«Аналитикалық химия» «6В01541-Химия-Биология» мамандығы Тобы: еп-20-16к Емтихан сұрақтары125 І – деңгей (10 балл)


Катиондардың аммиактық-фосфаттық жіктелуі



бет21/47
Дата05.12.2023
өлшемі0,79 Mb.
#134420
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
Катиондардың аммиактық-фосфаттық жіктелуі

Аммиак-фосфатты жіктеу әдісі бойынша катиондарды бес аналитикалық топқа
бөледі. Бұл әдіс фосфаттардың суда, әлсіз және күшті қышқылдарда, сілтілер мен
аммиак ерітінділерінде еруіне негізделген.
Бірінші аналитикалық топты Na
+
, К+
, NH4
+ катиондары, бұл топ
катиондарының топтық реагенті жоқ. Олардың фосфаттары суда жақсы ериді.
Екінші аналитикалық топқа Li+
, Ва2+
, Sr2+,Са2+
, Fe2+, Fe3+, Bi3+, Mg2+, Mn2+
,
Al3+, Cr3+ катиондары құрайды. Топтық реагенті 25%-ті аммиак ерітіндісіндегі
(NH4)2НРО4 ерітіндісі. Топтық реагентінің әсерінен суда нашар еритін түрлі түсті
фосфаттар түзіледі: Li3PO4, Ba3(PO4)2, Sr3(PO4)2, Ca3(PO4)2, BiPO4, AlPO4 - ақ; FePO4 -
сары; Fe3(PO4)2 - ашық-жасыл; CrPO4 - жасыл; Mg2+ мен Mn2+ қос тұздар MgNH4РО4,
MnNH4РО4 – ақ түсті түзеді. Фосфаттардың сірке қышқылындағы ерігіштігіне
байланысты екі топшаға бөлінеді. Бірінші топшаға фосфаттары сірке қышқылында
еритін катиондар жатады: Li+
, Ва2+
, Sr2+,Са2+
, Mg2+, Mn2+ катиондары; екінші топша
фосфаттары сірке қышқылында ерімейді, бірақ азот қышқылында еритін катиондар
жатады: Al3+, Cr3+, Fe3+, ал BiPO4 ерекшелігі ол азот қышқылында да ерімейді.
Үшінші аналитикалық топты Cu2+, Cd2+, Hg2+, Co2+
, Ni2+, Zn2+, катиондары
құрайды, топтық реагенті (NH4)2НРО4 немесе Nа2НРО4 сулы ерітінділері. Үшінші
аналитикалық топ катиондарының фосфаттары 25%-ті аммиак ерітіндісінде комплексті
иондар түзе ериді: [Cu(NH3)4]
2+, [Hg(NH3)4]
2+, [Cd(NH3)4]
2+, [Zn(NH3)4]
2+, [Co(NH3)6]
2+
,
[Ni(NH3)6]
2+. Бұл топ фосфаттары сірке қышқылында да ериді.
Төртінші аналитикалық топқа As(III,V), Sb(III,V), Sn(II,IV) катиондары
жатады. Топтық реагенті концентрлі азот қышқылы. Азот қышқылын қосып
қыздырғанда иондар жоғары тотығу дәрежелі қосылыстарына айналады.
Сурьма мен қалайы азот қышқылымен қыздырғанда метақалайы H2SnO3 және
метасурьма HSbO3 тұнбаларын түзеді. Ал мышьяк суда еритін қышқылын H3AsO4
түзеді, бірақ ол H2SnO3 бетінде адсорбцияланып бірге тұнады, тұнба құрамы мынадай
болады: (H2SnO3)m(H3AsO4)n.
Бесінші аналитикалық топты Ag+ , Pb2+ , Hg2
2+
катиондары құрайды,
топтық реагенті сұйылтылған тұз қышқылы ерітіндісі, топтық реагентпен әрекеттесіп
хлоридтер түзеді: AgCl, Нg2Cl2, PbCl2.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет