Аналитикалық ойлау



бет1/10
Дата28.07.2023
өлшемі60,08 Kb.
#104858
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Àíàëèòèêàëû? îéëàó


Аналитикалық ойлау

1. Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ... тұрады. Жоғарыдағы төрт стихияның қайсысы жасырын тұр:


A) ауа
B) күн
C) топырақ
D) жарық
E) табиғат
2. Ежелгі грек ойшылы Фалеске берілген сұрақтардан мынандай жауаптар алыныпты. Бәрінен де жасы үлкен кім? – Құдай, өйткені ол тумаған. Бәрінен де не үлкен? – Кеңістік, өйткені ол бүкіл Дүниені қамтиды. Не нәрсе ең әсем? – Дүние, өйткені әсемдіктің бәрі оның құрамында. Ең дана не? – Уақыт, ол бәрін тудырды, тағы да тудырады. Барлыққа ортақ не? – .... Жоғарыда берілген мәтіндегі ойды аяқтаңыз.
A) көрік
B) байлық
C) денсаулық
D) даналық
E) үміт
3. «Қайсыбір философияның бастауында ... , дамуында - зерттеулер, соңында - білместік жатыр». (М. Монтень) Жоғарыдағы ойды сабақтай отырып, кезінде Аристотель айтып кеткен философияның бастуында не тұрғандығын ойланыңыз.
A) қайғы
B) қорқыныш
C) еліктеушілік
D) таңғалушылық
E) қуаныш
23. Онтология – болмыстың мәні туралы ілім. Онтология – адам туралы ілім. Онтология – өмір туралы ілім. Онтология – табиғат туралы ілім. Онтология – құдай туралы ілім. Дұрыс жауабын көрсетіңіз:
A) болмыстың мәні туралы ілім
B) құдай туралы ілім
C) өмір туралы ілім
D) табиғат туралы ілім
E) адам туралы ілім
20. Зерттеу обьектілерінің бірлігі бірнеше дәстүрлі жаратылыстық ғылымдардың тоғысуынан шығатын жаңа пәнаралық ғылымдардың пайда болуына әкеледі. Пәнаралық ғылымдар - бірнеше жаратылыстану ғылымдарының қиылысында тұрған жаңа ғылымдар. Төменде берілген жауаптардың ішінен пәнаралық ғылымға тиесіліні көрсетіңіз.
A) математика
B) биофизика
C) биология
D) химия
E) физиология
24. «Егер сен ойлаудан басталатын ғылым нағыз ғылым болады деп есептейтін болсаң, онда мен сенімен келісе алмаймын. Оны жоққа шығарудың бірнеше себептері бар, оның ең бастысы ойдағы пайымдауларда тәжірибе жоқ, ал онсыз ешқандай шындық жоқ»,- деп есептеді Леонардо да Винчи. Жоғарыда айтылған қағида қай философиялық бағытты қолдайтындығын көрсетіңіз:
A) сенсуализм
B) идеализм
C) эмпиризм
D) материализм
E) рационализм
25. Неміс ағартушысы Г.Лессинг «Егер Құдай мені өзіне шақырып, бір қолымда Дүние жөніндегі толық ақиқат, екіншісінде – ақиқатқа деген іңкәр бар. Қайсысын таңдап аласың?- десе, мен «О жаратқан, бүкіл ақиқаттың иесі – сенсің, маған тек сол ақиқатқа іңкәрлікті берсеңіз болғаны»,- дейді. Осы көркем сөзбен берілген ойда не туралы айтылып тұр және автор нені таңдап алды?
A) телеология
B) теология
C) мифология
D) фатализм
E) философия

26. Француз ағартушысы Д.Дидро айтқанындай «Ең тамаша ойшылдар философиямен ғасырлар бойы айналысты. Бірақ соған қарамастан онда бірде-бір дау туғызбайтын пікір жоқ». Неге олай?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет