Анатомия – 120 ом



бет75/143
Дата25.09.2024
өлшемі0,91 Mb.
#145656
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   143
Байланысты:
Анатомия – 120 ом-emirsaba.org

93. Ішкі секреция ағзалары
1.Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз
Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр.«endon» - ішкі, «сrino» - бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды. Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері - аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
Гормондар (гр. «һоrmae» - қоздырамын, козғалыска келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асад Қызметі:
1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;
2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;
3. Өсу мен көбеюді реттейді;
4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.


Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент/ - меланиннің түзілуін күшейтеді.
Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады.
Гипофиз — адам мен жануарлар бассүйегінің сынаша сүйегінің түрік ершігі сайында орналасқан. Гипофиз эпителиальды және нейроглиальды бастамалардан дамитын екі бөлімнен: аденогипофизден және нейрогипофизден тұрады.
Аденогипофизді гипофиздің алдыңғы, төмпектік (туберальды) және аралық бөліктері құрайды. Алдыңғы бөлікті құрайтын безді жасушалар (аденоциттер) боялу сипатына қарай екі топқа бөлінеді. Солғын боялған хромофобты жасушалар — жетілмеген жас аденоциттер. Олардан хромофильді (жақсы боялған) жасушалар жетіледі.
Ацидофилді аденоциттер — соматропин (өсу гормоны), пролактин (лактотропин), адренокортикотропты гормондарды, ал базофильді аденоциттер — гонадотропиндер (ФСГ, ЛГ) мен тиретропты гормондарды бөледі. Туберальды және аралық бөліктерді көгіддір түске боялған, мөлшері мен пішіндері біркелкі келген майда аденоциттер құрайды. Аралық бөліктің безді жасушалары организмдегі пигмент алмасуын реттейтін интермедии (меланотропин)гормонын түзеді. Нейрогипофизде гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларында түзілетін вазопрессин және окситоцин гормондары қан капиллярларына өтеді. Гипофиз — адам мен жануарлар организмдерінің дамуына, өсуіне, сондай-ақ, олар дағы жүретін зат алмасу процесіне әсер етіп, денедегі басқа ішкі секреция бездерінің қызметтерін реттеуге қатысады.
Гипофиздің зақымдалуы — организмде әртүрлі аурулардың, мысалы, акромегалия мен гигантизмнің өрбуіне ықпалын тигізеді.
Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсер: Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді, аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді
Қызметі:
1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;
2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар;
Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.
Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» - аяк-қол сүйектері, «mega» - үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.
Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
Ергежейлілік - гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады
Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.
Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет