Жүйке орталықтары және олардың физиологиялық қасиеттері. Жүйке орталығы деп организмнің нақтылы қызметін реттейтін орталық жүйке жүйесіндегі нейрондар жиынтығын айтады. Организмде қанша рефлекстік қызмет болса, сонша жүйке орталығы болады. Мысалы, тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, сілекей бөлу, жылу реттеу т.с.с. Жүйке орталығы деген таза физиологиялық ұғым, оның себебі белгілі бір қызметті реттеуге қатысатын жүйкелік құрылымдар орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінде орналасуы мүмкін. Мысалы, тыныс орталығын жұлында, сопақша, ортаңғы, аралық мида, ми қыртысында орналасқан жүйкелік құрылымдар жиынтығы құрайды.
Жүйке орталықтарына бірнеше физиологиялық қасиеттер тән. Олар:Қозуды бір бағытта өткізу. Қозудың өтуін бөгеу (баяулату). Қозудың жайылуы. Конвергенция (тоғысу). Дивергенция (ажырау). Жеңілдету. Окклюзия (кептелу). Қозғыштықтың салыстырмалы төмендігі. Төмен лабильділік. Қозу ырғағы мен күшін түрлендіру (трансформациялау). Әрекет ізі. Тізбекті және ауқымды жинақтау. Сопақтану (даңғылдану) феномені. Икемділік. Инерттілік. Жүйке импульсінің тұйықталған нейрондар тізбегінде айналуы. Басымдылық (Доминанта). Тонус. Қарқынды зат алмасу. Шапшаң қажығыштық.