Анасова Қ. Т., «Қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, қауымд профессор



Дата05.12.2023
өлшемі13,17 Kb.
#134466
Байланысты:
Тезис


Анасова Қ.Т.,
«Қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, қауымд.профессор
Махамбетова А.Б.
«Қоғамдық пәндер» кафедрасының қауымд.профессоры

Инклюзивті топта қолданылатын білім беру технологиялары


Бұл мақалада, инклюзивті топтарда қолданылатын білім беру технологиялары тереңінен қарастырылған. Атап айтқанда: ойын технологиясы, проблемалық оқыту, саралап оқыту, оқытудың ұжымдық әдісі, деңгейлік саралау технологоиясы және т.б. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз - педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, білімалушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Проблемалық оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өздігінен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды. Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту үдерісінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Оқытудың ұжымдық әдісі – оқу үдерісінде өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы. ОҰӘ принциптері: жоғары жетістікке талпыну; алынған мәліметті бір-біріне лезде кідіріссіз жеткізу; білімалушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық; әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі; Топтық технология. Бұл – сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
Бұл технологиялардың философиялық негiзiнде дамытушы, проблемалық, тұлғаға бағдарланған оқыту жатады. Олар білім алушыларға бiлiмдi дайын күйiнде бермей, тек баланың өз алдына iзденiп өзiндiк дамуына жағдай жасатуға, белсендiлiкке, мәселеге сыни көз қараспен қарауға бағытталған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет