Анатомия – 120 ом


Ромбтәрізді шұңқыр, ми нервтері ядроларының проекциясы



бет96/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   142
Байланысты:
Анатомия

119. Ромбтәрізді шұңқыр, ми нервтері ядроларының проекциясы.



Төртінші карынша түбінің пішініне сәйкес ромбтәрізді шүнкыр, fossa rһотboideae, атауын алады, ол сұр заттың жіңішке кабатымен, stratum cinereum fos­sae rhomboideae жабылған. Ромбтәрізді шұнкыр онтогенезі бойынша үш бөлімнің калыптасуы болып саналады: оның жоғарғы бөлігі, pars superior, ромбтәрізді ми кылтасынан, isthmus rhombencephali, пайда болып, pedunculi cerebellares superiors, арасында орналасады, аралык бөлігі, pars intermedia, арткы мидан, metencephalon, түзіліп, оң және сол латералді қалталар арасында жатады және төменгі бөлігі, pars inferior, сопакша мидан, myelencephalon, кұрылып, оң және сол мишықтың төменгі аякшаларының, pedunculi cerebellares inferi­ ores, арасында орналасады.
Ромбтәрізді шүңкыр алдынан мидың су кұбырынан, артынан calamus seriptorius-ке дейін тартылады. Онын бұрыштары: алдыңғы - үлкен миға, артқы - жүлынға, доғал бүрыштары - латералді калталарға бағытталады.
Шұнкырдың ұзындык диагоналі бойы­ мен ромбтәрізді шүнкырдың орталық жүлгесі, sulcus medianus fossae rhomboideae өтеді, ол алдынан су кұбырына отеді. Қыска диагональ латералді калталар арасынан өтеді. Шұңкырды орталық жүлге оң және сол үш бүрыштарға бөледі. Әрбір үшбұрыштың негізі орталык жүлгеде жатады, ал үшы ромбтәрізді шұнкырдың ең жалпак учаскесі - латералді қалталарға, recessus lat­eralis, бағытталады. Мишыктьң төменгі аякшаларының арасында жүргізілген сызык ромбтәрізді шұнкырды колемі жағынан әртүрлі екі: жоғарғы (алдыңғы) және төменгі (артқы) үшбұрыштарға бөледі.
Орталық жүлгенің жан-жағында екі медиалді томпақ, eminentiae medialis, бар, олар ромбтәрізді шұңкырдың алдыңғы учаскелерінде жақсы айкындалған. Осы томпақтардың калыңдығында ми нервтерінің имыл ядролары жатады. Әрбір томпактың алдыңғы бөлігінде (жоғарғы үшбұрыштың алдыңгы бөлімдеріне сәйкес) бет нерв тізесінен түзілген беттік төмпешік, coiliculusfacialis, бар.
Медиалді томпак пен беттік төмпешік латералді жағынан шекаралық жүлгемен, sulcus limitans, шектелген жүлгенің жоғарғы бөлімдерінде, pedunculus cerebellaris superior-тажакын көк түсті кішкене учаске - көкшіл дақ, locus ceruleus, орналасады, оның түсі пигменттік жасушалардың орналасуына байланысты.
Бет нерв төмпешігінің латералді бетінде және көкшіл дақтың артында терең емес жоғарғы шұңқыр, fovea superior, бар, ол шекаралық жүлгенің кеңейген жері болып саналады.
Бет нерві төмпешігінің төменгі бөлігінің артында көлденең бағытта, ақ түсті жіңішке ми жолақтары, striae medullares ventriculi quartii, өтеді, олар ромбтәрізді шүңқырдың аралык бөлігінде жатады. Олар латералді орналасқан есту төмпешігінде, tubercu­ lum acusticum, басталып, орталык жүлгеге бағытталады. Есту төмпешігінде үлу нервтің дорсалды ядросы, nucleus cochlearis dorsalis, немесе nucleus dorsalis cochlearis, жатады, ол ядродан жоғарыда аталған, striae medullaris, басталады. Олар есту төмпешігі мен жалпайған көтеріңкісінің шекаралык жүлгесі (кіреберіс алаң, area vestibularis) арасындағы бетте өтеді.
Кіреберіс алаңнан төмен тіласты нерв үшбұрышты, trigonum п. hypoglossi, одан медиалді және кішкене төмен, төменгі шүңкырдың астында кою қоңыр түсті кішкене учаске - кезбе нерв үшбұрышты, trigonum п. vagi, орналасады. Одан төмен ұсақ жүлгелермен алабажақтанған жер, жазатын қауырсын, calamus seriptorius, бар, оның артында ромбтәрізді шұнкырдың орталык жүлгесі жүлынның орталық өзегіне өтеді. Осы жерді ысырма, obex, жабады, ол төртінші қарынша төбесінің төменгі жиегінің соңғы учаскесі, оның астында орталык өзекке кіреберіс орналасады.

Мидың сабаулык бөлігінде сүр зат жеке жасушалар жиынтығы ядролар түрінде жатады, олардың барлығы ми аяғының, көпірдің, сопақша мидың дорсалді бөлімдерінде орналасады. Көзқимыл және шығыршык нервтерінің ядролары ми аяғының дорсалді бөлімдерінде жатады. Көзқимыл нервтің ядросы, nuclei п. oculomotorii, ми аяғының жамылғысында, төрт төбешіктің жоғарғы төмпешіктері деңгейінде жатады. Олардың ішінде соматикалык және вегетативтік ядроларды ажыратады. Шығыршык нерв ядролары, nuclei п. trochlearis, ми аяғының жамылғысында, төрт төбешіктің төменгі төмпешігі деңгейінде орналасады. V-XII жұп ми нервтерінің барлык ядролары көпір мен сопакша мидың дорсалді бөлімдерінде орналасып, ромбтәрізді шұңқырдың әртүрлі учаскесіне проекцияланады.
Үшкіл нерв ядролары, nuclei п. trigem­ini, ромбтәрізді шұңкырдың барлық ұзындығына созылады. Үшкіл нервтің қимыл және сезімтал ядроларын ажыратады. Негізгі қимыл немесе шайнау ядро, nucleus тоrorius princeps s. nucleus masticatorius, және ортаңғы ми жолының ядросы, nucleus trac­tus mesencepholici n. trigemini, көпірдің дорсалді бөлімінде, ядроларының негізгі бөлігі ромбтәрізді шұңкырда көкшіл дақ, locus ceruleus, аймағында проекцияланады. Сезімтал ядро, nucleus sensorius, көпірдің дорсалді бөлігінде және ромбтәрізді шұңқыр жағынан бет төмпешігінің алдына және кішкене сыртқа проекцияланады. Жұлын жолының ядросы, nucleus tractus spinalis n.trigemini, созылыңқы пішінді, сопақша мидың дорсалді бетінде орналасып, жұлынның мойынның сегменттеріне дейін жетеді.
Әкететін нерв ядросы, nucleus п. abducen­ tis, көпір жамылғысында жатып, ромбтәрізді шұңқыр жағынан colliculus faciolis-ке сәйкес.
Бет нерв ядролары, nuclei п. facialis, әкететін нерв ядросынан кішкене вентралді және тыскары жатады және ромбтәрізді шұңқыр жағынан colliculus faciolis-тен латералді проекцияланады.
Кіреберіс - ұлу нерв ядролары, nu­clei п. vestitulocochlearis, немесе есту нерв ядролары, nuclei п. acustici (s.п. statoacustici), көпір мен сопакша ми арасындағы шекарада жатады және ромбтәрізді шұңкыр жағынан area vestibularis аймағында проекцияланады. Тіл-жұтқыншак нервінің, п. glossopharyn­ geus, кимыл, қосарланған ядросы, nucleus ambiguus, сезімтал немесе дара жол ядросы nucleus tractus solitarii, вегетативті, төменгі
сілекей бөлетін ядро, n.salivatorius inferior, бар. Барлық көрсетілген ядролары сопақша мидын дорсалді бөлігінде және де кимыл және сезімтал ядролары кезбе нервпен ортақ. Тіл-жұтқыншақ нервтің ядролары ромбтәрізді шұңқыр жағынан, trigonum п. vagi, аймағында проекцияланады.
Кезбе нерв, п. vagus, жоғарыда көрсетілгендей, онын ядролары тіл-жұткыншак нервімен ортақ. Олардың арасында: кимыл дорсалді ядроны, nucleus dorsalis n. vagi, вентралді ядроны немесе қос ядроны, nu­cleus ambiguus, және дара жол ядросын, nucleus tractus solitarii, ажыратады, ол ромбтәрізді шұнкыр жағынан trigonum п. tagi-ден латералді проекцияланып, аталмыш ядролардан вентралді орналасады.
Қосымша нерв ядролары, nuclei п. асcessorii, мидын сабаулык бөлігінде ғана емес, сонымен бірге жүлында да жатады. Милық ядросы, nucleus cerebralis, сопакша ми, colamus seriptorius, аймағында, ал жұлын ядросы, nucleus spinalis, жұлынның сұр затында, алдыңғы мүйіздердің дорсо-латералді бөлігінде, бес-алты жоғарғы мойын сегменттері бойында жатады. Тіласты нерв ядролары, nuclei n. hypoglossi, жүлынның дорсалді бөлімдерінде жатады және ромбтәрізді шұңкыр жағынан trigonum п. hypoglossi аймағында проекцияланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет