Анатомия – 120 ом


Санның бұлшық еттері,олардың қызметтері



бет61/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   142
Байланысты:
Анатомия

72. Санның бұлшық еттері,олардың қызметтері.
Сан бұлшықеттері mm.femoris, ортан жілікті қоршап, алдыңғы, медиалді және артқы топтарға бөліп тұрады.. Санның алдыңғы топ бұлшықеттері: 1.Тігінші бұлшықет m.sartorius, жоғарғы алдыңғы мықындық қырынан spina iliaca anterior басталып, асықты жіліктің бұдырына tuberositas tibiae бекиді. Қызметі: сан мен сирақты бүгеді, санды сыртқа, ал сирақты ішке бұрады.
2.Санның төртбасты бұлшықеті m.guadriceps femoris , санның дисталды ұшында төрт басы бірігіп, сіңір түзеді.
a) санның тік бұлшықеті m.rectus femoris, санның төртбасты бұлшықетінің ең ұзыны.
б) санның жалпақ медиалды бұлшықеті m.vastus medialis ортан жіліктің медиалды аймақтарында орналасқан.
в) санның жалпақ латералды бұлшықеті m.vastus lateralis, жоғарғы бөлігі санның жалпақ сіңірін керуші бұлшықеті m.tensor fasciae latae мен төменгі алдыңғы беті санның тік бұлшықеттерімен беттесіп орналасқан.
c)санның жалпақ аралық бұлшықеті m.vastus intermedius, ортан жіліктің алдыңғы бетінен басталып, тобықтың жоғарғы жиегіне бекиді.
Қызметі: сирақты тізе буынында жазады, санның тік бұлшықетінің арқасында, санның бүгілуіне қатысады.
3.Тізе буынының бұлшықеті m.articularis genus, жалпақтау келген, 4-5 бұлшықет будаларынан құралған. Ортанғы жілік сүйегінің дистальді бөлігінің алдыңғы бетінен басталып, тізе буынының қапшығында бекиді. Қызметі: тізе буынының қапшығын тартып керу.
Медиалды топ бұлшықеттері:
1.Нәзік бұлшықеті m.gracilis , жалпақ ұзындау келген бұлшықет. Ол қасаға сүйегінің төменгі жиегінен ramus inferior ossis pubis басталып, үлкен жіліншіктің бұдырына tuberiositas tibiae бекиді.Қызметі: санды ішке тартып, сирақтың бүгілуіне қатысады. 2.Ішке тартқыш ұзын бұлшықет m.adductor longus , жалпақ, үшбұрыш пішінді, ортаңғы жіліктің алдыңғы медиалді бетінде орналасады Қызметі: санды ішке қарай тартып, сыртқа қарай бұрады.
3.Ішке тартқыш қысқа бұлшықет m.adductor brevis, ұшбұрыш пішіндес, ішке тартқыш ұзын бұлшықетінің астында орналасқан. Қызметі: санды ішке тартып, сыртқа қарай бұрады.
4.Санды ішке тартқыш үлкен бұлшықеті m.adductor magnus, қалыңдау келген бұлшықет. Қызметі: санды ішке тартып, сыртқа қарай бұрау.
5. Қырқалы бұлшықеті m.pectineus, жалпықтау және төртбұрыш пішінді болып келеді. Санның артқы топ бұлшықеттері:
1.Жартылай сіңірлі бұлшықет m.semitendinosus, санның артқы бетінің медиалді қапталында орналасқан. Ол шоңданай сүйегінің бұдырынан tuber ischiadicum басталып, асықты жіліктің бұдырына tuberositas tibiae бекиді. Қызметі: санды жазады, сирақты ішке қарай бұрып, бүгеді. Тұлғаны тікейтуге қатысады. 2. Жартылай жарғақты бұлшықет m.semimembranosus, ортан жіліктің артқы бетінің медиалді жағында орналасады. Жалпақтау келген сіңіршесі бұлшықеттің жартыдан астам бөлігін құрайтындықтан жартылай жарғақты бұлшықет деп аталады. Қызметі:санды жазады, сирақты ішке қарай бұрап, бүгеді.
3.Санның екі басты бұлшықеті m.biceps femoris ортан жіліктің артқы бетінің латералді жағында орналасады, ұзын және қысқа бастары болады. Қызметі: санды жауып, сирақты ішке қарай бұрып, бүгеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет