастыруға  болатын  форматтарда  түрлі  дәлелдемелер  көздерін  жүйелі  түрде 

жинау қажет. Сізге мұқият түрде жағдаяттық зерттеу нысанын бақылап, бақыланатын 

құбылыспен байланысты каузалды факторларды анықтау қажет. Зерттеу нысандарымен 

келісімдерді келісу немесе сұхбатқа сұрақтарды қосу зерттеу барысында талап етілуі 

мүмкін. Жағдаяттық зерттеу икемді, алайда енгізілетін өзгерістер жүйелі құжаттандыруды 

талап етеді. 

 

Тиімді кейс-стадиді алқаптық жазбалар мен мәліметтер базасын әрі қарай қайта 



түсіндіру  үшін  дайын  болуы  үшін  мәліметтерді  санаттау  мен  оларды  қолдану  үшін 

пайдаланады.  Алқаптық  ескертпелер  сезіну  мен  ішкі  түйсікті  бекітеді  және  сұрақтар 

қояды  және  жұмыс  барысын  құжаттандырады.  Олар  кейінгі  есептерде  пайдалануға 

болатын түсініктемелерді, тарих пен иллюстрацияларды бекітіп отырады. Олар клиентке 

ерекше  назар  аудару  түріндегі  мүмкін  сыңаржақтық  туралы  хабарлай  немесе  үлгінің 


The Case Study

742


туылуының ерте белгісі бола алады. Олар жасалған бақылаулар негізінде сауалнаманы 

қайта тұжырымдау немесе қайта құрастыру қажеттігін анықтауға көмек береді. Алқаптық 

ескертпелерді талдау үшін жиналып сақталған мәліметтерден жеке сақтау қажет. Аспект 

пен дәлелдеме арасындағы сақтау міндетті болып табылады. Cіз мәліметтер базасына 

кейбір мәліметтерді енгізе және басқа да мәліметтерді физикалық түрде сақтай аласыз, 

алайда  жұмыс  барысында  сұрыптау  мен  зерттеу  үшін  оларды  тез  табу  үшін  барлық 

дәлелдемелерді қарама-қайшы сілтемелермен жабдықтай аласыз. 

Қадам 5. Мәліметтерді бағалап талдау

Бастапқы зерттеу міндеттемесіне сілтеме жасай отырып, зерттеу нысаны мен сіздің 

нәтижелеріңіздің арасындағы байланысты табу үшін көптеген түсініктемелер арқылы 

бастапқы мәліметтерді зерттей аласыз. Бағалау мен талдау барысында жаңа мүмкіндіктер 

мен пікірлер үшін ашық болуыңыз тиіс. Кейс-стади әдісі, түрлі мәліметтерді жинау мен 

талдау әдістерін пайдалана отырып зерттеушілерге нәтижелер мен қорытындыларды 

растау үшін мәліметтер үшбұрышына мүмкіндік береді. 

 

Жақсы жағдаяттық зерттеу жаңа түсінік қалыптастыру үшін түрлі тәсілдермен 



мәліметтерді сұрыптайды және талдауды теріске шығару үшін қарама-қарсы мәліметтерді 

қасақана түрде іздейді. Сізге бастапқы болжамдар немесе зерттеу мақсатына жүгіну 

үшін мәліметтерді санаттау, табуляциялау мен жинақтау және жауаптардағы қарама-

қайшы деректер мен айырмашылықтарды тексеру керек. Қосымша мәліметтерді жинау 

үшін мақсатқа бағытталған, қысқа әрі жиі сұхбаттар, негізгі бақылаулар немесе деректі 

тексеру талап етілуі мүмкін. 

 

Нақты әдістер ақпаратты жинақтарға орналастыруды, санаттардан матрицалар 



түзуді, блок-сызбалар немесе басқа да иллюстрацияларды құру және оқиғалар жиілігін 

табуляциялауды қамтуы мүмкін. Сізге өзара қарым-қатынастар негізінде жатқан негіздеме 

немесе теорияны түсіну үшін мейлінше пайдалы болатын сапалы мәліметтерді растау 

мен  қолдау  үшін  жиналған  сандық  мәліметтерді  пайдалану  қажет.  Басқа  әдіс  –  түрлі 

пікірлерді негізге ала отырып мәліметтер мен үлгілерді зерттеу түрінде артықшылықты 

алу үшін бірнеше зерттеушілерді пайдалану болып табылады. Көптеген бақылауларды 

қабылдау нәтижелердегі сенімділікті арттырады. 

 

Үлгімен салыстыру эмпирикалық үлгіні есептікпен салыстырады. Ішкі жарамдылық 



үлгілер  сәйкес  келген  кезде  артады.  Егер  кейс-стади  түсініктеме  беруші  болса,  онда 

үлгілер тәуелді немесе тәуелсіз айнымалылармен байланысты болуы мүмкін. Егер бұл 

сипаттамалы зерттеу болатын болса, онда есептік үлгіні мәліметтерді жинау басталғанға 

дейін анықтау қажет. Йин (2008) тәуелсіз айнымалылар болған кезде үлгілерді салыстыру 

үшін бәсекелес түсіндірмелерді пайдалануды ұсынып отыр. Бұл бәсекелес теориялық 

болжамдарды  түзуді  талап  етеді,  алайда  жалпы  мәселе  ретінде  есептікпен  үлгінің 

ұқсастық деңгейі болып қала береді. 

Қадам 6. Есепті дайындау

Жақсы  жағдаяттық  зерттеу  күрделі  мәселені  жеңіл  түсінетін  ұғымға  айналдыру  үшін 

оқырманға  зерттеу  мәнін  үйренуге  және  зерттеушіге  байланысты  емес  пікірді  алу 


The Case Study

743


үшін мәліметтерді хабарлайды. Жағдаяттық зерттеу мәліметтерді жалпы қол жетімді 

тәсілдермен  ұсынады  және  оқырманға  өзінің  шынайы  өмірлік  жағдайын  қолдануға 

мүмкіндік береді. Барлық бағыттарды зерттеуде оқырманның бойында сенімділік тудыру 

үшін,  жағдайдың  шекараларын  нақты  белгілей  отырып  және  қарама-қайшы  келетін 

болжамдарға ерекше назар аудара отырып жеткілікті дәлелдемелерді ұсынуға ерекше 

назар аударған жөн. 

 

Есепті жасау әдістері жекелеген тарау немесе хронологиялық мазмұндау түрінде 



әрбір  кейсті  ұсынуды  қамтуы  мүмкін.  Немесе  әңгіме  түрінде  жағдаяттық  зерттеудің 

нәтижелерін де байланыстыруға болады. Есепті дайындау барысында есепті жетілдіру 

тәсілдерін қадағалай отырып құжатты сыни жолмен меңгерген дұрыс, сәйкесінше есепті 

қайта жазып, түзеткен дұрыс.



Кейс-стадиді білім беру саласында қолдану

Жағдаяттық зерттеу танымалдыққа ие болған салалардың бірі білім беру саласы болып 

табылады, аналитикалық ойлауды, дағды мен білімді дамыту үшін бағалау оқыту үшін 

маңызды болады (Stake, 1995). Оқыту мен оқу мәнерлері өз табиғаты бойынша өзгеріп 

отырады және соңғы жылдары дәрістік оқыту әдісінен оқушыға бағытталған тәсілдерге 

көбірек  назар  аударып  ауысу  басымдыққа  ие  болып  отыр.  Оқушылар  оқу  үдерісіне 

белсенді түрде қатыстырылған кезде олар тиімдірек оқиды және кейстер әдісі осындай 

белсенді оқыту стратегияларын жүзеге асыру тәсілдерінің бірі болады. Осындай оқушыға 

деген  бағыт  әдетте  қолданбалы  ортадағы  теориялық  концепцияларды  көрсететін 

тақырыптарға  негізделеді.  Жағдаяттық  зерттеудің  осы  анықтамасы  көптеген  оқыту 

түрлерін  қамтиды  –  қысқа  жеке  кейстерден  бастап  мейлінше  ұзақ  мерзімді  топтық 

сабақтарға дейін. 

 

Білім беру саласында жағдаяттық зерттеудің жүзеге асуын көрсету үшін төменде 



осы әдістемені қамтитын зерттеулердің біршама мысалдары келтірілген. 

Мысал 1

Қоршаған орта химиясын оқытуда концептуалды және уәждемелік мән үшін анимация мен 

үлгілеуге ерекше назар аудара отырып визуалды оқыту мен оқу әдістерін сыни бағалау 

(зерттеу жұмысы педагогика саласындағы магистр дәрежесін алу үшін жүргізілген) 

Зерттеу  анимация  мен  үлгілеуді  олардың  концептуалды  және  уәждемелік  мәні  үшін 

қоршаған орта химиясын оқытуда пайдалану мен тиімділігіне арналған. 

 

Анимация оқушылардың оқуына қалай көмек көрсететінін және жаратылыстану 



саласында уәждемені қалай жетілдіретінін зерттеу үшін, зерттеуге екі жыныстағы дарынды 

тоғызыншы сынып оқушыларынан құралған топ жинақталып алынған. Флэш-анимация 

қышқылды жаңбырдың түзілу ұстанымын оқыту үшін пайдаланылған және старт-стопты 

анимация ғаламдық жылыну ұстанымын оқыту үшін пайдаланылған. Материалды меңгеру 

мен уәждеме үшін анимацияны пайдалану пайдасы туралы оқушылардың пікірі сабақтар 

барысында оқушылармен жеке әңгімелер кезінде алынған болатын. Оқушылар өздерінің 

сүйікті пәндері мен жаратылыстану туралы пікіріне арналған сауалнаманы да толтырды. 


The Case Study

744


Одан  бөлек,  оқушылардан  анимация  туралы  не  ойлайтынын  сабақтар  барысында 

сұраған болатын. Анимация оқушылардың жаратылыстану пәні бойынша нәтижелерін 

жетілдіретініне қандай да бір өлшемді нұсқаулар болмағанның өзінде, оқушылардың 

көпшілігінің  хабарлауынша,  анимациялар  оларға  қарқынды  концепцияларды  түсініп, 

есте сақтауға көмек берді. Сондықтан ғылыми концепцияларды түсінуге көмек беретін 

мүмкін құрал ретінде қолдануды ұсынбайды. 



Мысал 2

Дарынды  және  таланттылар:  мектептердегі  саясат  пен  оларды  жүзеге  асыру 

(зерттеу жұмысы педагогика саласындағы магистр дәрежесін алу үшін жүргізілген) 

Зерттеу жұмысы жалпымектептік деңгейде және жоғарғы көрсеткіштерге екі бірдей 

аралас  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  бөлімшелер  деңгейінде  дарынды  және 

талантты  (ДжТ)  оқушылар  туралы  ережелерге  арналған.  Мәліметтер  мектептер 

тарапынан  ұсынылған  ДжТ  құжаттамасы  арқылы,  сабақтарды  бақылау  мен  ДжТ 

үйлестірушілерімен  сұхбат,  жаратылыстану  мұғалімдері  мен  ДжТ  оқушылармен 

сұхбат  барысында  жинақталған.  Мектептегі  құжаттамамен  (саясат,  ата-аналарға 

арналған  кеңестер  және  т.б.)  қатар  GATCO  сұхбат  жүргізу  мектептің  ДжТ  ұлттық 

бастамасын қалай түсіндіріп жүзеге асырғанын анықтау үшін пайдаланылған болатын. 

Осы  жобаға  жинақталған  мәліметтердің  көрсетуінше,  біздің  мектептерімізде  ДжТ 

оқушылардың уәждемесі мен қызығушылығын қолдау үшін біз мұндай оқушылар үшін 

әр сабақта жұмысты түрлендіруіміз, не оларды қосымша жұмыспен тым жүктемеуіміз 

қажет. Керісінше, мектеп өмірінің кейбір салаларында оларды ынтыландыра отырып 

(бағдарлама бойынша қосымша сабақтар, спорт, мектепішілік міндеттемелер немесе 

қосымша  жоспардан  тыс  сабақтар  болсын),  ДжТ  оқушылар  қосымша  жүктеме  мен 

табыс арасындағы сау теңгерімді сақтай алады. 



Мысал 3

Жаратылыстану  сабақтарында  7  сынып  оқушыларының  оқуы  мен  ынталануына 

топтық жұмыстың әсері қандай? (зерттеу жұмысы педагогика саласындағы магистр 

дәрежесін алу үшін жүргізілген)

Бұл зерттеу жұмысы топтық жұмыстың тиімділігіне сұраныстың өсуінің нәтижесінде 

жүргізілген, академиялық көзқарасты негізге алатын болсақ – «Beyond 2000» есебінде 

көрсеткендей,  «жастар  ғылым  саласындағы  әлеуметтік  үдерістер  туралы  белгілі  бір 

пікірге ие болуы тиіс» (Millar and Osborne, 1998: 20) – ұлттық пікірді негізге алатын 

болсақ – бекітіліп отырғандай, мектептер «… оқушылардың топқа біріктірудің мейлінше 

икемді және табысты әдістерді пайдалануы…» (DfEE, 1997: 39) тиіс. 7 сыныпта күштерге 

арналған бірқатар сабақтар жүргізілген және әрбір сабақ топтық тапсырманы қамтыған. 

Топтық тапсырмаға дейін және одан кейін уәждемені бағалау үшін уәждеме бойынша 

сұрақтар берілген болатын. Оқушылардың оқуын бағалау үшін олардың тестілерінің 

теңдестірілген нәтижелері жасушалар бойынша бұрынғы тестілермен салыстырылған, 


The Case Study

745


олардың  тақырыптары  топтық  жұмыссыз  оқытылған.  Оқыту  кезеңі  барысында  апта 

сайын топтық жұмыс туралы олардың пікірін бағалау үшін кішкене оқушылар тобымен 

талқылаулар жүргізілген. Оқушылар басында жұмыс туралы оң пікірлер білдіргені және 

жалпы алғанда оқуға деген оң әсер байқалғаны анықталған. Уақыт өте келе әлеуметтік 

факторлар  тиімді  топтық  жұмысқа  әсер  ете  бастады  және  үдеріс  бәсеңдеп  отыр. 

Уәждеме  мәнерлері  бірқатар  сабақтар  нәтижесінде  өзгерген,  полярлық  жауаптар 

алынған. Топтық жұмыс ұсынылып отыр, алайда ынтымақтастықтан пайда болуы үшін 

оқушылардың әлеуметтік дағдыларын мұқият жоспарлау мен дайындауға ерекше назар 

аудару ұсынылып отыр. 

Мысал 4

«Оқушыларды  бастауыш  мектептен  орта  мектепке  ауыстыру:  Негізгі  пән  –  дене 

шынықтыруды жағдаяттық зерттеу», авторлар: Сьюзан Кейпл, Пола Звоздяк-Майерс 

және Джулия Лоуренс, педагогика бойынша зерттеу (2007)

Бұрын  жүргізілген  зерттеулердің нәтижелері  (напр.,  Galton  et  al.,  1999;  Schagen  and 

Kerr,  1999)  ұсынып  отырғандай,  мұрагерлік  пен  үдемелілік  Англиядағы  ұлттық  оқу 

бағдарламасының  құжаттарында  қамтамасыз  етілгенімен,  олар  бастауыш  мектептен 

орта мектепке ауысу кезінде мектептермен қамтамасыз етілмейді. Бес жергілікті білім 

беру мекемелеріндегі дене шынықтыру бойынша 14 кафедра меңгерушісі (10 ер кісі мен 

4 әйел) зерттеуге тартылған. Бұл 14 кафедра меңгерушісі осы зерттеу жұмысының ерте 

кезеңінде дене шынықтыруға қатысты бастауыш сыныптан орта мектепке ауыстыруды 

қолдау үшін бірқатар шараларға қатысты. Сұхбаттар жартылай құрылымдалған болып, 

40  минуттан  1  сағатқа  дейін  жалғасқан.  Әдістің  реттілігін  қамтамасыз  ету  үшін,  бір 

зерттеуші  барлық  кафедра  меңгерушісімен  сұхбат  жүргізген.  Бұл  сұхбат  алушы 

Англияның орта мектептерінде дене шынықтыру сабағын берген. Сұхбат оқушыларды 

дене  шынықтыру  саласы  бойынша  бастауыш  сыныптан  орта  мектепке  ауыстыру 

маңызы туралы сұрақтарды; дене шынықтыру саласы бойынша оқушыларды бастауыш 

сыныптан орта мектепке ауыстыруды қолдау үшін қолға алынған іс-шараларды және 

ауыстыруды қолдау мен осы қолдауды дамыту мен сақтау бойынша әлеуетті тәсілдерді 

шектейтін  факторларды  қамтиды.  Келесі  сұрақтар  әрбір  кафедра  меңгерушісінен 

алынған жауаптарды есепке ала отырып қойылған болатын. Сұхбат аудиотаспаларға 

жазылған, содан кейін жазылып алынған болатын. Жазылымдарды толықтай екі адам 

оқып шықты, ал жауаптарын кодтап қойған болатын. Осы аз ауқымды сапалық зерттеу 

нәтижелері  көрсетіп  отырғандай,  осы  14  кафедра  меңгерушісінің  пайымдауынша, 

бастауыш  сыныптан  орта  мектепке  ауыстыру  дене  шынықтыру  саласында  маңызды 

болады. Алайда нәтижелер көрсетіп отырғандай, бұл жағдай тәжірибеде ретпен жүзеге 

асырылмайды.  Мұны  осы  кафедра  меңгерушілерінің  көпшілігі  айтып  отыр.  Олардың 

хабарлауынша, кафедра саясаты түрінде олар өз тәжірибесін рәсімдеп сипаттамаған. 

Керісінше,  аударма  –  олар  жасауға  талпыныс  жасаған  нәрсе,  алайда  ол  жеткілікті 

дәрежеде бейресми болып табылады. 


The Case Study

746


Мысал 5

«Кеңес  беруші  оқушылардан  «зерттеуші  оқушыларға»  дейін:  кейс-стади  сипаттау», 

авторлары: Пэт Томсон мен Хелен Гюнтер, British Educational Research Journal (2006)

Англиядағы  мектептер  оқыту  мен  оқу  сұрақтары  бойынша  оқыту  мен  кеңес  беру 

бағдарламасын «тұлғаландыруды» қолдап отыр. Бұл мақалада оқушылармен қалағанынша 

таңдалатын  пәндердің  санын  арттыру  үшін,  орта  сыныптарда  ықпалдастырылған 

оқу  бағдарламасын  ендіру  мен  инклюзивті  және  шынайы  жалпы  білім  беруді  сақтай 

отырып оқыту мен оқуды жетілдіру үшін көп күш жұмсаған бір орта мектепті бағалау 

туралы есеп ұсынылып отыр. Авторлар жалпымектептік оқушылар арасында жүргізілген 

сауалнамада  «оқушы  үні»  бағалау  санатын  жасау  бойынша  кеңес  беруші  оқушылар 

тобымен  бірге  жұмыс  жасады.  Олар  сонымен  бірге  мұғалімдермен,  оқушылармен 

және  директорлармен  сабақтарды  және  жиналыстарды  бақылай  отырып  сұхбаттар 

жүргізді және оқушылар ойларының диаграммасын түзді. Зерттеу көрсетіп отырғандай, 

оқушылардың зерттеушілік тобымен бірлесе отырып жұмыс жүргізу үшін авторлармен 

қолданылған  үдерістердің  маңыздылығын  және  олардың  кеңес  беруші  оқушылардан 

зерттеуші оқушыларға айналып отырғанын анықтап отыр және әлеуетті түрде мейлінше 

ауыстырушы  тәжірибе  болып  табылады.  Сонымен  бірге  ретсіз  және  бірыңғай  емес 

ретінде «оқушының пікірін» қабылдау сұрағы қойылып отыр. 



Мысал 6 

«Үйдегі  ғылыми  жоба  жаратылыстану  сабақтарында  оқуды  бағалау  құралы  бола  ала 

ма?», авторлары: Луиз Ньюби мен Марк Уинтерботтом, Educational Review, (2011)

Көптеген ағылшын мектептері үй тапсырмалары саясатына ие болады. Олар бір аптада 

әрбір  оқушы  үшін  қанша  үй  тапсырмасын  беруге  болатынын,  ол  мәнмен  орындалуы 

мүмкіндігін анықтайды. Зерттеу ұсынып отырғандай, Оқу үшін бағалау (AfL) оқушылардың 

оқуын қолдаушы ретінде, алайда мұғалімдер өз тәжірибесіне AfL әдістерін енгізуді қиын 

көріп  отыр.  Бұл  зерттеу  бірнеше  апта  ішінде  орындалатын  үйдегі  ғылыми  жобаны 

зерттейді,  жоғарғы  мектептің  13-18  жастағы  оқушылары  арасында  AfL  әдістерін 

ықпалдастыру арқылы жүзеге асуы мүмкін. 

 

Үй тапсырмасын орындамас бұрын оқушыларға талаптар хабарланып, бағалау 



критерийлеріне  сәйкес  құрдастарымен  жұмысты  өз  бетінше  және  топтық  бағалау 

мүмкіндігі  берілген.  Олардың  жұмысы  оқушылардың  өз  жұмысын  бағалау  жауабына 

өзгерткенін  зерттеу  үшін  бағаланған.  Оқушылар  сонымен  бірге  назардағы  топпен 

сұхбат алу үшін негіздеме болған қысқаша сауалнаманы да толтырды. Нәтижелердің 

пайымдауынша, үйдегі ғылыми жоба AfL әдістерімен қатар оқушылардың оқуына әсер 

ете алады және мұндай жоба AfL жүзеге асыруға септігін тигізе алады. 



The Case Study

747


14.1 тапсырма

1  Осы  тарауда  сипатталған  жағдаяттық  зерттеу  түрлері  бойынша  әрбір 

жоғарыда сипатталған зерттеуді санаттау және зерттеу жүргізу тәсілдеріне 

қарай әрбір жобаны мұқият зерттеп отыру. 

2 Өзіңізге қызығушылық тудыруы мүмкін тақырып пен ол үшін ең оңтайлы 

кейс-стадиді пайдалана отырып өз жағдаяттық зерттеуіңізді құру. 



Негізгі ойлар

Кейс-стади – бұл сұрақтарды зерттеудің дәстүрлі тәсілі болып табылады 

және  оның  мақсаты  –  мүмкіндігінше  толық  әрі  нақты  түрде  зерттелетін 

жағдайды сипаттап беру болып табылады. Зерттеушілер кейс-стади әдісін 

көптеген жыл қатарынан бірқатар пәндерде пайдаланып келген. 

 

Үлкен  таңдалымдар  мен  айнымалылар  санының  шектеулі 



зерттелуінің қатаң хаттамаларының орнына кейс әдістері бір дана немесе 

оқиғаны – кейсті терең әрі ұзақ мерзімді зерттеуді қамтиды. Сондықтан 

жағдаяттық  зерттеу  оқиғалар  немесе  шарттардың  шектеулі  санын  жан-

жақты  мәнмәтіндік  талдауға  және  олардың  өзара  байланыстарына  назар 

аударады. 

 

 Жағдаяттық зерттеу бізге күрделі сұрақ немесе нысанды түсінуге 



көмек береді және біздің тәжірибемізді кеңейте немесе өткендегі зерттеу 

нәтижелері бойынша бізге танымал жайтты растауға мүмкіндік береді. Ол 

барлаушы,  түсіндіруші  немесе  сипаттамашы  болуы  мүмкін.  Жағдаяттық 

зерттеудің  стандартты  хаттамасы:  зерттеу  міндеттерін  анықтау, 

жағдайларды таңдау мен мәліметтерді жинау мен талдау әдістерін анықтау, 

мәліметтерді жинауға дайындау, алқаптық мәліметтерді жинау, мәліметтерді 

бағалау мен талдау және есепті дайындау. 

 

Жағдаяттық  зерттеу  әдістемесін  сынаудың  негізінде  оның  бір 



реттік жағдайға бағыныштылығы оның жалпылығын шектейтін болып отыр. 

Ерікті таңдауды сұраудың орнына, жағдаяттық зерттеу жалпы жиынтықты 

білдірмейді, дегенмен оған үміттенбейді.

 

Жағдаяттық зерттеулер білім беру саласында жиі қолданылады. Атап 



айтқанда, білім беру білім беру бағамы үшін кейстер әдістерін пайдаланады 

және  аналитикалық  ойлау,  дағдылар  мен  білімдерді  оқыту  мен  дамыту 

мақсатында қолданады. 


The Case Study

748


Қосымша оқу үшін 

Eisenhardt, K.M. (1989) ‘Building theories from case study research’, The Academy of Man-

agement Review, 14: 532–50.

Flyvbjerg, B. (2006) ‘Five misunderstandings about case study research’, Qualitative Inquiry, 

12: 219–45.

Ragin, C.C. and Becker, H.S. (1992) What is a Case? Exploring the Foundations of Social 

Inquiry. Cambridge: Cambridge University Press.

Scherff, L. (2008) ‘Disavowed: The stories of two novice teachers’, Teaching and Teacher 

Education, 24: 1317–32.

Scholz, R.W. and Tietje, O. (2002) Embedded case study methods: Integrating Quantitative 

and Qualitative Knowledge. Thousand Oaks, CA: Sage.

Singleton, R.A. and Straits, B.C. (2004) Approaches to Social Research (3rd edn). Oxford: 

Oxford University Press. 

Рефлексияға арналған сұрақтар

1 Жағдай шекарасын қалай анықтадыңыз?

2 Кейс-стади әдісінің артықшылықтары қандай?


The Case Study

749


AN INTRODUCTION TO EDUCATIONAL RESEARCH METHODS.

Ввдение в образовательные исследовательские методы

Білім беру-зерттеу әдістеріне кіріспе

Dr ELAINE WILSON & PROFESSOR AIZHANA ABIBULAYEVA


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет