166.Аталық без қабықтары, олардың туындылары. Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады.Оның ұмаға түсуіне ең маңызды әрекет етуші бағыттаушы жіп (gubernaculum testis BNA)Бұл жалғама дамудың алғашқы кезеңдерінде ішастардың артында орналасқан,аталық без ұрығының шетінен алдыңғы құрсақ қабырғасына дейін жатады. Сосын ол жерде ұма қалыптасады.Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады.
1 Ұма терісі-cutis
2 Етті қабық-tunica dartos
3 Сыртқы шәует шандыры-fascia spermatica externa
4 Аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры-fascia cremasterica
5 Аталық безді көтеретін бұлшықет-m.cremaster
6 Ішкі шәует шандыры –fascia supermatica interna
7 Аталық бездің қынаптағы шандыры-tunica vaginalis testis ,ол табақтан тұрады: Париеталды – lamina parietalis, висцералді- lamina visceralis
Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады. Ал аталық без қабықтарына мыналар: cutis, tunica dartos, fascia spermatica externa, fascia cremasterica, m.cremaster; fascia spermatica interna, tunica vaginalis testis жатады. Aталық бездің қабықтары алдыңғы іш қабырғасының белгілі бір қабаттарына сәйкес келеді. Атабез іш қуысынан ығысқанда өзімен қоса ішастар мен іш бұлшықеттері шандырларымен оранған сияқты көрініс береді.
1. Ұма терісі, cutis іштің алдыңғы қабырғасының жалғасы, жұқа және дененің басқа бөліктерімен салыстырғанда қою қоңыр түсті, созылмалы болып келеді. Мұнда өзіне тән иісі бар секрет шығаратын көптеген ірі май бездерімен тері бездері болады.
2. Етті қабық, tunica dartos тікелей тері астында орналасатын,теріасты шелмайдың туындысы болып табылады. Tunica dartos-тың құрамында эластикалық талшықтары мен бірыңғай сaлалы бұлшықетті тіні бар тығыз дәнекер тінді қабат. Тunica dartos əрбір атабез үшін жеке бір-бірден қап түзеді, олар ортаңғы сызық бойымен бір-бірімен қосылып, rарhе сызығы бойына бекитін қалқа, ѕерtum scroti, түзеді. Етті кабықтың арқасында ұманың теріcі біршама бүрісе алады және сырткы ортаның температурасы темендегенде аталық бездерді қасағалық дөңес жаққа тартады, ал температура жоғарылағанда-едәуір созылады және атабездердің түсуіне ықпал етеді: бұл процесстер толыққанды сперматогенезге қажетті қолайлы температураны тұрақты ұстап тұру үшін маңызды орын алады.
3. Fascia spermatica externa, сыртқы шәует шандыры- іштің беткей шандырының жалғасы болып табылады.
4. Fascia cremasterica, атабезді көтеретін бұлшықет шандыры, беткей шап сақинасы жиегінен шығатын, fascia intercruralis жалғасы болып табылады: ол m. cremaster-ді жабады, сондықтан да fascia стemasterica деп аталады.
5. M. cremaster, aтабезді көтеретін бұлшықет, іштің көлденең бұлшықет, m. transversus abdominis жалғасы болып табылатын көлденең-жолақты бұлшықет талшықтары будаларынан тұрады; жиырылғанда атабезді жоғары тартып көтереді.
6. Fascia spermatica intеrnа, iшкi шәует шандыры m. сremaster-дің астында орналасқан. Ол fascia transversalis-тің жалғасы болып табылады, aтaбeз аймағында оның висцералды жабындысының сыртқы бетіне жанасып жатады.