Анатомия – 120 ом


Жиек ішектің бөлімдері және қызметі, ішастарға қатынасы



бет110/143
Дата25.09.2024
өлшемі0,91 Mb.
#145656
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   143
Байланысты:
Анатомия – 120 ом-emirsaba.org

139.Жиек ішектің бөлімдері және қызметі, ішастарға қатынасы.
Intestinum crassum немесе тоқ ішек-ас қорыту жүйесінің соңғы бөлігі болып есептеледі. Intestinum crassumда ас қорыту процесі аяқталып, нәжіске айналдырылып, Rectumдағы анусқа қарай бағытталады. Топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне карай Intestinum crassum: соқыр ішекке және оның кұрттәрізді өсіндісіне, жоғарылаған, көлденең, төмендеген, сигматәрізді жиек ішектерге және тік ішекке бөлінеді.
-Тоқ ішектің төмендеген жиек ішегі, colon descendens, flexura coli sinistra басталып, сол мықын сүйегі шұңкырының тұсында тоқ ішектің «сигматәрізді» бөлігіне жалғасады. Ұзындығы он он екі- он бес см. Алдыңғы беті іш қуысының алдыңғы бетімен; оң жак беті аш және мықын ішекпен; сол жақбеті іш куысының бүйір бетімен шектеседі. Ішастармен мезоперитонеалді жағдайда жауып орналасқан.
- Intestinum crassum сигматәрізді жиек ішегі, colon sigmoideum, ток ішектің төмендеген жиек ішегінің тікелей жалғасы. Ересек адамдарда оның ұзындығы он бес-алпыс жеті см аралығында; сыртқы пішіні, ұзындығы әрқашан өзгермелі келген. Интраперитонеалді жағдайда ішастармен жауып орналасқан. Сигматәрізді ішек шажырқайының арқасында өте қозғалмалы болып есептеледі.
- Intestinum crassum жоғарылаған жиек ішегі, colon ascendens, соқыр ішектің тікелей жалғасы. Ұзындығы он бес-жиырма см. Топографиясына келетін болсақ: оң мыкын сүйегі кырының, crista iliaca dextra, тұсында соқыр ішектен басталып, бауырдың оң үлесінің тұсында жиек ішектің оң иілімін, flexura coli dextra, құрап, тоқ ішектің көлденең жиек ішегіне, colon transversum, жал-ғасады.
- Intestinum crassum көлденең жиек ішегі, colon transversum, тоқ ішектің жоғарылаған жиек ішектің тікелей жалғасы болып табылады. Intestinum crassum көлденең жиек ішегі, тоқ ішектің оң иілімі мен сол иілімінін аралығында көлденең бағытта, дөңес жағы томен қарай иіліп орналаскан. Ұзындығы отыз-сексен үш сантиметр, орташа ұзындығы елу сантиметр. Intestinum crassum орналасуы адамның дене пішініне, жасына, бойына байланысты. Кішкентай балаларда қысқалау, брахиморфты адамдарда тоқ ішектің бұл бөлігі көлденең бағытта орналасқан. Ал долихоморфты адамдарда томен бағытталған, кіндікке дейін ауытқып орналасуы мүмкін.
Интраперитонеалді жағдайда ішастармен жауып орналасқан. Intestinum crassum көлденең жиек ішегінің жоғарғы беті: асқазанмен, бауырдың оң үлесімен және көкбауырмен шектеседі; ал төменгі беті болса: аш ішекпен; артқы беті ұйқыбезбен және он екі елі ішекпен шектесіп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет