«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл...» Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл.
Сүйсе жастар қате етпес, мейлі илан, мейлі күл.
Абай Құнанбайұлы
Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.
Міржақып Дулатұлы
3) Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.
Абай Құнанбайұлы
4) Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады.
Әзілхан Нұршайықов
5) Екі адамның бір-біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі, не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.
Әзілхан Нұршайықов
6) Ең үлкен махаббат – халық махаббаты.
Қадыр Мырза Әли
7) Даңқ үстемелегенді ұнатады. Бір басталса біразға дейін жарылқайды. Қашан өзің бүлдіріп алғанша махаббат нұрына бөленесің.
Қадыр Мырза Әли
Махаббат – зор саналылықтың, білгір-білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз Дара ұғым.