Аналитикалық химияның даму тарихы мен кезеңдерін зерттеу. Массалар әрекеттесу заңы. «Химиялық анализ»



бет1/66
Дата24.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#28693
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Аналитикалы химияны даму тарихы мен кезе дерін зерттеу. Массал


  1. Аналитикалық химияның даму тарихы мен кезеңдерін зерттеу. Массалар әрекеттесу заңы.

«Химиялық анализ» терминінін ең алғаш ағылшын ғалымы Бойль 17-ғасырдың басында енгізді. Ол күкірт және тұз қышқылдарын кальций мен күміс-тұздары көмегімен анықтауды және индикаторды енгізді.Аналитикалық химия жеке ғылым ретінде М.В. Ломоносовтың массалардың сақталу заңын ашып, сол бойынша есептеулер жүргізгеннен бері дами бастады. М.В. Ломоносовпен қатар өмір сүрген академик Т.Е. Ловиц микрокристаллоскопиялық анализдің негізін салды.Зат массасының сақталу заңын пайдаланып француз ғалымы Лавуазье оксидтерге химиялық анализ жүргізді.18-19 ғасырда аналитикалық химияның дамуына швед химиктері Бергман мен Берцелиус жұмыстарының маңызы зор болды. Ал француз ғалымы Гей-Люссак заттарға титрометрия әдісімен анализ жасауды алғаш іске асырды. 1859 жылы неміс ғалымдары Бунзен мен Кирхгоф спектрлік анализдің негізін қалады. Аналитикалық химияның ең көрнекті даму белесі- Д.И. Менделеевтің периодтық заңды ашуы мен период жүйесін жасауы еді.Алғаш сапа және сан анализінің теориялық негізін Н.Н: Меншуткин 1871 «Аналитикалық химия» деген кітабында жазды. Онда сапа анализінің күкіртті сутегі әдісі алғаш қолданылған.Аналитикалық химияның келесі даму белесі атом құрылысының ашылуы мен, ерітінділер теориялары және электролиттік диссоциация теорисымен байланысты.1903 жылы орыс ғалымы М.С. Цвет хромотографиялық анализді ашты. Совет үкіметі орнағаннан соң аналитикалық химияның теориялық және іс жүзінде дамуына үлес қосқан ғалымдар саны өте көп болды. Қазір халық шаруашылығының аналитикалық химия қолданылмайтын бірде-бір саласы жоқ десе болады.Аналитикалық химия халықаралық бірлік жүйесіне 1982 жылы енді.

-Химиялық реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігін әрекеттесуші массалар заңы сипаттайды.​

Химиялық реакциялар тез жүруі үшін түйісетін молекулалар саны көп болуы керек, яғни концентрацияны өсіру керек.

Реакция жылдамдығы мен концентрацияның арасындағы сандық байланыс химиялық кинетиканың негізгі постулатымен анықталады: гомогендің реакцияның жылдамдығы белгілі бір температурада реакцияға қатысатын заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал болады. Әр заттың концентрациясының дәрежесі стехиометрлік коэффициентке, яғни реакция теңдеуіндегі берілген заттың формуласының алдында тұрған коэффициентке тең. Бұл ережені басқа түрде алғаш рет Н.Н.Бекетов (1865ж.), кейін К.Гульдберг пен П.Вааге (1967ж.) тұжырымдаған. Оны басқаша әрекеттесуші массалар заңы деп те атайды. 

Қайтымсыз реакцияда реагенттердің концентрациясын арттырғанда, реакция сәйкесінше артады. Бірақ реакция қайтымсыз болғандықтан, өнімнің концентрациясын арттыру — реакция жүру жылдамдығына әсер етпейді. Яғни, реакция жылдамдығы реагенттердің концентрациясына тура пропорционал. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет