Ќан жїйесі физиологиясы


Бұлшық ет жиырылуының механизмі



бет86/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   128
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы

Бұлшық ет жиырылуының механизмі. Бұлшық еттің жиырылу механизмі өте күрделі. Қазіргі кезде оны А.Ходжкин, А.Хаксли ұсынған протофибриллалардың «сырғанауы» атты теория негізінде түсіндіреді. Бұл теорияға сәйкес тыныштық жағдайында актин жіпшелері өздерінің ұшымен миозин жіпшелерінің арасына еніп жатады. Бұлшық ет қозған кезде актин мен миозин арасындағы құрылымдық және физика-химиялық байланыстар өзгеріп, актин жіпшелері миозиннің бойымен саркомердің ортасына қарай жылжи бастайды да, Z мембранасын өзімен бірге тартады, саркомер қысқарады.

Бұл процесс саркоплазмалық торда сақталатын кальций иондарының қатысуымен жүреді. Тітіркенгенге дейін немесе босаңсу сатысында актин миозинмен әрекеттесе алмайды. Оған тропонин кешені мен миозин молекуласының соңғы бөлшектерінің (фрагменттерінің) қалыпты пішіні (конформациясы) мүмкіндік бермейді. Кальций иондарының актин мен миозиннің өзара әрекеттесуіне әсері актин жіпшелерінің құрамына енетін тропомиозин мен тропониндік кешен арқылы жүреді. Ең алдымен әрекет потенциалы әсерімен саркоплазмалық тордан кальций иондары шығып, олар тропонин белогымен қосылады да, тропониндік кешен пайда болады. Кальций иондарымен қосылу нәтижесінде тропониннің пішіні өзгеріп, ол тропомиозинді актиннің екі тізбегі арасындағы науашаға итереді де, оның тығындаушы әсерін тиады. Осының нәтижесінде актиннің арнаулы учаскелері ашылып, оның миозин өсінділерінің ұшымен байланысуына, көлденең көпіршелердің пайда болуына жағдай туғызылады да, жиырылуға қажет рычаг пайда болады (14-сурет). Көлденең өсінділердің ескек тәрізді қимылдары миофибриллалар бойында тіркес орналасқан саркомерлерді қысқартып, еттің жиырылуын тудырады. Миозиннің көлденең өсінділердің ұшында АТФ-аза ферментінің катализдік белсенді орталығы орналасады. Өсінді ұшы актин жіпшелеріне жанасқан кезде магний иондарының қатысуымен АТФ-аза активтеніп, АТФ-ті ыдыратады. Бұл процестерде бөлінген қуат ет талшықтарын жиырылту үшін пайдаланылады.






14- сурет. Актин мен миозиннің өзара әрекеттесу механизмі (Ф.Меерсон схемасы, 1982)


Дара жиырылу процесі аяқталысымен АТФ қуаты арқылы кальций насосы іске қосылып, кальций иондары ет талшығының цитоплазмасынан саркоплазмалық торға кері қуылады да, онда ол белокпен байланысып, кальсеквестрин атты қосылыс түзіледі. Саркоплазмада кальций иондары концентрациясының төмендеуі нәтижесінде актомиозиннің АТФ-азалық белсенділігі басылады да, миозиннің көлденең өсінділері актиннен ажырайды, ет босаңсып, ұзарады. Бұл процесс қуат шығынынсыз пассивті түрде жүреді. Демек, бұлшық ет кальций иондарының саркоплазмалық тор түтікшелеріне кері енуімен байланысты босаңсиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет