Аналитикалық ойлау
1. Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ... тұрады. Жоғарыдағы төрт стихияның қайсысы жасырын тұр:
A) ауа
B) күн
C) топырақ
D) жарық
E) табиғат
2. Ежелгі грек ойшылы Фалеске берілген сұрақтардан мынандай жауаптар алыныпты. Бәрінен де жасы үлкен кім? – Құдай, өйткені ол тумаған. Бәрінен де не үлкен? – Кеңістік, өйткені ол бүкіл Дүниені қамтиды. Не нәрсе ең әсем? – Дүние, өйткені әсемдіктің бәрі оның құрамында. Ең дана не? – Уақыт, ол бәрін тудырды, тағы да тудырады. Барлыққа ортақ не? – .... Жоғарыда берілген мәтіндегі ойды аяқтаңыз.
A) көрік
B) байлық
C) денсаулық
D) даналық
E) үміт
3. «Қайсыбір философияның бастауында ... , дамуында - зерттеулер, соңында - білместік жатыр». (М. Монтень) Жоғарыдағы ойды сабақтай отырып, кезінде Аристотель айтып кеткен философияның бастуында не тұрғандығын ойланыңыз.
A) қайғы
B) қорқыныш
C) еліктеушілік
D) таңғалушылық
E) қуаныш
23. Онтология – болмыстың мәні туралы ілім. Онтология – адам туралы ілім. Онтология – өмір туралы ілім. Онтология – табиғат туралы ілім. Онтология – құдай туралы ілім. Дұрыс жауабын көрсетіңіз:
A) болмыстың мәні туралы ілім
B) құдай туралы ілім
C) өмір туралы ілім
D) табиғат туралы ілім
E) адам туралы ілім
20. Зерттеу обьектілерінің бірлігі бірнеше дәстүрлі жаратылыстық ғылымдардың тоғысуынан шығатын жаңа пәнаралық ғылымдардың пайда болуына әкеледі. Пәнаралық ғылымдар - бірнеше жаратылыстану ғылымдарының қиылысында тұрған жаңа ғылымдар. Төменде берілген жауаптардың ішінен пәнаралық ғылымға тиесіліні көрсетіңіз.
A) математика
B) биофизика
C) биология
D) химия
E) физиология
24. «Егер сен ойлаудан басталатын ғылым нағыз ғылым болады деп есептейтін болсаң, онда мен сенімен келісе алмаймын. Оны жоққа шығарудың бірнеше себептері бар, оның ең бастысы ойдағы пайымдауларда тәжірибе жоқ, ал онсыз ешқандай шындық жоқ»,- деп есептеді Леонардо да Винчи. Жоғарыда айтылған қағида қай философиялық бағытты қолдайтындығын көрсетіңіз:
A) сенсуализм
B) идеализм
C) эмпиризм
D) материализм
E) рационализм
25. Неміс ағартушысы Г.Лессинг «Егер Құдай мені өзіне шақырып, бір қолымда Дүние жөніндегі толық ақиқат, екіншісінде – ақиқатқа деген іңкәр бар. Қайсысын таңдап аласың?- десе, мен «О жаратқан, бүкіл ақиқаттың иесі – сенсің, маған тек сол ақиқатқа іңкәрлікті берсеңіз болғаны»,- дейді. Осы көркем сөзбен берілген ойда не туралы айтылып тұр және автор нені таңдап алды?
A) телеология
B) теология
C) мифология
D) фатализм
E) философия
26. Француз ағартушысы Д.Дидро айтқанындай «Ең тамаша ойшылдар философиямен ғасырлар бойы айналысты. Бірақ соған қарамастан онда бірде-бір дау туғызбайтын пікір жоқ». Неге олай?
A) философияда үнемі пікір қайшылығы болады, сол арқылы ақиқатқа жетуді көздейді.
B) философия дегеніміз-дау туғызбайтын пікірлер.
C) философияда тек бір ғана пікір қарастырылады, басқа пікірге орын жоқ.
D) философия турасында жоғарыдағы ойшыл дұрыс айтпаған.
E) философиямен айналысқан ойшылдардың тамаша болмағандығы себепті.
27. Неміс классикалық философиясының шыңы болып табылатын Г. Гегель «Барлық шындық ақылға сияды. Барлық ақылға сиятын – шындық» деген болатын. Осы қағиданың жұмбақ сырын ашып, оның өмірде қандай көрініс табатынын айтыңыз.
A) дүниеде бардың бәрі ақылға сияды
B) дүниеде бардың бәрі ақылға сия бермейді, өмірде бардың бәрі шындық емес
C) дүние дегеніміз шындық емес
D) дүниеде бардың бәрі шындық
E) дүниеде бардың бәрі ақылға сияды, өмірде бардың бәрі шындық
28. Көлемі бойынша ұғымдар жалқы және жалпы болып бөлінеді. Жеке деп көлемі жалғыз, дара элементтен тұратын ұғымдарды («бірінші ғарышкер», «екінші дүниежүзілік соғыс», т.б.) айтамыз. Жалпы деп көлеміне кем дегенде бірден артық элемент кіретін ұғымды атайды («ғарышкер», «мемлекет», «қылмыскер» және т.б.). Берілген жауаптардың ішінен көлемі бойынша жалқы ұғымды көрсетіңіз.
A) Австралия
B) материк
C) теңіз
D) кітап
E) қала
29. Дүниеге көзқарастың келесі бір мифтен кейінгі қалыптасқан түрі – дін. Қазіргі кездегі бір ғана құдайға сенетін монотеистік діннің пайда болуына дейін оның бастапқы нышандары осыдан жүздеген мың жылдар бұрын қалыптасқан. Оларды алғашқы діни сенімдер деп атайды: тотемизм, фетишизм, анимизм, магия, политеизм т.б.
Төменде берілген жауаптардың ішінен белгілі бір халықтың немесе этностың шығу тегін хайуанаттармен немесе өсімдіктермен туыстық байланыста қарастыруының ғылыми атауын табыңыз.
A) магия
B) тотемизм
C) анимизм
D) политеизм
E) фетишизм
30. Верификация - ғылыми тұжырымдардың ақиқаттылығын оларды эмпирикалық тексерудің нәтижесінде анықтауды білдіретін методологиялық ұғым. К. Поппер верификациялау принципінің орнына фальсификациялау принципін алға қояды. Жүйенің фальсификациялануы – бұл теориялық жүйені қолдау не ақтау формасы емес, оны жоққа шығару принципі. «Бұл ұнтақ тұз болып табылады» деген тұжырымды, оның дәмін татып көрсек болғаны немесе «үстелдің астында мысық отыр» деген тұжырымды үстелдің астына қарап-ақ тексере аламыз. Осы мысалдың жоғарыдағы қай принципке тиесілі екендігін анықтаңыз:
A) дедукция
B) индукция
C) верификация
D) фальсификация
E) демаркация
16. Электр заряды екі түрде кездеседі: электронға тəн заряд – ... заряд деп, ал позитрон мен протонға тəн заряд ... заряд деп аталады. Электр зарядтарын қасиеттеріне сай анықтап, бос орындарды өзретімен толтырыңыз:
A) ыстық жəне суық
B) оң жəне сол
C) теріс жəне оң
D) жоғары жəне төмен
E) оң жəне теріс
17. Қазіргі биология ғылымы қасиеттеріне, тіршілік көріністеріне қарай морфология (тірі организмдердің құрылысы жайлы ғылым), генетика (тұқым қуалаушылық пен өзгеру заңдарын зерттеуші ғылым), ... (өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік жағдайы жəне сыртқы ортамен өзара байланысы туралы ғылым) жəне т.б. болып бөлінеді. өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік жағдайы жəне сыртқы ортамен өзара байланысы туралы ғылым қалай аталады, қалып қойған ұғымды толтырыңыз:
A) физиология
B) экология
C) гистология
D) анатомия
E) молекулалық Биология
19. Николай Коперниктің «Аспан аумағының айналмалылығы туралы» деген басты еңбегінде байырғы Антика дәуіріндегі Аристарх Самосскийдің (б.э.б. 3 ғ.) гелиоцентризм идеясы қайтадан қолға алынып, жаңғыртылып, ғылыми ақиқат тұрғысынан дәйектеледі. Аристотельдік-Птолемейлік геоцентрлік жүйе жоққа шығарылады да, осы мәселе жөніндегі әлем мен адам туралы діни-теологиялық түсініктер терістеледі. Осы гелиоцентрлік жүйе кейіннен ғылым дамуы тарихында «коперниктік бетбұрыс» деп аталды. Гелиоцентризм ұғымының не екендігін айқындаңыз.
