Алтай теріскейіндегі түркі халықтарының ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіндегі өте ертеден бері байланыста жатқаны белгілі.
Ұқсастық
Әдебиеті мен мәдениеті,
Тілі бір, салттары ұқсас
Тарихы тағдырлас
Өнерлерінің жақындығы ежелгі түркі дастандары «Алып Ер тоңа», «Оғыз қаған», «Еділ батыр», «Шу батыр», «Көк бөрі», «Ергенекон» т.б. халықтық жырлар сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келіп, «Қорқыт ата», «Оғызнама» «Білге қаған», «Тоныкөк», «Күлтегін» сияқты батырлық жырлар арқылы жалғасын тапты.
Бірінші — саха, хакас, тува, топа, шор, чуаш, ғағауыз, құмық, қарашай, қарайым, ақысқа түріктері сияқты халықтардың әдебиетін типтік бағдарламаларға ендіру.
Түркі халықтарының әдебиетін оқытуда екі түрлі мәселеге көңіл бөлу керек сияқты
Екінші — Кеңес дәуіріне республикалар арасында халықтардың өнері мен әдебиетінің он күндіктері жоспарлы түрде өтіп отыратын дәстүрді қайта жалғастыру.
Бүгінгі таңда бір халықтікі делінетін даралық сипаты бар әдебиет туысқан халықтар әдебиетімен белгілі бір заманға дейін тарихы бір, шығармалары мен авторлары ортақ болып келеді және қала береді.
Тура осы жағдайды туысқан түркі халықтарының әдебиеттеріне қатыстырып айта аламыз.
Тілі, тарихы, дүниетанымы, негізінен, бір болып келетін алтай, хақас, қазақ, ұйғыр, өзбек, әзірбайжан, түрік, татар, башқұрт т.б. туысқан түркі халықтарының әдеби мұрасы да ортақ екендігіне дау жоқ.
Қанша жерден олар бүгінде алып Еуразия құрылығының түкпір-түкпірінде мекен етіп, әр түрлі діни көзқараста болса да, қанша жерден түрлі алфавит арқылы әдебиеттерін жазып, әр түрлі саяси, әлеуметтік жағдайларда өмір сүріп жатса да, олардың байырғы тарихы ортақ болған тұста, ғасырлар бойы жасаған материалдық және рухани құндылықтары да бір.
Қорыта айтқанда мысалы осы кезге дейін көне орыс әдебиеті тарихын зерттеуде, дәуірлеуде бірізділік жоқ. Сондай жағдайды біз түркі әдебиеті тарихын дәуірлеуде де сеземіз. Бүгін біз осының бәрін ескере отырып, түркі халықтары тұтас бір этнос екендігін түсініп, олардың жасаған рухани мұрасының бір парасы – көркем шығармаларының да тарихы бір, тамыры ортақ екендігіне тоқтаймыз.
Осыған орай төмендегідей сұрақтарға да шешім таптыңыздар деп ойлаймын:
Түркі халықтары қай ұлттар болып бөлінеді?
Анықталған ұлттар мен ұлыстар түркі әдебиеті деген рухани қазынаның қалыптасуына бірдей үлесін қоса алады ма?
Көне дәуірден бүгінге дейін түркі этносы мекен еткен аймақтың, мемлекеттердің шеңберін білдік.
Достарыңызбен бөлісу: |