Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар 1. Металл-индикаторлар деп қандай заттарды атайды ?
2. Металл-индикатор қатысында титрлеу барысында ерітіндінің түсінің өзгеруінің себебі неде ?
3. Комплексонометрия әдісінде не себептен ортаның рН-ы тұрақты болуы керек?
4. Трилон Б-мен титрлеу барысында қандай индикатор қолданылады?
5. Комплексонометриялық әдісте индикатордың әрекеті неге негізделген?
6. Судың уақытша кермектілігі қандай жағдайда жойылады ?
7. Судың тұрақты кермектілігін жоюдың қандай химиялық әдістеріне мысал келтіріңіздер.
8. Ионалмастырғыш смолалар дегеніміз не ? Олар қандай түрлерге бөлінеді ? Олар суды не себептен жұмсартады ?
9. Суды еріген минералды заттардан толық тазарту үшін қандай әдістер қолданылады ?
10. рН 8,0-10,0 болғанда эриохром қара Т индикаторы қандай түсте болады?
11. Эриохром қара Т мен металдардың комплексі қандай түсте болады?
12. Трилон - Б титрлі ерітіндісі қандай жолдармен дайындауға болады?
13. Трилон Б титрін анықтауға бастапқы заттар не үшін қажет?
14. Комплексонометриялық әдіспен кальцийді анықтауды сипаттаңыз.
15. 100мл ерітіндіде қанша грамм KCl бар, егер титрлегенде 10мл-не 11,33мл 0,1050н AgNO3 ерітіндісі жұмсалған болса?
1
№ 14
дәріс
Титрлеудің тұндыру әдісі, жіктелуі. Эквивалентті анықтау жолдары. Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1. Тұндыру арқылы титрлеу әдісінің теориялық негіздері.
2. Тұндыру арқылы титрлеудің қисықтары мен тұндыру әдісінің индикаторлары.
3. Тура және кері титрлеу.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Тұндыру әдісі аз еритін қосылыстардың тұнба түзу реакцияларына негізделген.
Бұл мақсаттарға тек белгілі талаптарға сай болатын реакциялар ғана жарай алады.
а). Түзілетін тұнба іс жүзінде ерімеуі және жылдам түзілуі қажет.
б). Реакция қосымша процестерсіз (құбылыстарсыз) және тек теңдеуге сай жүруі керек.
в). Тұнба құрымының өзгермеуі керек.
г). Титрлеу кезінде адсорбциялану процесі өте аз болуы керек.
Кейбір әдістердің аттары қолданылатын жұмысшы ерітінділер титранттарға байланысты аталады. Күміс нитратын AgNO3 жұмысшы ерітінді ретінді қолданылатын болса әдіс аргентометрия деп аталады. Оның көмегімен бейтарап және әлсіз сілтілік ерітінділерде СІ- және Вr- иондарының мөлшерін күміс ионымен тұндыру арқылы анықтайды.
Тицианометрия (родонидометрия)әдісінде жұмысшы ерітінді ретінде аммоний тиоцианиді NH4SCN (немесе калий тиоцианиді КSCN) қолданылады. Бұл әдіспен де СІ- және Вr- иондарын, тек қышқыл және сілтілік ортада ғана анықтауға болады. Бұны құймалармен күмістің мөлшерін анықтау үшін де қолданады.
Галогендерді анықтаудың қымбат әдісі аргентометрияны соңғы кезде меркурометриялық әдіс ығыстыруда. Соңғы жұмысшы ерітінді ретінді сынаптың (І) нитраты Hg2(NO3)2 қолданылады.
Адсорбциялық индикатор ретінде 1,5-дифенилкарбозид немесе дифенилкарбазон, содай-ақ темір (III) тиоцианатты комплексі қолданылады.
Адсорбциялық индикаторлар.
Ализаринді қызыл С Бенгальды қызғылт А Бромфенолды көк 4,5-дибром-флуоресцеин 4,5-диодфлуоресцеин (динатрий тұзы) 1,5-дифенил-карбозид Дифениламин конгн қызыл Родамин 6Ж Сафранин Т Флуоресцеин Эозин
Pb Ag J SCN Cl Ag Ag Ag Hg Ag K Сарғыш жасыл қызғылт
сары→қызғылт-қызыл шымқай қызыл→көкшіл қызыл сары→жасыл сирень→сары күлгін→жасыл көк жасыл сары→жасыл көк сарғыш қызғылт→күлгін қызғылт сарғыш қызғылт→таңқурай түстес түссіз→күлгін көк →жасыл сарғыш