13.Сирақ сүйектері: асықты жілік, кіші жіліншік сүйектері
Сирақсүйектері, ossis cruris, топографиялық орналасуына қарай асықты жілік, os tibia,және асықты жілік шыбығының, os fibulae,сүйектеріне бөлінеді
Асықты жілік сүйегі, os tibia ұзын түтіктәрізді сүйектерге жатады. Бұл сүйектің: денесі, проксимальды және дисталды ұштары ажыратылады.
Қырлары: 1. Асықты жілік сүйегінің денесі, corpus tibiae, үш қырлы болып келгендіктен үш қыры: алдыңғы медиальдық және сүйекаралық қыры және үш беті: медиальдық, артқы, латеральдық ажыратылады.
а) Асықты жілік денесінің алдыңғы қыры, margo anterior, қырқа тәрізденіп, сүйірленіп орналасқан. Проксималды ұшы, бұл сүйектің бұдырына, tuberositas tibiae, ұласады.
ә) Сүйекаралық жілік сүйегі денесінің медиальдық беті, facies medialis, немесе алдыңғы медиальдық беті сәл дөңестеу болып, бұл сүйектің алдыңғы қыры мен сүйекаралық қырдың аралығында орналасқан.
Беттері: а) Латеральдық беті, facies lateralis, немесе алдыңғы-латеральдық беті сәл ойыстау келген.
ә) Артқы бетінде, facies posterior, латеральды айдаршықтан, төменірек қиғаш бағытта орналасқан қамбала тәрізді бұлшықеттің сызықшасы, linea solеus, айқын байқалады. Бұл сызықшадан төменірек, дистальды бағытта бағытталған, сүйектік тканды қанмен қамтамасыз етуші қантамырлардың тесігі, foramen nutricium, орналасқан.
2. Ортан жіліктің проксимальды эпифизі, epyphysis proximalis, жуандау және қомақтылау болып келген проксимальды эпифизінің бетінде айдаршық аралық медиальді және литералді төмпешіктер, tuberculum intercondylaris lateralis, et medialis орналасқан. Бұл төмпешіктердің алдында айдаршық аралық алдыңғы жазықтық, area intercondylaris anterior, пен артында айдаршық аралық артқы жазықтық, area intercondylaris posterior, орын тепкен. Бұл жазықтықтар тізе буынының крест тәрізді болып орналасқан байламының бекитін жері болып саналады. Айдаршық аралық төмпешіктің бүйір қапталында екі жағында айдаршықтың буын беттері, facies articularis, орналасқан. Қызметі, ортан жіліктің айдаршықтарының буын бетімен беттесіп, тізе буынын құрау. Сонымен қатар, латеральдық айдаршықтың бүйір қапталында, асықты жілік шыбығының басымен беттесіп, буын құрайтын буын беті, facies articularis fibularis, айқын байқалады. Асықты жіліктің дистальдық ұшына, epiphysis distalis, келсек ол, торт қырлы болып келген. Латеральдық бетінде асықты жілік шыбығымен беттесетін тілігі, incisura fibularis, орналасса, артқы бетінде қайықшалық жүлге, sulcus malleolaris, айқын байқалады. Дистальдық ұшының ішкі қапталында медиальдық қайықша, malleolaris medialis, орналасқан. Медиальды қайықшаның латеральдық бетінде, қайықшалық буын беті, facies articularis, асықты жіліктің ойыс келген төменгі буын бетіне, facies articularis inferior, ұласады. Бұл буын беттер, аяқ басының асықты сүйегінің шығырымен беттесіп, сирақ-асықты буынды, articulatio talocruralis, құрауға қатысады