1. Аглютинация реакциясы жоқ болған кезде оны бар деп санау. Бұл жағдай сарысумен қан тамшысының кеуіп кетуінде, бөлмеде салқын болса (температура 12 С төмен болса) байқалады.
2. Аглютинация реакциясы бар болған кезде оны жоқ деп санау. Бұл жағдай үлкен қан тамшысы алынса, сарысулардың титрі мен белсенділігі төмен болса (нормада 1:32 немесе 1:65 болуы керек), бөлмеде ыстық болса (температура 28 С жоғары болса) байқалады.
5. Егер пробиркада агглютинация реакциясы жүріп, түбінде жапырақша тәріздес тұнба пайда болса және бетіндегі ерітінді мөлдір болып келсе, бұл қан резус оң мәнді болып саналады.
Егер пробиркада агглютинация реакциясы байқалмай, ерітінді сары-қызғыштау түске боялса (тұман тәрізді), бұл қан резус теріс мәнді болып саналады.