Анатомия – 120 ом


Табан бұлшықеттері, олардың қызметі



бет63/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   142
74.Табан бұлшықеттері, олардың қызметі.
Табан бұлшықеттері. Үш топка бөлінеді: а) медиалды (үлкен бақай
бұлшықеттері); ә) латералды (кішкене бакай бұлшықеттері); б) ортанғы
(табан ортасында жатады).
Медиалды топ бұлшықеттері
1. Үлкен бақайды әкететін бұлшықет, m. abductor hallucis, табанның медиалды жиегінде беткей орналасады.
2.Үлкен бақайдын қыска бүккіші, m.flехоr hallucis brevis, алдыңғы бұлшықеттін латералды жиегіне жанасалы; басталатын жері медиалды сынатәрізді суйекпен lig. calcaneocuboideum plantare.
3. Yлкен бақайды әкелетін бұлшықет, m. adduсtor hallucis, теренде жатады және екі бастан тұрады. Олардың біреуі (қиғаш бас, сарut obliquum) текше сүйек пен lig. plantare longum-нен, сондайақ латералды сынатәрізді сүйек пен I-IV табан суйектері негіздерінен басталып, одан алға қарай қиғаш және аздап медиалды өтеді.
Қызметі: Медиалды топтын бұлшықеттері аттарында көрсетілген қызметтерінен басқа, табанның медиалды жағында күмбезді нығайтуга катысады.
Латералды топ бұлшықеттері
1. Кішкене бақайды әкететін бұлшықет, m. abductor digiti mіnimi, табанның латералды жиегі бойында жатады. Өкше суйегінен басталып, кішкене бақайдың проксималды бақайшағының негізіне бекиді.
2. Кішкене бақайдың қыска бүккіші, m. flехоr digii minimi brevis, V табан сүйегі негізінен басталып, кішкене бақайдың проксималды бақайшағының негізіне бекиді.
Қызметі: Табан бұлшықеттерінің латералды тобы бұлшықеттердін әрқайсысының кішкене бақайға әсері онша емес Олардың басты рөлі аяқ ұшы күмбезінің латералды жиегін нығайтуда.
Ортангы топ булшыкеттері.
1. Бакайлардын қыска буккіші, m. flехor digitorum brevis табан
апоневрозы астында беткіп жатады. Бұлшықет аяқ ұшы кумбезін бойлыұ бағытта бекітіп, бақайларды (II-V) бүгеді.
2. Табанның шаршы бұлшықеті, m. quadratus plantae (m. flехоr асcessorius), алдынғы аталған бұлшықеттін астында жатады, өкше сүйегінен басталады да, m. flехоr digitorum longus cінірінің латералды жиегіне қосылады. Бұл буда бақайлардын ұзын бүккішінін қимылын реттеп, оның тарту күшін бақайларға тура бағыттап отырады.
3. Кұрттәрізді бұлшықеттер, m. umbricales, саны төртеу. Олар проксималды бақайшақтарды бүгеді; олардын басқа бақайшақтарды жазу асері өте әлсіз немесе жоқ деуге болады. Олар буған қоса басқа төрт бақайды үлкен бақай жағына карай тарта алады.
4. Сүйекаралык бұлшықеттер, mm. interossei, табан суйектері
арасындагы кеністіктерге сәйкес табан жағынан барынша терен
жатады.
Қызметтері: шектеулі көлемде гaна бакайларды әкеледі және
әкетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет