Ана тілім –болашағым



Дата01.02.2023
өлшемі12,9 Kb.
#64482
Байланысты:
Тіл


Ана тілім –болашағым.

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Ғылым , білім ана тілімізде сөйлемей , мемлекетіміз өркендемейді. Ғылымның дамуы үшін ең біріншіден оқулықтарды реттеу қажет , қазақ тілінде оқулықтар бар, бірақ жазылуы төмен деңгейде . Бірақ мемлекеттік жоба бар ол жоба «100 оқулық» атты жоба одан әлемдік ғылыми кітаптарда аударылған , бірақ бізге олар емес жастардың ғылымға деген көзін ашатын оқулықтар аударылуы қажет. Ана тілін дамытуға қаржы көп бөлініп жатыр ,бірақ сыбайлас жемқорлықтан арқасында дамымай жатыр . Жалпы айтқанда бұл ұлтымызға қастандық.


Әттең-ай дейтін жері бар еліміздегі тіліміз дамысын тіліміз өшпесін деп -айқайлап қазақша сөйлейік деп жүрген жандардың ұрпақтары туыстары қазақ тілімізде сөйлемей жүр және балаларын басқа тілдегі сыныпқа беріп , балабақшасына апарып жүр .Сондай адамдардың барлығы мемлекетіміздің болашағына күмәнмен қарайды .
Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы.
Барлық қазақстандықты қазақ тілінде сөйлеуге шақырамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет