МАРАТ ОСПАНОВ атындағы БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Химиялық пәндер кафедрасы Мамандық 6В10104 – Фармация «АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ» пәні бойынша №1 аралық бақылау сұрақтары
Аналитикалық химия және химиялық талдау. Аналитикалық химия пәні және міндеттері. Химиялық талдаудың негізгі бөлімдері – сапалық, сандық, фазалық, құрылымдық. Химиялық талдаудың негізгі түсініктері. Химиялық реактивтер.
Заттардың аналитикалық қасиеттері және аналитикалық эффектілер. Аналитикалық реакциялар мен реагенттердің жіктелуі және сипаттамасы: сезгіштік, спецификалық. Аналитикалық реакциялардың сезгіштікті арттыру және анықталу шегін төмендету тәсілдері.
Анықтаудың химиялық, физикалық-химиялық және физикалық әдістері. Сапалық талдау әдістерін анықталатын заттың мөлшеріне қарай жіктеу:
грамм-, сантиграмм-, миллиграмм-, микрограмм-әдістер.
Сапалық химиялық талдау. Катиондарды талдауда қолданылатын топтық реагенттер: қышқылдар, негіздер және т.б. Катиондардың аналитикалық қышқылдық-негіздік жіктелуі.
Сапалық химиялық талдау. Катиондарды талдауда қолданылатын топтық реагенттер: қышқылдар, негіздер және т.б. Сульфидтік, аммиакты-фосфатты жіктеу туралы түсінік.
Катиондардың аналитикалық реакциялары. Қатиондардың қоспасын бөлшектік және жүйелік жолмен талдау.
Ерімейтін қосылыстар түзу қабілетіне және тотығу-тотықсыздану қасиеттеріне қарай аниондарды аналитикалық жіктеу. Аниондарға топтық реагенттер.
Талданатын және анықталатын зат туралы түсінік. Талданатын заттың физикалық және химиялық қасиеттері. Талданатын үлгідегі анықталатын заттың мөлшері. Заттың өлшендісі, оның оптимал шамалары.
Зат өлшендісі, оның оптимал шамалары. Сынама түсінігі. Сынаманың түрлері. Біртекті және біртекті емес заттарды талдау үшін сынама алу: майдалау, елеу, араластыру, бөлу. Талданатын затты ерімтал жағдайға өткізу жолдары.
Талданатын заттың сынамасын ыдырату. Талданатын затты ерімтал жағдайға өткізу жолдары: суда еріту, қышқылдар мен сілтілердің ерітінділерінде және басқа еріткіштерде еріту.
Күшті электролиттер теориясының негізгі қағидалары. Иондардың жалпы және белсенді концентрациясы. Электролиттер мен иондардың белсенділігі. Ерітінділердегі иондардың белсенділік коэффициенті. Электролит ерітінділерінің иондық күші.
Талдауда қолданылатын ионнық тепе-теңдіктердің негізгі түрлері: қышқылдық-негіздік, кешентүзу, тотығу-тотықсыздану, «тұнба-ерітінді» тепе-теңдіктері. Әр түрлі типті реакциялар үшін тепе-теңдік константалары. Термодинамикалық және концентрациялық тепе-теңдік константалары, олдардың өрнектері және өзара байланысы.
Судың иондық көбейтіндісі. Электролит сулы ерітінділерінің рН шкаласы.
Протолиттік тепе-теңдік. И.Бренстед пен Т.Лоури жасаған қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы. Аналитикалық реакцияда қолданылатын қышқылдық-негіздік реакциялардың түрлері – иондану, бейтараптау, гидролиздену. Қышқылдық Ка және негіздік Кb константасы.
Күшті және әлсіз қышқылдар, көп протонды қышқылдар мен негіздер ерітінділерінің рН-ы мен рОН-ын есептеу. Иондану константасын аналитикалық химияда қолдану.
Тұздардың сулы ерітінділеріндегі протолиттік тепе-теңдік. Гидролиздену дәрежесі мен константасы. Әр түрлі типті гидролизденетін тұздар ерітінділерінің рН-ын есептеу. Гидролиздену үдерістерін талдауда қолдану.
Буферлік жүйелердегі протолиттік тепе-теңдік. Буферлік ерітінділер және олардың түрлері. Әсер ету механизмі.
Қайтымды тотығу-тотықсыздану жүйелері. Тотығу-тотықсыздану электродтарының және олардың потенциалдарының түрлері. Нернст теңдеуін электродтық потенциалдарды өлшеу үшін қолдану.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жүру бағытын анықтау. Талдау кезінде иондардың концентрациясы мен рН-тың тотығу-тотықсыздану жұптары потенциалдарының мәндеріне және рекциялардың жүру бағытына әсері. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын аналитикалық химияда қолдану.
Гетерогенді тепе-теңдік жүйелері. Заттардың суда ерігіштігі және ерігіштіктің иондық көбейтіндісі, олардың арасындағы өзара байланыс. Тұнбалардың түзілу шарттары. Тұндырғыштың артық мөлшерінің берілген ионды толық тұндыруға әсері. Бөлшектеп тұндыру.
Толық тұндыруды есептеу. Бір нашар еритін электролиттерді басқа электроиттерге өткізу. Әр түрлі факторлардың тұнбаның ерігіштігіне әсері. Микрокристаллоскопиялық реакциялар, олартды сапалық талдауда қолдану.
Аналитикалық химияда қолданылатын кешенді қосылыстардың түрлері. Кешенді қосылыстардың тұрақтылық және тұрақсыздық контанталары. Кешенді қосылыстардың тұрақтылығы, ерігіштігі, бояуы.
Талдауда қолданылатын органикалық реагенттер қосылыстарының негізгі түрлері: ішкі кешенді қосылыстар (хелаттар), иондыцқ ассоциаттар. Талдауда қолданылатын маңызды органикалық кешентүзуші реагенттер (дитизон, 8-оксихинолин, диметилглиоксим, дифенилкарбазид және басқалары).
Заттарды бөлу және концентрлеудің негізгі әдістері. Тұндыру және қоса тұндыру. Кристалдық және аморфты тұнбалар. Кристалдық және аморфты тұнбаларды алу шарттары.
Шайғындау. Шайғындау әдістерінің теориясы, таралу заңдары. Шайғындау константасы. Таралу коэффициенті. Органикалық және бейорганикалық қосыылыстарды шайғындаудың шарттары.
Катиондардың І және ІІ аналитикалық тобы. Топтық реагенттер. Na+, K+, NH4+, Ag+ , Hg22+, Pb2+ иондарына сапалық реакциялар.
Катиондардың III және IV аналитикалық тобы. Топтық реагенттер. Ca2+, Ba2+, Al3+ ,Cr3+, Zn2+, Sn(II), Sn(IV) иондарына сапалық реакциялар.
Сандық талдаудың ұстанымы мен міндеттері. Әдістерді жіктеу. Қолдану аумағы. Сандық талдауда реакцияларға қойылатын талаптар. Сандық талдаудың фармациядағы рөлі мен маңызы.
Гравиметрлік талдау әдісінің мәні. Әдістердің жіктелуі. Гравиметрлік әдістегі жұмыстың негізгі сатылары мен операциялары: өлшендіні есептеу, өлшеу, еріту, тұндыру, тұнбаның ескіруі, сүзу, жуу, кептіру, күлдеу, қақтау.
Маңызды бейорганикалық және органикалық тұндырғыштар. Тұнбаның ластану себептері: бірге және соңынан тұну, қоса тұну (адсорбция, окклюзия, изоморфизм). В.Г.Хлопиннің ережесі. Коагуляция және пептизация.
Анықталатын заттың тұндырылатын және гравиметрлік формалары. Анықталатын, талданатын заттың және тұндырғыштың өлшендісін есептеу. Тұндырғышқа, тұндырылатын және гравиметрлік формаларға қойылатын талаптар.
Жуатын сұйықтықтар және оларға қойылатын талаптар. Жуатын сұйықтықты таңдау, оның көлемін және тұнбаны жуудың санын есептеу. Кептіргенде және қақтағанда тұнба құрамының өзгеруі.
Титриметрлік талдау әдісінің мәні. Титриметрлік талдау әдісінің негізгі түсініктері. Әдістердің жіктелуі. Титриметрлік талдау әдістеріндегі реакцияларға қойылатын талаптар.
Ерітінділерді дайындау және стандарттау. Біріншілік және екіншілік смтандарттар. Стандартты (тағайындаушы) затттар. Стандартталған (титрленген) ерітінділер. Титранттар, оларды дайындау әдістері және сақтау. Фиксаналдар.
Қышқылдық-негіздік титрлеу. Әдістің мәні. Әдісте қолданылатын реакциялар, оларға қойылатын талаптар. Ацидиметрия және алкалиметрия. Әдістің стандарттары мен титранттары.
Қышқылдық-негіздік титрлеудегі эквиваленттік нүкте және титрлеудің соңғы нүктесі, оны индикатордың көмегімен анықтау. Әдістің индикаторлары. Индикаторлардың иондық, хромофорлық және иондық-хромофорлық теориялары.
Қышқылдық-негіздік титрлеудің қисықтары, оларды есептеу және құру. Қисықтардың үш негізгі түрлері: күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу, әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу, әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеу.