Альфа-1 мен әсіресе альфа-2-глобулиндердің (гаптоглобин есебінен) мөлшері жоғарлаған, альбуминдер аздап төмендеген болады. Бұл түрі пневмонияның бастапқы сатыларында, жедел полиневрит, экссудативті туберкулез, сепсис, миокардтың кең аймақты инфарктында байқалады.
Қан сарысуында альбуминдердің мөлшері біраз төмендеген, ал гамма-глобулиндердің (әсіресе имміноглобулиндер А) мөлшері біраз жоғарлаған . Бұл түрі бауырдың әртүрлі циррозында, коллагеноздарда байқалады.
Парапротеинемия
Қан сарысуында аномалды белоктардың жоғарлауы, яғни плазмада қалыпты жағдайда кездеспейтін белоктың пайда болуы (жиі гамма-глобулиндер фракциясына жататын). Мысалы миеломада (моноклоналды гаммапатиялар).
Миеломдық белоктар
Бұл белоктар иммуноглобулиндердің жеңіл тізбектерінен тұрады. Бенс-Джонс белоктары деп аталады. Бұл белоктар зәрмен де бөлініп шығуы мүмкін.
Қалдық азот: өкілдері, ретенциондық және продукциондық азотемиялар.
Қалдық азот (RN) – плазманың жалпы азоты мен белоктың азотының айырымына тең. RN қан плазмасындағы қалыпты мөлшері : 15-30 ммоль/л. RN құрамына негізінен белоктар алмасуының аралық және соңғы өнімдері кіреді.
Несеп қышқылы
Қалдық азоттың өкілдері:
Қалдық азоттың өкілдері:
Мочевина 2,9-8,9 ммоль/л (барлық RN 46-60%)
Несеп қышқылы, плазмадағы мөлшерлері ер адамдарда 0,18-0,54мМ/л; әйелдерде – 0,15-0,45мМ/л
Креатин 15-70 мкмоль/л (ер адамдарда 50 дейін);
Креатинин 62-132 мкмоль/л (ер адамдарда 177 дейін), бұл көрсеткіш созылмалы бүйректік жетіспеушілігінің маркеры;
Жалпы билирубин 8-20 мкмоль/л: тікелей –7мкМ/л дейін; тікелей емес –13мкМ/л дейін.