Сайра: Апай, мына Қайыржан деген де жаман оқушы. Бағана ол сізді сиыр деді.
Қайыржан: өтірік айтады. Мен сіздің көзіңіз ғана сиырдыкі сияқты дедім. Ал ол сізді... жас қыз емес деді.
Гүлзат: Немене?
Сайра: Олай деген жоқпыз. Жас қыз, бірақ мұғалім дедік.
Гүлзат: Шуылдап болдыңдар ма? Балалар, тәрбие сағатын өтпегендерің көрініп тұр. Седерді он бірінші сыныпта оқиды деп кім айтады. Қане, орындарыңа отырыңдар. Алдымен жақсылап танысайық. Журнал бойынша атаймын.
-Абылаев Салтанат.
-Мен
-Аралханова ГауҺар
-Мен
-Жұмақанов Ержан
-Мен
-Жүнісова Сымбат
-Мен
-Исабекова Гауһар
-Мен
-Қабыланбеков Қайыржан
-Мен
-Молдашев Нұржан
-Мен...
Қанат: (сыбырлап) Қайыржан, саған бірдеңе айтайын ба?
Қайыржан: Айт.
Қанат: Мен ғашық болып қалдым.
Қайыржан: Ғашық болып? Кімге?
Қанат: Гүлзатқа.
Қайыржан: Гүлзатқа? Мына мұғалімге ме?
Қанат: Иә, соған.
Қайыржан: Есің дұрыс па, ол мұғалім ғой?
Қанат: Бола берсін.
Қайыржан: Жынды қойдың миын жегенбісің?
Қанат: Кетші-ей, сен махаббат жайлы не түсінуші ең. Мен шын ғашық болып қалдым.
Қайыржан: Қияли.
Қанат: Ей, мен ақынмын ғой. Ақындар бір көргеннен-ақ ғашық болады.
Қайыржан: Жасы үлкен болса да ғашық бола бере ме?
Қанат: Махаббат жасқа қарамайды.
Қайыржан: Апа қылайын деп пе едің?
Қанат: Көп болса, бес жас үлкен шығар. Түк етпейді. Атестат алып алайын. Сонан соң көреміз. Мен оған жаңа бір өлең шығардым.
Гүлзат: Мерқұрманов Қанат.
Қанат. Мен.
Гүлзат: Отыр.
Қанат: мен сізге өлең оқыр берейінші.
Гүлзат: Өлең?
Қанат: Тыңдаңыз. Білмеймін айта алам ба жан сырымды,..
Ояттым сезім деген бал шырынды...
Гүлзат: Бұл неғылған өлең?