A) дүниеде екі негізгі субстанция бар
B) дүниені бір ғана негіз бар деп түсіну
C) әлемнің орталығы - Күн екендігін тұжырымдау
D) әлемнің орталығы адам деп түсіну
E) бұндай ағым жоқ
21. Ойлау жүйесінде кез-келген ұғым белгілерінің сипатына қарай әдетте: оң және теріс болып бөлінеді. Оң деп нәрседе қандай да бір сапаның болуын көрсететін ұғымды атайды. Теріс деп нәрседе сол немесе басқа сапаның болмауын көрсететін ұғымды атайды. Төменде келтірілген ұғымдардың қайсысы белгі сипатына қарай теріс болып табылады?
A) сауатты заңгер
B) парасаттылық
C) адам
D) бейболмыс
E) сараңдық
22. Болмыс жайындағы ой пікірлер дүниеде бар болып отырғанның бәріне (сущее) ортақ негіз туралы түсініктің тууына алып келді, ал бұл философияда субстанция категориясын тудырады. Субстанция толып жатқан нақты заттардың, құбылыстардың, үрдістер мен оқиғалардың көп түрлілігінің ішкі бірлігін білдіреді. Мәтіннің мағынасына қарай отырып субстанция ұғымының мәнін айқындаңыз:
A) орта мән
B) жоғары мән
C) соңғы мән
D) бастапқы мән
E) төмен мән
18. Декарттың философиялық ойларының негізі – ол жалпыға танымал шындықтың күмəнділігі. Бірақ, Декарт үшін күмəн агностикамен скептиканың дəлелсіздігі емес, ол тек алдын-ала қолданылатын əдістемелік əдіс, құрал, яғни оның көмегімен бір шындықтың бетін ашуға болатындығын айтады. Декарттың қысқаша ойы келесідей: «Мен нақты адам екеніме сенімім жоқ, мүмкін менің рухым жануарға не болмаса басқа тəнге тəн, бірақ менің ойым шынайы жəне нақты. Ойлар мен сенімдер мұны қате болуы мүмкін, бірақ ойлау фактісінің өз-өзі шынайы болып келеді». Декарт ойының дұрыс қорытындысын анықтаңыз:
A) «Сенемін, сондықтан өмір сүремін»
B) «Ойлаймын, сондықтан өмір сүремін»
C) «қалаймын, сондықтан өмір сүремін»
D) «ұяламын, сондықтан өмір сүремін»
E) «Сеземін, сондықтан өмір сүремін»
20. Сонымен, ғылым дегеніміз – арнаулы қоғамдық қызмет нəтижесінде алынып, дамыған жəне қолдану барысында қоғамның тікелей тəжірибелік күшіне айналған обьективті шындықтың динамикалық жүйесі. Ғылымибілімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу. Ғылымның атқаратын функцияларына жатпайтынын анықтаңыз:
A) болжам жасау – дəл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дəрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;
B) білім – адамзаттың əр қилы тіршілік ету аймағынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алу;
C) жаңалық ашу–табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;
D) жүйелеу–жиналған фактілік материалдарды сұрыптап, бір жүйеге енгізу; E) түсіндіру-табиғат обьектілері мен табиғат құбылыстарының мəнін ашу;
21. Қазақ халқының дүние сезімі мен дүние танымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. қазақ халқы басқа Еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен үндестік орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен жоғарыдағы мəтінде қазақ халқының қандай санасы туралы айтылғанын айқындаңыз:
A) мифтік сана
B) дүниетанымдық сана
C) экологиялық сана
D) болмыстық сана
E) тарихи сана
23. Протагор өзінің оқушысы Еватлмен келісімге келеді: егер Еватл алғашқы рет сотта жеңіске жетсе, онда Протагорға ақша төлеуге тиіс. Бірақ, Еватл асықпайды. Онда Протагор Еватлға «мен сені сотқа беремін» деп қорқытады. Оған Еватл: «келісім бойынша мен сотта жеңіске жетсем ғана төлеймін, мен əлі бір сотты да ұтқан жоқпын», - дейді. Сонда Протагор айтыпты: «Егер мен сотта сені ұтсам, онда сен төлейсің соттың шешімі бойынша, егер сен ұтсаң - онда бəрібір төлейсің, келісім бойынша». Оған Еватл былай депті: «Егер мен ұтылсам, онда төлемеймін, - келісім бойынша, ал егер ұтсам, онда төлемеймін соттың шешімі бойынша». Жоғарыдағы мəтіндегі мысалда көрсетілгендей дауласу немесе дəлелдеу кезіндегі қисынсыз пікірлерді, сырттай ғана дұрыс болып көрінетін ойларды қолданатын əдіс-тəсілдердің философиядағы атауын табыңыз:
A) софистика
B) схоластика
C) суфизм
D) скептицизм
E) секуляризация
24. Құдайдың құдіреттілігін дəлелдеу мүмкін емес, оған тек қана сенім арқылы жетуге болады». У.Оккам. Бұл қағидаға тəн ерекшелікті айқындаңыз.
A) теоцентризм
B) антропоцентризм
C) гелиоцентризм
D) пантеизм
E) фатализм
25. Логика ғылымында ұғымдарды бөлу деген қағида бар. Егер анықтамалар көмегімен ұғымның мағынасы ашылса, онда ұғым көлемін айқындау міндеті бөлу деп аталатын логикалық операция көмегімен шешіледі. Сонымен бөлу дегеніміз - бастапқы ұғымда ойлаған нəрселерді топтарға бөлу. Мысалы, құқықтық нормалар құқықтық міндеттеуші жəне құқықтық тыйым салушы, құқықтық растаушы деп бөлінеді. Бөлу негізі мəнді белгі болуы тиіс. С.Е. Лецтің «Таралмаған ойлар» еңбегінен алынған мысалды қарастырайық: «өзара əңгімелесіп отырған бірнеше кісі адамдарды түрліше бөлу туралы пікір бөліседі. Біреуі: «мен адамдарды ақылды жəне ақымақ деп бөлемін» десе, екіншісі: «адамдарды əрқалай бөлуге болады. Адамдар жəне адам еместер деп те бөлуге болады» дейді. Сонда таң қалған жазалаушы: «Ал мен оларды бас жəне дене деп бөлемін», - деді». Жоғарыдағы мысалдағы үш адамның қайсысының бөлуі дұрыс болмағандығын табыңыз.
A) ақылды жəне ақыма.
B) адамдар мен адамдар
C) адамдар жəне адам еместер
D) бас жəне дене
E) индивид жəне тұлға
16. «Сақ адам сандығын бекіте алады.
Есті адам тілін тия алады.
Бірақ ешкім ... тия алмайды». Ш. Құдайбердіұлы Ш. Құдайбердіұлының жоғарыдағы қанатты сөзін аяқтаңыз:
A) көзін
B) тілін
C) сөзін
D) құлағын
E) ойын
17. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - ... құмары. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дəмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бəрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бəрі - ... құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Қарасөздер. Жетінші сөз. Абай Құнанбайұлы. Жоғарыдағы келтірілген қарасөздегі түсіп қалған сөздерді орнына қойыңыз:
A) тəн мен дене
B) жан мен рух
C) ой мен сана
D) ерік пен жігер
E) тəн мен жан
18. Техника философиясы өзінің күрделі құрылымы бар жеткілікті дəрежеде күрделі философиялық ағым болып табылады. Техникалық өркениеттің динамикалық процестерін пайымдауға ұмтылған жаңа концепциялар пайда болды. Техника философиясы, ең алдымен, бірнеше бағытқа бөлінеді. Сциентизм техника дамуының адамзат үшін сөзсіз игіліктілігіне деген сенімге негізделеді. ... - технофобияның көрінісі, пайда болып, таралып жəне өсіп келе жатқан жаңа технологиялардың жұмбақ қауіп-қатерінің алдындағы үрей мен қорқыныш, сенімсіздік. Жоғарыда түсіп қалған ұғымның орнын толтырыңыз:
A) сыни рационализм
B) эмпириокритицизм
C) антисциентизм
D) неотехницизм
E) скептицизм
19. Адамға тəн ең жалпы белгі - оны басқа дүниеден ажыратып тұратын əлеуметтік іс-əрекет, еңбек. Адам дегеніміз − ең алдымен белсенді түрде əрекет етуші, өзінің өмір сүру жағдайларын өзгертуші əлеуметтік субъект, əлеуметтік ақыл-ой жəне əлеуметтік сезім иесі - мұның бəрі өзара іштей бірлікте болатын жəне іске асатын сапалық белгілер. Төмендегі жауаптар ішінен адамды басқа жануарлардан айырып тұратын негізгі белгілеріне жатпайтынын табыңыз: A) абстракциялық ойлауға қабілеттілік B) анық сөйлеуге қабілеттілік
C) қоректенуге деген қабілеттілік
D) денесінің тік қалыпта болуы жəне екі аяқпен жүруі
E) еңбекке қабілеттілік, яғни еңбек құралдарын жасап, оның көмегімен сыртқы орта нəрселерін өңдеу қабілеті
20. «Малда аяулы, жанда аяулы болса егер,
Малды аяма, жаның үшін малды сат!
Жан да аяулы, жар да аяулы болса егер,
Жанды аяма, жарың үшін жанды сат».
Ш. Құдайбердіұлы Жоғарыдағы келтірілген өлеңдегі «жар» ұғымының мəнін айқындаңыз:
A) жаратушы
B) жан
C) жұбай
D) ар
E) жер
21. Ешкімде философияны жастық шағында ысырып тастап, қартайғанда одан шаршамасын. Философия жасқа да кəріге де керек, біріншіге - жастық жігерді болашақ алдындағы пісіп-жетілген батылдықпен ұштастыруға, екіншіге - өмірдің соңында рухани жаңарып, өткенге қуану үшін, - деген пікірді грек философы Эпикур айтқан екен. Бұл ойдың маңызы неде?
A) философиямен тек егде жаста ғана айналысу қажет.
B) философия адамға орта жаста қажет
C) философиямен тек жастық шақта айналысу керек.
D) философия кез келген уақытта өзінің өзектілігін жоймайды.
E) философияның адам өміріндегі қажеттілігі шамалы
22. Элей мектебінің келесі беделді өкілдерінің бірі – Зенон (б.э.б. 490-б.э.б. 430 жж.) болмыс мəселесімен айналыса отырып, философия тарихында жəне дискурстық кеңістікте көпшілікке өзінің «апорияларымен» таныс. Мəселен, «Ахиллес пен тасбақа» деп аталатын апориясының мазмұны былайша құрылады: Грек аңыздарынан алынған образдық кейіпкер, өте жүйрік, желаяқ Ахилесс шабан тасбақаны қуып жете алмайтындығының дəйектемесінде, бастапқы қуу үрдісінде Ахилесс тасбақадан кейінірек орналастырылады, бірақ ол тасбақадан он есе тез жүгіре алады. Демек, Ахилесс тасбақаның бастапқы тұрған орнына жеткен уақытта, тасбақа Ахилестің жүріп өткен жолының оннан бірін алға қарай жүріп өтіп, жылжиды, ал Ахилесс осы нүктеге келген мезетте, тасбақа тағы да осы аралықтың жүзден біріндей жол жүріп тастайды, тағы да Ахилесс осы нүктеге жеткен мезетте, тасбақа осы аралықтың мыңнан біріндей жол жүреді, сандардың шексіздігіне орай осы үрдіс мəңгі қайталанып жалғаса береді де, Ахилесс тасбақаны ешқашан қуып жете алмайтындығы дəйектеледі. «Ахиллес пен тасбақа» деп аталатын апориясын ұсына отырып, Зенон не нəрсенің салыстырмалылығы туралы ой қозғайды?
A) мазмұн жəне форма
B) кеңістік пен уақыт
C) құбылыс жəне мəн
D) қажеттілік пен кездейсоқтық
E) себеп пен салдар
23. Адам бойында туа біткен білім болмайды деуге гносеологиялық принципті дəйектілікпен қолдана отырып, əл-Фараби тұлғалық қасиеттер туа бітеді деген пікірді де бекерге шығарады. Бұл қасиеттер дағды мен тəрбие күші арқасында ғана осылай көрінеді. Адам парасатты күйінде тумайды, онда тек парасаттылық қабілеті ғана болады, дəл сол сияқты ол əуелден жауыз немесе бұзақы, хатшы немесе тоқымашы болып та тумайды. Жалпылама баяндауына қарамастан, əл-Фараби көрсеткен, мемлекет қайраткеріне тəн ақиқатты жарату, ізгілік, байсалды мінез, адамгершілік сипаттар қазіргі кезде де маңызы мен мағынасын жоғалтқан жоқ. Жоғарыдағы мəтіннен Әбу Насыр əл-Фарабидің көзқарастарының қай ғылым саласына тиісті екендігін анықтаңыз?
A) логика
B) эстетика
C) этика
D) дін
E) саясат
24. Гипотеза – (гр. huostasis – негізгі болжам) теориялық білімнің формасы, ғылыми теорияның фактілер негізінде жасалған болжамдардан тұратын, шынайы мəні əлі анықталмаған жəне дəлелдеуді қажет ететін құрылымдық элементі. Гипотезаның анықтамасына сай келетін жауапты табыңыз:
A) ықтимал білім
B) дұрыс білім
C) шынайы білім
D) жалған білім
E) толық білім
27. Ой тұжырымының түбірлі, іргелі үш типін атауға болады. Бұлар дедукция, индукция жəне традукция. Индукция дегеніміз (латында inductio - кіргізу, əкелу) – жалқы білімнен неғұрлым жалпыға қарай өрбитін ой тұжырымы. Индукцияға типтік мысалды келтірейік:
«Дүйсенбі – жаңбырлы күн».
«Сейсенбі – жаңбырлы күн».
«n күн – жаңбырлы күн».
«Дүйсенбі, сейсенбі. ... n күн аптаның барлық күнін қамтиды».
«Бүкіл апта жаңбырлы болды».
Дедукция дегеніміз (латында dedu сtio - шығару, қорыту) – неғұрлым жалпы білімнен жалқыға жылжитын ой тұжырымы. Берілген жауаптардың ішінен дедукцияны анықтаңыз.
A) Кейбір металдар – сұйық денелер
B) Бүкіл апта жаңбырлы болды
C) Барлық Күн жүйесінің планеталары элиптикалық орбита бойынша қозғалады
D) Кейбір металдар судан жеңіл
E) Барлық адамға өлім хақ
30. Рационализм – (лат. ratio - ақыл) танымның негізін ақыл деп санайтын философиялық ағым, танымның басты қаруы, сонымен бірге ақиқаттың өлшемі. Болмыстың, танымның, моральдің де негізі ақыл деп есептейтін философиялық ілім. Рационалистік танымның негізгі үш формасын көрсетіңіз: A) ұғым, пікір, ойтұжырым
B) идея, гипотеза, теория
C) зерде, сана, интуиция
D) субстрат, материал, болмыс
E) түйсік, қабылдау, елестету
17. Пан та реи (pan ta rheі) - «Өзен суына екі рет кіруге болмайды. Біз өзен суына кіреміз, сонымен қатар кірмейміз, біз сол өзімізбіз, сонымен қатар басқамыз». Осы ойы арқылы ежелгі грек ойшылы Гераклит Дүниенің мəңгілік ... екенін ашық көрсетеді. Ежелгі грек ойшылы Гераклит Дүниенің мəңгілік сипаты деп нені айтып тұр. Жоғарыдағы түсіп қалған ұғымды айқындаңыз.
A) тұрақтылықта
B) өзгерісте
C) ылғалдылықта
D) ерекшелікте
E) ұйқыда
18. Сократтың айтуы бойынша, адамның ... танып-білуі – оның ең биік мұратына айналуы керек. Сонда ғана адам мен қоғам арасындағы қайшылықтар шешіледі. Ол үшін адам күнделікті өмірдегі «ұсақ мəселелердің» жолын табуы емес, ол бүкіладамзаттық ақиқат деңгейіне көтеріліп, өзінің жан-дүниесін толтыруы керек. Бұл пікірді қолдайтын бір аңыз бар. Сократтан «Сіздің туған жеріңіз "айда? – деп сұрағанда, ол «Мен ғарыштанмын» – деп жауап берсе керек. Сократтың ұлы тұлғалығы, міне, осында. Ежелгі грек ойшылы Сократ бойынша адам бірінші нені тануы тиіс: A) құдайды
B) қоғамды
C) айналасын
Достарыңызбен бөлісу: |