Аналитикалық химиядағы тотығу-тотықсыздану үрдістері тотығу – тотықсыздану реакциясы


Тотығу-тотықсыздану реакциясын теңестіру тәсілдері



бет2/5
Дата15.04.2023
өлшемі297,85 Kb.
#83229
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
12-13 лекция

Тотығу-тотықсыздану реакциясын теңестіру тәсілдері

Тотығу–тотықсыздану реакциясының теңдігін теңестірудің екі әдісі бар: электрондық баланс және ионды-электронды баланс.


Екі тәсіл бойынша реакция теңдіктерін теңестіру үшін тотықтырғыштың қосатын, тотықсыздандырғыштың беретін электрондар сандарын теңестіру арқылы жүргізіледі.
Тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеуін теңестірудің электрондық-баланс тәсілі





Іс-әрекет кезегі

Мысалы

1

Реакцияға қатысқан әрі түзілген заттардың формулалары жазылады





2

Қосылыс құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелерін анықтап, элемент таңбасы үстіне жазамыз





3

Тотығу дәрежелерін өзгерт­кен элемент атом­дарының астын сызып, теңдеудің астына сол өзгерістердің сұлбасын жазамыз





4

Тотығу-тотықсыздану жұптары үшін электрон айырымын анықтаймыз




5

Реакция кезінде берген және қосып алған электрон­дар сандарын теңестіретін коэффициенттерді табамыз





6

Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты, тотығу мен тотықсыздану процесін анықтаймыз





7

Табылған коэффициент­терді теңдеудегі зат форму­лалары алдына қоя­мыз (реакцияға қатысқан HCI – тек тотықсыз­дан­дырғыш болып қана қоймай, әрі тұз түзу үшін жұмсалған­дықтан, коэффициентті теңдіктің оң жағына қоюдан бастаймыз)



8

Теңдіктің оң және сол жағындағы атомдар санын салыстыру арқылы белгісіз коэффициенттерді анықтап, стрелка орнына теңдік белгісі қойылады



Ионды-электронды баланс тәсілі бойынша реакцияның жүретін ортасы (рН) еске алынып, реакцияға қатысатын заттар құрамындағы иондардан басқа су молекуласы мен иондары қатысатындығы ескеріліп, «Байланыстыру» ережесі негізінде реакцияның ионды-электронды теңдеуі құрылады.

Кесте - 22 Ионды-электрондық тәсіл бойынша тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеуін теңестіру







Іс-әрекет кезегі

Мысалы

1

Реакция теңдігінің сұлбасын жа­­зып, заттардың сулы орта­да қан­дай күйде (диссоциа­ция­лан­­­­ба­ған молекула, ион, суда на­шар еритін зат) болатынын анықтау





2

Тотықтырғыш пен тотық­сыз­дандырғыштар үшін «байла­ныстыру» ережесін пайдала­нып иондық теңдеу­лерін құру



3

Иондық теңдеудің оң және сол жағындағы иондар за­ря­­­ды бойынша процеске қа­тыс­қан электрондар санын анық­тау



4

Процестерге қатысатын элек­­­­трондар балансын құрып, коэффициенттерін анықтау





5

Коэффициенттерін қойып, ион­ды-электронды теңдеудің оң жағын оң жағына, сол жа­ғын сол жағына қосып жазу





6

Теңдіктің екі жағындағы бірдей бөлшектерді (ион­дар­ды, молекулаларды) теңдік­тен шығару




7

Теңдіктің екі жағына да қа­ра­­ма-қарсы зарядты ион­дар­ды жазу (қышқыл­дық ортада – су­тек ионда­рын, ал басқа орта­ларда – металл катиондарын)



8

Тотығу-тотықсыздану реакциясының молекулалық теңдеуін құру



«Байланыстыру» ережесі





Тотығу-тотық­­­­сыз­дану реакция­сын­дағы рөлі

рН

Механизмі

Мысалы

Тотықтырғышта атомы артық болса








Тотықсыздандыр-ғышта атомы жетпесе











Осы ионды-электронды баланс тәсілін пайдаланудың артықшылықтары:


1) реакцияға қатысатын және түзілген заттар құрамындағы элемент атомдарының тотығу дәрежелерін табудың қажеттілігі болмайды;
2) тотығу–тотықсыздану реакциясының қысқартылған иондық теңдеуі құрылады;
3) осы тотығу–тотықсыздану үрдісіне реакция ортасының әсері бірден байқалады;
Ал, бұл тәсілдің бір кемшілігі, оны тек сулы ортада жүретін реакциялар үшін пайдалануға болады, ал электрондық баланс тәсілі бұл тәсілге қарағанда әмбебап болып табылады.
Тотығу–тотықсыздану реакциясы нәтижесінде түзілетін өнім: а) ерітінді ортасына; ә) әрекеттесетін заттың концентрациясына; б) заттардың табиғатына тәуелді.
а) перманганат және бихромат иондарының әр түрлі ортада тотықсыздануы:



рН < 7





pH > 7





pH = 7



ә) азот қышқылының концентрациясы әр түрлі болған кезде тотықсыздануын қарастырайық:
Cu+2HNO3(конц.) = Cu(NO3)2+NO2↑+H2O
3Cu+8HNO3(сұйық) = 3Cu(NO3)2+2NO↑+4H2O
4Mg+10HNO3(өте сұйық) = 4Mg(NO3)2+NH4NO3+3H2O
б) аммоний тұздарының термиялық ыдырауын қарастырсақ:

Бұл мысалдан аммоний тұздарының қыздырғанда айырылатыны және реакция нәтижесіндегі өнімнің әр түрлі болуы қышқыл қалдықтарындағы азоттың тотығу дәрежесіне (тотықтыру қабілетіне) тәуелділігі көрініп тұр.
Осыған байланысты тағы да бір мысал келтіруге болады:

Бұл реакциядан шыққан өнім галогенид иондарының тотықсыздандырғыш қасиеттерінің әр түрлілігіне байланысты (иодты сутектің тотықсыздандырғыштың қасиеті қалған галогенді сутектерге қарағанда басым).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет