Анатомия – 120 ом


Сына сүйектің кіші қанаты – alae minores



бет26/143
Дата25.09.2024
өлшемі0,91 Mb.
#145656
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   143
Байланысты:
Анатомия – 120 ом-emirsaba.org

Сына сүйектің кіші қанаты – alae minores –негізінде дөңгелек тәрізді көру нерві өзекшесінің – canalis opticus тесігі орналасқан. Оның ұзындығы 5-6 см-дей. Бұл өзекше арқылы ІІ жұп нерві, көздік артерия мен веналар өтеді. Қанатарының алдыңғы жиегі маңдай сүйекпен байланысады, ал артқы жиегі бас сүйек қуысына қарайды. Артқы қыры сүйірленіп алдыңғы өсіндіні - processus clinoideus anterior құрайды. Сына сүйектің жоғарғы беті бас сүйек қуысына қарайды, ал төменгі беті көз ұяға қараған және қанаттарымен бірігіп, көз ұясының жоғарғы саңылауын – fissure orbitalis superior шектейді. Осы саңылау арқылы ІІІ, ІV, VI жұп ми жүйкелері және көз жүйкесі өтеді.

Сына сүйектің үлкен қанаты – alae majores – жалпақ табақша, 5 беті, 4 жиегі бар.
Ми сауытына қараған жоғарғы беті – facies cerebralis – милық көтеріңкілер мен ми қатпарларының батыңқылары бар. Үлкен қанаты негізінде 3 жұп тесіктер орналасқан: дөңгелек тесік – foramen rotundum, сопақша тесік – foramen ovale, қылқанды тесік – foramen spinosum.
Көз шарасына қараған беті – facies orbitalis – тегіс, ромб тәрізді. Қызметі: көз шарасының латералды қабырғасын құру.Көз шарасының төменгі саңылауы – fissure orbitalisinferior орналасқан.
Алдыңғы немесе жоғарғы жақ сүйегіне қараған беті – facies maxillaries үшбұрыш тәрізді. Қанат-таңдай ойысының – fossa pterygopalatinaартқы қабырғасын құрауға қатысады.
Жоғарғы бүйір самай ойысына қараған беті - facies temporalis ойыстау келген. Самай атты шұңқырдың –fossa temporalis ішкі қабырғасын құрауға қатысады. Төменірек ортасында горизонталь бағытта самайастылық қырқа – crista infratemporalis орналасқан. Қызметі: самай және самай асты ойыстың ішкі қабырғасын құрауға қатысады.
Самай асты ойысына қараған бетінде – facies infratempоralis сопақша және қылқанды тесіктер көрінеді.


3 қыры:
Жоғарғы маңдайлық қыр – margo frontalis – тісшеленіп, маңдай сүйегімен сына-маңдай жігі – sutura sphenofrontalisкөмегімен шектеледі.
Алдыңғы бетсүйектік қыры – margo zygomaticus –тісшеленіп, бетсүйекпен сына-бетсүйектік жік – sutura sphenozygomaticus арқылы байланысады.
Артқы қабыршақтық қыры – margo squamosus zygomaticus–самай сүйектің сына сүйектік қырымен сына-самайлық жік – sutura squama арқылы байланысады.
Сынасүйектің қанат тәрізді өсіндісі – processus pterygoideus –медиальды және латеральды табақшадан – lamina medialis et lateralis тұрады. Бұл табақшалар алдынан бірікше, артынан керісінше алшақтап, терең қанаттық шұңқыр – fossa pterygoidea құрады. Төменгі ұштары бір-бірінен қанат тәрізді өсіндінің тілігі – incisura pterygoideaарқылы айырылады. Негізінде алдан артқа қарай қанаттық өзек – canalis pterygoideus орналасқан.
Медиальды табақшасы – lamina medialis латеральды табақшаның ішкі қапталынан төмен қарай орналасады. Латералды табақшаға қарағанда қысқалау және қалыңдау болып келеді. Медиальды табақшаның артқы жиегінің жоғарғы бөлігінде қайықша тәрізді шұңқыр – fossa scaphoidea бар.одан таңдай пердесін керетін бұлшықет басталады. Медиалды табақшаның төменгі ұшы сүйірленіп, қанатты ілмекпен – hamulus pterygoideus аяқталады. Қанаттық өсіндінің алдыңғы жиегімен таңдайдың үлкен жүлгесі – sulcus palatinus major өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет