Артикуляциялық жаттығуды жаса «Күрекше» - жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек.
«Инеше» - ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
«Төбешік» - ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.
«Түтікше» - жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.
«Ожау» - ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.
«Сағат» - тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
«Саңырауқұлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
«Алтыбақан» - жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.
«Тәтті тосап» - жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. 15 рет қайталау.
«Тоқылдақ» - ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек.
«Ат шауып келеді» - ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу.
Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.