«аналитикалық химия»



бет2/2
Дата21.10.2022
өлшемі26,57 Kb.
#44561
1   2
Байланысты:
Перечень вопросов РК1 АХ каз

«АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ»
пәні бойынша №1 аралық бақылаудың
есептері



  1. СН3СООН ерітіндісінің титрі 0,337·10–4 г/мл-ге тең. Осы қышқыл ерітіндісінің молярлық концентрациясын және эквивалентінің молярлық концентрациясын есептеңдер.

  2. Формиатты буфер ерітіндісінің рН-ы 2,75. Егер Ка = 1,77·10–4 болған жағдайда осы ерітіндідегі құмырсқа қышқылы мен натрий формиаты концентрацияларының қатынасын есептеңдер.

  3. Массасы 5,3000 г Nа2СО3-тен 1 дм3 ерітінді дайындалды. Осы ерітіндінің молярлық концентрациясын және титрін есептеңдер.

  4. Массасы 0,4 г натрий және калий карбонатының қоспанын титрлеуге 22,00 мл 0,3М HCl жұмсалды. Қоспадағы Na2CO3 және К2СО3 массалық үлестерін (%) есептеңдер.

  5. Массасы 5,3000 г Nа2СО3-тен 1 дм3ерітінді дайындалды. Осы ерітінді эквивалентінің молярлық концентрациясын және титрін есептеңдер.

  6. Массасы 1,0100 г азот қышқылының өлшендісі құрамы 0,502 М 25 см3 болатын NaOH ерітіндісіне салынды. Реакция нәтижесінде артық қалған NaOH қалдығы 10,50 см3 0,101 М HCl ерітіндісімен титрленді. Қышқылдағы HNO3 үлесін (%-бен) есептеңдер.

  7. Массасы 3,3000 г Nа24-тен 1 дм3 ерітінді дайындалды. Осы ерітінді эквивалентінің молярлық концентрациясын және титрін есептеңдер.

  8. Барий сульфатының таза судағы молярлық ерігіштігі осы тұздың 0,05 М натрий сульфаты ерітіндісіндегі ерігіштігінен неше есе жоғары. КS(BaSO4) = 1.1·10-10.

  9. Титрі 0,004900 г/см3 болатын Н24 ерітіндісінің молярлық концентрациясын және эквивалентінің молярлық концентрациясын есептеңдер.

  10. Құрамында 0,2 моль/л К2Сr2О7, 0,3 моль/л Сr2(SO3)3 болатын жүйенің рН = 2 кезіндегі тотығу-тотықсыздану потенциалын анықтаңдар. (Еº (Сr2О72- / Сr3+ = 1,33 В).

  11. 21,00 см3 0,1133 н HCl ерітіндісін титрлеуге 0,15 н NaOH ерітіндісінің қанша көлемі жұмсалады?

  12. Қышқыл ортада 10 мл сутек пероксидін титрлеуге Т(КМnO4) = 0,00316 г/мл болатын 14,5 мл КМnO4 ерітіндісі жұмсалды. 1 л ерітіндідегі Н2О2 мөлшерін анықтаңдар.

  13. 21,00 см3 0,1133 н HCl ерітіндісін титрлеуге 0,15 н NaOH ерітіндісінің қанша көлемі жұмсалады?

  14. Қышқыл ортада 10 мл калий иодаты ерітіндісіне калий иодиді ерітіндісі артық мөлшерде қосылды. Бөлінген иодты титрлеуге 11,5 мл 0,04945 М натрий тиосульфатының ерітіндісі жұмсалды. Ерітіндідегі калий иодатының титрін, молярлық концентрациясын және эквивалентінің молярлқ концентрациясын есептеңдер.

  15. 20,00 см3 HNO3 титрлеуге 15,00 см3 0,12 М NaOH ерітіндісі жұмсалды. Қышқыл ерітіндісі эквивалентінің молярлық концентрациясын және титрін есептеңдер.

  16. 2,50 мл КСlО3 ерітіндісіне 25,0 мл 0,1200 н FeSO4 ерітіндісі қосылды. Қалдық 5,0 мл 0,1100 н КМnO4 ерітіндісімен титрленді. Ерітіндідегі КСlО3 массалық үлесін есептеңдер, егер оның тығыздығы 1,020 г/мл болса.

  17. 25 мл 0,01 н калий хлориді ерітіндісі мен бірдей көлем 0,001 н күміс нитраты ерітіндісін араластырғанда күміс хлоридінің тұнбасы түзіле ме. КS(AgCl) = 1,78·10-10.

  18. Үлгідегі СаСО3 және МgСО3 массалық үлесін (%) есептеңдер, егер 3 г қоспаны суда ерітіп, ерітіндінің көлемін 200 мл-ге жеткізгеннен кейін оның 10 мл-н хром қара-қоңыр индикаторымен (Са2+ +Мg2+) титрлеген кезде 20 мл 0,15 н трилон Б ерітіндісі жұмсалынса, ал 10 мл сол ерітіндіні мурексидпен (Са2+) титрлеген кезде 8 мл трилон Б ерітіндісі жұмсалған болса.

  19. Егер 20,00 см3 HCl ерітіндісін титрлеуге фиксаналдан дайындалған 19,20 см3 0,1 н. NaOH ерітіндісі жұмсалған болса, қышқыл эквивалентінің молярлық концентрациясын және титрін есептеңдер.

  20. Егер бірдей көлем 0,5 М MgCl2 ерітіндісін және 0,1 М NaOH ерітіндісін араластырса, Mg(ОН)2 тұнбасы түзіле ме? КS(Mg(OH)2) = 6,.0·10-10.

  21. 1,0 дм3 0,1 М ерітінді дайындау үшін HCl ерітіндісінің (ω = 38,0%, ρ = 1,19 г/см3) қандай көлемін алу керек?

  22. Талдау кезінде 0,5 г тұнба алынатындай етіп құрамындағы күкіртті (ω = 2%) BaSO4 түрінде гравиметрлік анықтау үшін шойынның өлшендісінен қанша алу керек?

  23. Егер массасы 0,4217 г бураны титрлеуге 17,50 см3 қышқыл жұмсалған болса, онда HCl ерітіндісі эквивалентінің молярлық концентрациясы мен титрін есептеңдер.

  24. 100 см3 0,05 н. ерітінді дайындауға қажетті FeSO4·7H2O массасын есептеңдер. Титрлеу қышқыл ортада KMnO4 ерітіндісімен жүргізіледі.

  25. 0,05 М КОН ерітіндісінің рН-ын есептеңдер.



Н ПРО БҚМУ 703-07-2020. Бақылау- өлшегіш құралдары (ағымдық және межелік бақылау арналған). Бесінші басылым.
Ф ПРО ЗКМУ 703-07-2020. Контрольно-измерительные средства (для текущего и рубежного контроля). Издание пятое.
F PRO WKMU 703-07-2020. Measuring instruments (for current and midterm control). Fifth edition.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет