Анатомия – 120 ом


Бүйректің қызметтері.Бүйректің форникальді аппараты. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері



бет125/143
Дата25.09.2024
өлшемі0,91 Mb.
#145656
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   143
Байланысты:
Анатомия – 120 ом-emirsaba.org

158.Бүйректің қызметтері.Бүйректің форникальді аппараты. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері.

Жауабы: Бүйрек (ren)Бүйректің сыртқы пішіні бұршақ тәрізді, құрамы тығыз. Ересек адамдарда бүйрек көлемі: ұзындығы 10-12 см, көлденең ені 5-6 см, калындығы 3-4 см- дей. Орташа салмағы 120 г. Бүйректің түсі қою-кызыл.
Жалпы саны әрбір бүйректе 15-20. Қыртыс заттың қалың- дығы 4 мм-дей.Бүйректің қызметі: Организмнің ішкі ортасы қалыпты жағдайда ұстап тұрады және де организмнен шлактардың шығарылуына әсер ете отырып сонымен қатар су-электролиттік балансты қалыпты жағдайда ұстап тұрады.Қышқыл-негіз тепе-теңдігін қалыпты жағдайда ұстауға қатыса отырып организмнің осмос қысымын реттейді.Тамыр тонусына әсер ететін заттардың секрециясын және синтезін реттейді.Қанның түзілуіне және қанның ұю жүйесіне (эритропоэтин) әсер етеді.Негізгі қызметі-зәр түзу болып табылады.Бүйректің форникальді аппараты маңызы: бүйрек паренхимасынан кіші тостағаншаларға несептің шыгарылуына және кіші тостаганшалардан несептің кері өтпеуіне кедергі жасап тұрады.Форникальдық аппараттың құрамына: Тегіс бұлшықеттік талшықтар (4 бұлшықет).Артериальді, венозды және лимфа тамырлары,Дәнекер ұлпа,Нерв талшықтары кіреді.Принципі: сауу аппаратының механизміне ұқсас болып келеді, зәр өз бетімен ақпайды, ол бүртіктен кіші тостағаншаларға белсенді сауылады. Механизміне төрт бұлшықет катысады, олар жиырылу қабілетіне қатысады. Форникальды аппараты 2 стадияда жүреді.Біріншісі- Күмбездің ұзына бойлық бұлшықетінің жиырылуы, сонымен қатар тостағаншалардың ұзына бойлық бұлшықетінің жиырылуы жүреді.Екіншісі- Күмбездің сфинктерінің жиырылуы,содан кейін тостағаншалардың сфинктерінің жиырылуы жүреді.Қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшелігі: Бүйрек тамырларының айырмашлық ерекшелігі, бұл ағзада екі капилляр торы болады сонымен бұл торлар бір-біріне қатысты емес және де әртүрлі қызмет атқарады. Бірінші капилляр торында яғни шумақшада фильтрация жүреді, ал екіншіде қайтадан сіңірілу, реабсорбция жүреді және газ алмасу жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет