Кеуде омыртқалары, vertebrae thoracicae. Жалпы саны 12 (Тһ,- Тһ 12). Мойын омыртқаларына қарағанда үлкендеу, бел омыртқаларына қарағанда кішілеу келген. Кеуде омыртқаларға түсетін салмақтың көлеміне байланысты, төменгі кеуде омыртқаларының денелері бел омыртқаға жақындаған сайын көлемділеу болып келі ен. Кеуде омырт қаларының ерекшеліктері:
1. Денесінің бүйір бетінің теменгі және жогарғы жиегінде қабырғаның басымен беттесіп, буын құрайтын жартылай немесе толық қабырғалық шұңқыршалары, fovea costalis, орналасқан. Толық шұңқыршалар 1 -кеуде омыртқаның бүйір бетінің жоғарғы жиегінде және 11,12 кеуде омыртқаның бүйір бетінің орталық бөлігінде орналасқан. Негізгі қызметі: 1,11,12- жұп қабырғалардың буын басы мен беттесіп, қабырға омыртқа буынын, articulatio costo vertebralis, құрау. Қалған кеуде омыртқалардың 1 -9 (Th-Тh3) бүйір беттерінде жартылай жоғарғы жәнетөменгі қабырғалық шұңқыршалар, fovea costalis superios et inferior, орналасса, 10 (Th1) кеуде омыртқаның жоғаргы жиегінде,тек қана жоғарғы жартылай қабырғалық шұңқырша орналасқан. Бұл шұңқырша, 9-кеуде омыртқаның төменгі шұңқыршасымен өзара беттесіп, 10-жуп қабырғаның қабырға-омыртқасыныңбуынын құрайды.
2. Омыртқа доғалары денесімен бірігіп, дөңгелек келген омыртқалық тесігін құрайды. Бұл тесік, мойын омыртқаларының тесігіне қарағанда кішілеу келген.
3. Колденең есінділер, processus transversus, мойын омыртқалар мен бел омыртқаларының көлденең өсіндісіпе қарағанда көлемділеу болып, бүйір қапталда және артқа қарай бағыгталған. Кеуделік омыртқалардың көлденең өсіндісінің ұштарында қабырғаладың төмпешігінің бетімен беттесіп, буын құрайтын, көлденең өсіндісінің қабырғалық щұңқыршалары, fovea costalis transversus, орналасқан.
Сонымен қатар, 11, 12-қабырғаларды төмпешігінің нашар дамуына байланысты, 11,12- кеуде омыртқалардың көлденең өсіндісінің қабырғалық, шұңқыршалары болмайды. Бұл омыртқалардың көлденең өсіндісінің нашар дамуымен қатар, қосымша еміздік тәрізді өсінділер, processus mastoideus, айқын байқалады.
4. Кеуде омыртқалардың қылқанды немесе арқа өсіндісі, processus spinosus, ұзындау болып артқа және төмен қарай бағыт алып, бір-бірін черепица тәрізді жауып орналасса, төменгі кеуде омыртқалардың арқа өсінділері бел омыртқаның арқа өсінділері сияқты жалпақтау және қысқалау келген.
5. Буын өсінділері, processus articularis, 12- кеуде омыртқаның төменгі буын өсінділерінен басқалары фронтальді жазықтықтың бойында орналасқан. Жоғарғы буын өсіндісінің буын беттері фронтальді жазықтық бойында артқа қарап орналасса, төменгі буын беттерінің буын өсіндісінің буын беттері алға қарап орналасқан. 12-кеуде омыртқаның төменгі буын өсіндісі, бел омыртқаның төменгі буын өсінділері сияқты сагитал жазықтықтың бойында орналасқан. Жоғарғы буын өсіндісінің буын беттері, фронтальді жазықтықтың бойында артқа қарай бағытталып орналасса, төменгі буын өсіндісінің буын беттері сагитал жазықтық бойында сыртқа қарай бағытталған.