Анатомия – 120 ом



бет50/143
Дата25.09.2024
өлшемі0,91 Mb.
#145656
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   143
Байланысты:
Анатомия – 120 ом-emirsaba.org

Қызметі: омыртқа бағанасының мойын бөлігін алға қарай немесе бүйір қапталына қарай тарту.
2. Бастың ұзын бұлшықеті, т.longus capitis. Ол, IIIVI мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінің алдыңғы төмпешігінен басталып, өрлеме бағытта өтіп, шүйде сүйегінің денесінің төменгі бетіндегі жүгқыншақтық төмпешігіне барып бекиді.


Қызметі: бас пен мойын омыртқаларын бүгу қызметін атқарады.
3. Бастың алдыңғы тік бұлшықеті, m.rectus capitis anterior. Ол ауыз омыртқаныц алдыңғы доғасынан басталып, өрлеме бағыгга өтіп, шүйде сүйегі денесінің төменгі бетіне барып бекиді.


Қызметі: бас пен мойынды алға қарай ию.
4. Бастың латералды тік бұлшықеті, m. rectus lateralis, олауыз омыртқаның көлденең өсіндісінен басталып, шүйде омыртқасы денесінің латералды бөлігіне барып бекиді.Қызметі: басты бүйір қапталына қарай ию.

57.Мойынның үшбұрыштары, шекаралары, құрамы.


Мойын ,cervix, артқы, латеральды, төс-бұғана-емізікті бұлшықет аймағы ж/е алдыңғы деп 4 аймаққа бөледі.
Артқы аймақ, regio cervicalis posterior, m. trapezius-тің сыртқы жиегін артында орналасқан, желке мен шүйде,nucha болып бөлінеді.
Латеральды аймақ, regio cervicalis lateralis, m.sternocledomastoideus-тің артында орналасқан ж/е оны алдыңғы жағынан аталған бұлшықет, астыңғы жағынан бұғана ж/е артқы жағынан m. trapezius шектейді. 2 үшбұрышты бөледі: 1. Жауырын-бұғана үшбұрышы, trigonum omoclaviculare, оны m.sternocledomastoideus(алдынан), m.omohyoideus-тің төменгі қарыншасы(артынан), ж/е бұғана(астынан) шектейді. 2. Жауырын-трапеция үшбұрышы, trigonum omotrapezoideum, оны m.omohyoideus-тің төменгі қарыншасы, m. trapezius ж/е m.sternocledomastoideus құрайды.
Алдыңғы аймақ, regio cervicalis anterior, m.sternocledomastoideus-тің алдында жатады, артқы жағынан аталған бұлшықетпен, алдынан мойынның ортаңғы сызығымен ж/е үстіңгі жағынан төменгі жақсүйектің жиегімен шектелген. 3 үшбұрышты бөледі: 1. Ұйқы үшб., trigonum caroticum, (онда a. carotis өтеді),оны m.sternocledomastoideus (артынан), m.digastricus-тің артқы қарыншасы (алдынан ж/е үстінен) ж/е m.omohyoideus-тің жоғарғы қарыншасы (алдынан ж/е астынан) түзілді.
2. Төменгі жақсүйекасты үшб., trigonum submandibulare, mandibulare-нің төменгі жиегінен ж/е ), m.digastricus-тің екі қарыншасынан түзілген. Онда практикалық мақсатта m.mylohyoideus артқы жиегі (алдынан) m.digastricus-тің артқы қарыншасы (артынан) ж/е m.hypoglossus (үстінен) шектеген Пирогов үшбұрышы бөлінеді. Онда a.lingualis өтеді.
3.Жауырын-кеңірдек үшбұрышы, trigonum omotracheale-ні түзетіндер: m.omohyoideus жоғарғы құрсағы, мойынның ортаңғы сызығы ж/е m.sternocledomastoideus.

58.Мойынның шандыр қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері, олардың практикалық маңызы.


Мойынның шандыр қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері, олардың практикалық маңызы.
Мойынның айналасында меншікті, беткей, мойынішілік шандырлар орналасқан. Мойынның беткей шандырын лат. Fascia colli superficialis. басқа шандырлардан ешқандай айырмашылығы болмайды. Мойынның меншікті шандырын лат. Fascia colli propria. Тіл асты сүйекке қатынасты екі бөлікке: тіл асты сүйек асты және тіл асты сүйек үсті бөледі. Мойынның меншікті шандырының тіл асты сүйек асты бөлігі беткей, омыртқа алды және кеңірдек алды табақшалармен көрсетілген. Мойын ішілік шандырдың екі табақшасы болады: висцералды және париеталды.
Мойынның беткей шандыры терінің астындағы шелмайлық астында орналасқан, мойынның тері асты бұлшықетінің айналасын перимезий түрінде қоршайды.
Мойынның кабықаралық кеңістіктері:
1. Төр үсті шандыр аралық кеңістік лат. Spatium interfasciale suprasternale. Төстегі мойындырық тіліктің үстінде орналасады. Алдында беткей және артында мойынның меншікті шандырының кеңірдек алды табағымен шектеліп, төс-бұғана-емізік бұлшықетінде соқыр қалта түзіледі.
2. Ағза алды кеңістік лат. Spatium previscerale. Кеңірдек және көмейдің алды жағында мойын ішілік шандырдың париеталды мен висцералды табақтардың араларында орналасады. Алдыңғы көкірек ортасымен төменнен байланысады.
3. Ағза арты кеңістік лат. Spatuim retroviscerale. Мойынның меншікті шандырының омыртқа алды табағы мен мойын ішілік шандырдың париеталды табақтарының арасында орналасады. Ол бас сүйек негізінен басталып, жұтқыншақ пен өңештің артында жатып, атрқы көкірек ортасымен байланысады.
4. Бүйір шандыр аралық кеңістік лат. Spatium interfasciale cervicale laterale. Мойынның омыртқа алды және мойынның меншікті шандырының беткей табақтарының арасында, мойынның бүйір үшбұрышы тұсында орналасады.
5. Омыртқа алды кеңістік лат. Spatium prevertebrale . мойын омыртқалары мен мойынның меншікті шандырының омыртқа алдындағы табақтар арасында орналасады.
6. Төменгі жақ сүйек асты кеңістік лат.spatium submandibulare . төменгі жақ сүйек астының үшбұрышында жатады. Ол терең табақтармен, мойынның меншікті шандырының беткей және төменгі жақ сүйек денесімен шектеледі.
7. Құлақ маңы кеңістігі лат.spatium parotideum. алдынан төменгі жақ сүйектің тармағымен, арты мен жоғарыдан самай сүйегімен, латералды, медиалды және шықшыт безіне капсула түзетін шандырмен шектеледі. Жақ сүйек арты шұңқырында орналасады.

59.Арқаның бұлшықеттері мен шандыр қабықтары, олардың қызметтері.(80%)


Арқа бұлшықеттері, musculi dorsi жоғарыда желкенің сыртқы бұдыры мен төменде мықын сүйегінің қырқасы мен бүйір қапталы қолтықтың артқы сызығының арасында орналасқан бұлшықеттерге болінеді:
Бұлшықеттер топографиялық орналасуына қарай: беткей және тереңде орналасқан болады.
Арқа бұлшықеттерінің ішінде тірек-қимыл қызметін атқаратын және жақсы дамыған арқаның беткей орналасқан бұлшықеттері болып саналады. Бұл бұлшықеттер тобы шүйде сүйегінің бұдыры мен сегізкөз сүйегінің аралығында орналасқандықтан және бұлшықеттердің қозу кезінде үлкен күшпен жиырылып, омыртқа бағанасын тік ұстап, бас пен тұлғаның, сол маңдағы мүшелердің тірегі болуы солсебепті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет