Анатомия – 120 ом


Шәует қуықшалары, бульбоуретралді бездер, олардың несеп жібергіш өзекке қатынасы



бет135/143
Дата25.09.2024
өлшемі0,91 Mb.
#145656
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   143
Байланысты:
Анатомия – 120 ом-emirsaba.org

168.Шәует қуықшалары, бульбоуретралді бездер, олардың несеп жібергіш өзекке қатынасы.

Шәует қуықшасы - везикула семиналис, ұзындау келген, жоғарғы шеті үшкірленген, алды артынан қарағанда қысыңқылау келген
ГОЛОТРОПИЯСЫ:Кіші жамбас астауының куысында.
Скелетопиясы - S4-S5 орналасқан
Синотропиясы - алдынан несепқуық,
- артынан тік ішекке қарайды
- медаильді шәует шығаратын ампула
- астына және алдына төмен қуық асты безі
- ішастар тек беткі жағын жауып тұрады


Буылтық-несеп шығаратын өзек (бульбоуретралық) безі (glandula bulbourethralis) (Куперов безі) – көлемі бұршақ іспеттес, дөңгелек пішінді, тығыз, сарғыш түсті, беті сәл бұдырлы, диаметрі 0,3-0,8 см болып келетін қос ағза:-бульбоуретралық бездер – құрылысы бойынша ұяшықты-түтікті бездерге жатады;

-қызметі – еркектің несеп шығаратын өзегінің қабырғасын несептіңтітіркендіруінен қорғайтын жабысқақ сұйық бөліп шығарады; -бұл бездер еркектің несеп шығаратын өзегінің жарғақты бөлігінің артында, шаттың терең көлденең бұлшықетінде (m.transversus perinea prоfundus) орналасқан; -бездер бір-бірінен 0,6 см-ге жуық ара қашықтықта орналасқан; -бульбоуретралық бездердің түтіктері (ductus glandulae bulbourethralis) жіңішке және ұзын (3-4см-ге жуық), еркек жыныс ағзасының (penis-тың) буылтығын тесіп өтіп, несеп шығаратын өзекке ашылады; -буылтық-несеп шығаратын өзек бездерінің секреторлық бөліктері мен шығарғыш түтіктерінің көптеген кеңеюлерінің болатындығын ескерген жөн.

169.Шәует шылбыры, оның құрамды бөліктері
Шәует шылбыры, funiculus spermaticus, аталык бездің ұмаға түсу процесінде пайда болады. Оның ұзындығы 15-20 см дөңгелек жіп, шап өзегінің терең сақинасынан аталық бездің жоғарғы жиегіне дейінгі аралықта орналасады. Шәует шылбырының қүрамына: шәует шығаратын түтік, ductus deferens, аталық без артериясы, шәует шығаратын түтік артериясы, сабакты веналық өрім, аталық без бен оның қосалқысының лимфа тамырлары және нервтері, және де қынаптық өсіндінің іздері (қалдықтары), vestigium processus vaginalis, кіреді.Шәует шылбырының негізгі құрамы шәует шығаратын түтік, және де қабықтармен қоршалған тамырлар мен нервтер, олар аталық бездің қабықтарына жалғасады. Шәует шығаратын түтікті, тамырлар мен нервтерді жабатын ең ішкі қабық ішкі шәует шандыры, fascia spermatica interna. Оның сыртында аталық безді көтеретін бұлшықет, т. cremaster, пен оның шандыры, fascia cremasterica, орналасқан. Шәует шылбырының ең сыртқы қабығы - сыртқы шәует шандыры, fascia spermatica externa.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет