D) бас жəне дене E) индивид жəне тұлға
16. «Сақ адам сандығын бекіте алады.
Есті адам тілін тия алады.
Бірақ ешкім ... тия алмайды». Ш. Құдайбердіұлы Ш. Құдайбердіұлының жоғарыдағы қанатты сөзін аяқтаңыз: A) көзін B) тілін C) сөзін D) құлағын E) ойын 17. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - ... құмары. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дəмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бəрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бəрі - ... құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Қарасөздер. Жетінші сөз. Абай Құнанбайұлы. Жоғарыдағы келтірілген қарасөздегі түсіп қалған сөздерді орнына қойыңыз: A) тəн мен дене B) жан мен рух C) ой мен сана D) ерік пен жігер E) тəн мен жан 18. Техника философиясы өзінің күрделі құрылымы бар жеткілікті дəрежеде күрделі философиялық ағым болып табылады. Техникалық өркениеттің динамикалық процестерін пайымдауға ұмтылған жаңа концепциялар пайда болды. Техника философиясы, ең алдымен, бірнеше бағытқа бөлінеді. Сциентизм техника дамуының адамзат үшін сөзсіз игіліктілігіне деген сенімге негізделеді. ... - технофобияның көрінісі, пайда болып, таралып жəне өсіп келе жатқан жаңа технологиялардың жұмбақ қауіп-қатерінің алдындағы үрей мен қорқыныш, сенімсіздік. Жоғарыда түсіп қалған ұғымның орнын толтырыңыз: A) сыни рационализм B) эмпириокритицизм C) антисциентизм D) неотехницизм E) скептицизм 19. Адамға тəн ең жалпы белгі - оны басқа дүниеден ажыратып тұратын əлеуметтік іс-əрекет, еңбек. Адам дегеніміз − ең алдымен белсенді түрде əрекет етуші, өзінің өмір сүру жағдайларын өзгертуші əлеуметтік субъект, əлеуметтік ақыл-ой жəне əлеуметтік сезім иесі - мұның бəрі өзара іштей бірлікте болатын жəне іске асатын сапалық белгілер. Төмендегі жауаптар ішінен адамды басқа жануарлардан айырып тұратын негізгі белгілеріне жатпайтынын табыңыз: A) абстракциялық ойлауға қабілеттілік B) анық сөйлеуге қабілеттілік C) қоректенуге деген қабілеттілік D) денесінің тік қалыпта болуы жəне екі аяқпен жүруі E) еңбекке қабілеттілік, яғни еңбек құралдарын жасап, оның көмегімен сыртқы орта нəрселерін өңдеу қабілеті
20. «Малда аяулы, жанда аяулы болса егер,
Малды аяма, жаның үшін малды сат!
Жан да аяулы, жар да аяулы болса егер,
Жанды аяма, жарың үшін жанды сат».
Ш. Құдайбердіұлы Жоғарыдағы келтірілген өлеңдегі «жар» ұғымының мəнін айқындаңыз: A) жаратушы B) жан C) жұбай D) ар E) жер
21. Ешкімде философияны жастық шағында ысырып тастап, қартайғанда одан шаршамасын. Философия жасқа да кəріге де керек, біріншіге - жастық жігерді болашақ алдындағы пісіп-жетілген батылдықпен ұштастыруға, екіншіге - өмірдің соңында рухани жаңарып, өткенге қуану үшін, - деген пікірді грек философы Эпикур айтқан екен. Бұл ойдың маңызы неде? A) философиямен тек егде жаста ғана айналысу қажет. B) философия адамға орта жаста қажет C) философиямен тек жастық шақта айналысу керек. D) философия кез келген уақытта өзінің өзектілігін жоймайды. E) философияның адам өміріндегі қажеттілігі шамалы
22. Элей мектебінің келесі беделді өкілдерінің бірі – Зенон (б.э.б. 490-б.э.б. 430 жж.) болмыс мəселесімен айналыса отырып, философия тарихында жəне дискурстық кеңістікте көпшілікке өзінің «апорияларымен» таныс. Мəселен, «Ахиллес пен тасбақа» деп аталатын апориясының мазмұны былайша құрылады: Грек аңыздарынан алынған образдық кейіпкер, өте жүйрік, желаяқ Ахилесс шабан тасбақаны қуып жете алмайтындығының дəйектемесінде, бастапқы қуу үрдісінде Ахилесс тасбақадан кейінірек орналастырылады, бірақ ол тасбақадан он есе тез жүгіре алады. Демек, Ахилесс тасбақаның бастапқы тұрған орнына жеткен уақытта, тасбақа Ахилестің жүріп өткен жолының оннан бірін алға қарай жүріп өтіп, жылжиды, ал Ахилесс осы нүктеге келген мезетте, тасбақа тағы да осы аралықтың жүзден біріндей жол жүріп тастайды, тағы да Ахилесс осы нүктеге жеткен мезетте, тасбақа осы аралықтың мыңнан біріндей жол жүреді, сандардың шексіздігіне орай осы үрдіс мəңгі қайталанып жалғаса береді де, Ахилесс тасбақаны ешқашан қуып жете алмайтындығы дəйектеледі. «Ахиллес пен тасбақа» деп аталатын апориясын ұсына отырып, Зенон не нəрсенің салыстырмалылығы туралы ой қозғайды? A) мазмұн жəне форма