Қан түзуші жүйе физиологиясынан БӨЖ тапсырмалары Хаттама құрастыру : Тақырыбы: Гемостаз



Pdf көрінісі
Дата21.04.2023
өлшемі234,66 Kb.
#85085


Қан түзуші жүйе физиологиясынан БӨЖ тапсырмалары 
Хаттама құрастыру

Тақырыбы: Гемостаз 
№ 1. Тапсырма .Тромбоциттер, қызметтері. 
Тромбоциттер дегеніміз – қан пластинкасы,екі жағы дөңесдөңгелек не 
сопақша құрылым, диаметрі 0,5-4 мкм (эритроциттерден 2-8 есе кіші)
 
Тромбоциттер саны- 
 
Сау адамның 1л қанында 180-320*10^9/л тромбоцит 
болады.Орта есеппен тромбоцит 8-11 тәулік жасайды. 
 
Тромбоциттердің қызметтері 
1)Ангиотрофикалық – қан тамырды қоректендіру 
2)Адгезивті агрегациялық – жабысып үйінді құру 
3)Ангиотензивтік – қан тамырларын тарылту 
4)Гемокоагуляция – қан ұйыту қызметі 
 
№ 2. Тамырлы –тромбоцитарлы гемостаз. 
Кезені
Үдерістін сипаттамасы
Қантамырдың рефлекстік жолмен 
уақытша тарылуы
үзілген қан тамырын қандағы тромбоцитпен босап шыққан 
серотонин мен адреналин тарылтады
 
Тромбоциттер жабысуы
Тамырдың жыртылған жеріндегі оң зарядты, коллаген талшықтарына 
теріс зарядты тромбоциттер жабысады да тромбоциттер үймесі 
болады
Тромбоциттер агрегациясы
Жыртылған, үзілген, қан тамырынан, жарылған эритроциттен және 
тромбоциттен бөлініп шыққан АДФ, серотонин, адреналин әсерінен 
тез бұзылатын, нашар бекіген, тек тромбоциттен тұратын жұмсақ 
тығын пайда болады.
Тромбоциттердің бұзылмайтын тұрақты 
агрегациясы
Белгілі бір қан тамыры жарақаттанған соң 5-10 секунд өтісімен 
тіндік протромбиназаның әсерімен тромбин пайда болады
Тромбоциттен тұратын тромбаның 
тығыздалуы
Тромбостенин жиырылуы нәтижесінде жарақаттанған қан 
тамырына бекітілген тромб нығыздалады да қан ағуын тоқтатады
 
№ 3. Коагуляциялық гемостаз. 
Кезені  
Үдерістін сипаттамасы 
Протромбиназа түзілу 
Протромбиназаның қанда қалыптасуы 5-10 минутқа созылады. Ол жарақаттанған қан 
тамыры эндотелиінің астындағы коллаген тінінің 12 факторымен түйісуінен басталады 
Тромбин түзілу 
Протромбиназаның бетіне адцорбцияланған протромбин 5, 10 және Ca2+ ионының 
қатысуымен тромбинге айналады 
Фибриногеннің 
фибринге айналуы 
Тромбин әсерімен алдымен фибриногеннен золь тәрізді фибртнопептидті фибриномомерт 
түзіледі.Одан әрі Са2+ ионының қатысуымен полимерлену процесі басталады. 
№ 4. Фибринолиз. 
кезені 
Үдерістін сипаттамасы 
1-ші кезең 
Қандағы проактивті заттар белсенді заттарға айналады 
2-ші кезең 
Ол плазминге айналады 
3-ші кезең 
Фибрин фибринолизин әсерінен пептидтер мен амин қышқылдарына ыдырайды 
 


Орындаған студент : Жумабекова Айсана топ: 024 факультет ТФП 
Тақырып қабылданды, мерзімі 
___________оқытушының қолы 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет