Анатомия – 120 ом


КӨКЕТ,ТЕСІКТЕРІ,ӘЛСІЗ ЖЕРЛЕРІ



бет54/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   142
Байланысты:
Анатомия

61. КӨКЕТ,ТЕСІКТЕРІ,ӘЛСІЗ ЖЕРЛЕРІ
Диафрагма (Diaphragma)-пішіні күмбез тәрізді болып келген,тыныс алудағы ең басты жалпақ бұлшықет.Ол қабырға секілді кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұрады. Жалпы диафрагманың кеуде қуысына қараған беті дөңес,ал құрсақ қуысына қараған беті ойыстау болып келген. Диафрагманың бұлшық еттері қабырға,төс сүйегі және бел омыртқалардан басталады.
Pars costalis,қабырғалық бөлік-7-12 қабырғалардың шеміршегінен басталып,шандырлы,сіңірлі орталыққа барып бекиді.
Pars sternalis,төстік бөлік-ол төстің семсертәрізді өсіндісінің артқы бетінен сіңірлі орталыққа қарай шығады.Нәзік,жіңішке болып орналасқан.
Pars sternalis пен pars costalis арасында төстің жанында жұп үшбұрышты саңылау,төс-қабырға үшбұрышы (trigonum sternocostales) орналасқан. Бұл үшбұрыш маңында диафрагмалық жарық жиі кездеседі.
Pars lumbalis,бел бөлімі-көкеттің ең мықты бөлігі.Атына сәйкес бел бөлімінен басталады.Ол оң және сол аяқшалардан ,crus dextrum et sinistrum, тұрады. Оң жақ аяқша 1-4 бел омыртқалардан басталады.Сол жақ аяқша 1-3 бел омыртқаларынан басталады.
●Lig.arcuatum mediale ,медиалді доға тәрізді байлам –дәнекер тінді байлам.Ол m.psoas major,үлкен бел бұлшықеттің шандырынан басталып, 1-бел омыртқасының көлденең өсіндісіне барып бекиді.
●Lig.arcuatum laterale,латералді байлам-1-бел омыртқаның қабырғалық өсіндісінен басталып, 12 қабырғаға барып бекиді.Ол m.quadratus lumborum,белдің текше тәрізді бұлшық етінің сыртын жауып орналасады.
Pars costalis пен pars lumbalis арасында көлемділеу жұп саңылау,бел-қабырға үшбұрышы (trigonum lumbocostale) орналасқан. Бұл саңылау жоғарғы жағынан өкпеқап және кеуделік фасциялық қабықшамен,ал төменгі жағынан ішастар астындағы шелмай және ішастармен қымталған.
Диафрагма тесіктері:
Hiatus aorticus-медиалді бөлікте орналасқан қолқалық саңылау.Көкеттің екі аяқшасы және омыртқа бағанасы арасындағы үшбұрышты кеңістік,қолқалық тесікті Hiatus aorticus қалдырады,ол арқылы қолқа өтеді.
Hiatus esophagus – өңештік саңылау. Қолқалық тесіктен жоғарырақ көкет аяқшалары тағы да өзара айқасып, Hiatus esophagus ты құрайды.Бұл тесік арқылы өңеш және екі кезбе нерв nn vagi өтеді.Өңештік тесік астың жылжуын реттеп қысқыш қызметін атқаратын бұлшықет будаларымен көмкерілген.
Сонымен қатар диафрагмада шандырлы ортылық (centrum tendineum) бар.Оның құрсақ қуысына қараған беті асқазан,бауыр,көкбауырмен,ал кеуде қуысына қараған беті жүрекпен беттеседі.Және де диафрагма күмбезінің оң жақтық және сол жақтық бөлігі бар.Оң жақтық күмбез 4 қабырға,ал сол жақтық күмбез 5 қабырға тұсына сәйкес келеді.
Көкеттің қызметі:Көкет тыныс алудағы басты бұлшықет болғандықтан,ол қысқарғанда төмен түсіп,кеуде қуысы кеңейіп,адам дем алады.Ал босаңсығанда жоғары көтеріліп,кеде қуысы тарылады да,дем сыртқа шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет