38. Самай-төменгі жақ буыны, жалғамаларының құрылысы, қызметтері Самай temporalis төменгі жақ буыны адам денесіндегі кездесетін құрылысы жағынан ең қиын буын болып келеді. Төменгі жақ буын өсіндісі мен самай сүйегінің буын шұңқыры самай төменгі жақ буынын құрайды.Самай- төменгі жақ буыны- өз траекториясы бойынша адам организміндегі жалғық жұп буын болып табылады. Буын қалыпты жағдайда оң және сол жағыда әрдайым сәйкес қозғалыс жасауы керек.Самай төменгі жақ буыны дисфункциясының этиологоиясына келетін болсақ осы күнге дейін дәрігердің айтуы бойынша бруксизм негізгі себеп болып табылады. Ал қазіргі таңда самай төменгі жақ буынының дисфункциясы көбейіп келеді, себебі көбіне стрестік жағдайлар әсер етеді деп есептелінеді.Төменгі жақ қозғалмалы сүйек. Оның денесі мен жұп өсіндісі бар. Денесінің алдыңғы бетінде төменгі иек бар. Оның айналасында төменгі иек тесігі орналасқан. Төменгі жақтың ішкі бетінде иек қыры мен жақ тіл асты тесігі өтеді. Артқы жағында екі өсіндісі бар. Алдыңғысы тәждік , артқысы ардаршықты. Айдаршықты басы, мойыны бар . Басы самай сүйегіне буын арқылы бекиді. Самай сүйек (os temporale, лат os сүйек, temporalis — самай) — бассүйектің ми сауыты бәлімінің екі жақ бүйір қабырғасын құрайтын жұп сүйек. Самай сүйек қабыршақтық, дабылдық және тастық бөліктерден тұрады. Қабыршақтық бөлік самай шұңқырының қабырғасын түзеді. Дабылдық бөлікті сыртқы есту жолы мен қуысты дабыл сүйегі құрайды. Тастық бөлікішкі құлақтың қаңқасын құрайтын қатты сүйектен тұрады. Самай бөлігі: есту анализатор орталығы, вестибулярлы анализатор орталығы, иіс сезу анализатор орталығы, дәм сезу анализатор орталығы, сенсорлық сөйлеу орталығы, дыбыс және әуенді тану орталығы
39. Омыртқа жотасының бассүйекпен қосылысы Атлант-шүйделік буын, articulatio atlantooccipitalis. Буын басы шүйде сүйегінің айдаршығының condylus occipitalis, буын бетінен тұрса, буын шұңқыры атланттың немесе ауыз омыртқаның жоғары буын шұңқырының буын бетінен, facies articularis superior, тұрады. Буын басының буын беті буын ойысына қарағанда шағын келген. Буын беттері гиалинмен көмкерілген. Буын беттерінің сыртқы пішініне қарай эллипс немесе айдаршақты құрама буын, articulatio combinata, жатады. Буын беттері сәйкес келген. Буын қапшықтары буын беттерінің жиектеріне өзара тартылып бекіген. Буынның меншікті буын қапшығының байламы жоқ, жанама жарғақтар арқылы мықталған.
1. Алдыңғы атлант-шүйделік жарғақ,membrana atlanto-occipitalis anterior,ол ауыз омыртқаның алдыңғы доғасы мен шүйде сүйегінің үлкен тесігінің алдыңғы жиектерінің аралығында өзара тартылып ораласқан. Ол омыртқалар денелерін бойлай орналасқан алдыңғы байламның lig. Longitudinal anterior, тікелей жалғасы болып саналады. Бұл жарғақтың артқы капталында, алдыңғы атлант-шүйделік байлам, lig. Atlantooccipitaliis anterior, орналасқан. Қызметі: буынның тым шалқаюын тежеу.
2. Атлант -шүйделі артқы жарғақ, membrane atlanto-occipitalis posterior. Ол жарғақ шүйде сүйегінің үлкен тесігінің артқы жиегінен басталып, ауыз омыртқаның артқы доғасына барып бекиді. Атлант- шүйделік артқы жақтың алдыңғы бетінде, қантамырлар мен нервтердің тесікшелері айқын байқалады. Сонымен қатар бұл жарғақ омыртқа доғалары аралығындағы сары түсті байламның тікеле жалғасы болып саналады. Атлант-шүйделік артқы жарғақтың бүйір қапталыңда латералді атлант-шүйделік байлам орналасқан. Ол бұл жарғақтың тікелей жалғасы болып саналады. Қызметі: атлант-шүйделік буынның тым алға қарай иілуін тежеу