Анатомия – 120 ом


Алмұртүсті және алмұртасты тесіктер, олардың құрамы



бет66/143
Дата25.09.2024
өлшемі0,91 Mb.
#145656
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143
Байланысты:
Анатомия – 120 ом-emirsaba.org

81.Алмұртүсті және алмұртасты тесіктер, олардың құрамы.
Алмұрт үстілік тесік, foramen suprapiriformis, және алмұрт астылық тесік, foramen infrapiriformis
Алмұрт тәрізді бұлшықет үлкен шонданайлық тесіктен ,Foramen ischiadicum majus, өткен кезде, оның тек ортасын толтырады. Үстінен және астынан тесік пайда болады- алмұртүсті және алмұртасты тесіктер. Бұл тесіктерден жанбас қуысынан санға қан тамырлар мен нервтер өтеді.

82.Сан үшбұрышы, шекаралары, құрамы.
Сан үшбұрышы (trigonum femorale) санның жоғарғы үштен бір бөлігінде шап байламынан төмен орналасқан.
Үшбұрыштың шекаралары:
  • жоғарыда-шап буыны (lig. inguinale);


  • латеральды-Тігіншілік бұлшықет(m. sartorius);


  • медиалды-әкелетін ұзынбұлшықет (m. adductor longus).


Мықын-белдік бұлшықет және қырлық бұлшықет бірігіп сан үшбұрышының түбін құрайды және араларында терендік болатындай орналасады –қасағалық-қырлық шұңқыр (fossa iliopectinea).


Сан үшбұрышының жоғарғы жартысында ішкі жағынан сан венасы (v. femoralis),одан сыртқа қарай сан артериясы (a. femoralis),ал артериядан ары сан нервысы (n. femoralis) жатыр.
Сан артериясы 3 бөлінеді: құрсақүстілік жоғарғы артерия (a. epigastrica superficialis), мықынның жоғарғы артериясы (a. circumflexa ilium superficialis) және сыртқы жыныстық артерия (aa. pudenda externa). Шаптық байламнан Шаптық байламнан 3-5 см қашықтықта санның терең артериясы өтеді (a. profunda femoris), ал ол өз кезегінде саннық латералдық және медиалдық артериясына бөлінеді(aa. circumflexa femoris medialis et lateralis)
83.Сан өзегі, қабырғалары, сақиналары, практикалық маңызы.
Сан өзекшесінің, canalis femoralisyзындығы шамамен 0,5 см. Сан венасының ішкі қапталында орналасқан. Бұлөзекшенің ішкі және сыртқы тесігі және үш қабырғасы ажыратылады.
1. Сан өзекшесінің ішкі тесігі, annulus femoralis жарық болған жағдайда байқалады. Ол, құрсақтың алдыңғы қабырғасының артқы бетіндегі шаптың латералдық шұңқырында fossa inguinalis lateralis орналасады. Қабырғалары: a) алдыңғы қабырғасы — шап байламы, Ііg. inguinale, ә) латералды қабырғасы — сан венасы, V. femoralis, б) медиалды қабырғасы — лакунарлы байламнан, lig. lacunare, в) артқы қабырғасы — қырқалы бұлшықеттің фасциялық табақшасы, fascia pectineae тұрады. Бұлтесіктің ішкі беті құрсақтың көлденең бұлшықетінің фасциялық қабықшасымен және ішастармен жауып орналасқан.
2. Сан өзекшесінің сыртқы тесігі, санның тері асты үлкен венасы саңылауының, hiatus saphenus маңында орналасқан.
Бұл өзекшенің үш қабырғасы ажыратылады: а) алдыңғы қабырғасы — шап байламы, Ііg. inguinale, ә) латералды қабырғасы: сан венасы,
V. femoralis, б) артқы қабырғасы: қырқа бұлшықетінің фасциялық қабықшасынан, fascia pectineaee тұрады.
— Санның ішке тартқыш бұлшықеттерінің өзекшесі, canalisadductorius немесе Гунтер өзекшесі деп аталынады. Олсан өзекшесініңтікелей жалғасы болып саналады. Төменгі бағытта өтіп, тақым шұңқырына ұласады. Бұл өзекшенің: а) медиалды қабырғасы санның ішке тартқыш үлкен бұлшықетінен, т. adductor magnus, ә) латералды қабырғасы — санның төрт басты бұлшықетінің медиалды бұлшықетінен, т. Vastus medialis, б) алдыңғы қабырғасын — санның медиалды және латералды қабырғасын құраушы бұлшықеттерінің арасындағы фасциялық табақшадан тұрады. Бұл өзекше арқылы сан артериясы мен сан венасы, a. et v. Femorales және тері асты нерві, п. saphenus өтеді. Ол төмен бағытта тақым шұңқырына қарай өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет