39. Омыртқа жотасының бассүйекпен қосылысы
Атлант-шүйделік буын, articulatio atlantooccipitalis. Буын басы шүйде сүйегінің айдаршығының condylus occipitalis, буын бетінен тұрса, буын шұңқыры атланттың немесе ауыз омыртқаның жоғары буын шұңқырының буын бетінен, facies articularis superior, тұрады. Буын басының буын беті буын ойысына қарағанда шағын келген. Буын беттері гиалинмен көмкерілген. Буын беттерінің сыртқы пішініне қарай эллипс немесе айдаршақты құрама буын, articulatio combinata, жатады. Буын беттері сәйкес келген. Буын қапшықтары буын беттерінің жиектеріне өзара тартылып бекіген. Буынның меншікті буын қапшығының байламы жоқ, жанама жарғақтар арқылы мықталған.
1. Алдыңғы атлант-шүйделік жарғақ,membrana atlanto-occipitalis anterior,ол ауыз омыртқаның алдыңғы доғасы мен шүйде сүйегінің үлкен тесігінің алдыңғы жиектерінің аралығында өзара тартылып ораласқан. Ол омыртқалар денелерін бойлай орналасқан алдыңғы байламның lig. Longitudinal anterior, тікелей жалғасы болып саналады. Бұл жарғақтың артқы капталында, алдыңғы атлант-шүйделік байлам, lig. Atlantooccipitaliis anterior, орналасқан. Қызметі: буынның тым шалқаюын тежеу.
2. Атлант -шүйделі артқы жарғақ, membrane atlanto-occipitalis posterior. Ол жарғақ шүйде сүйегінің үлкен тесігінің артқы жиегінен басталып, ауыз омыртқаның артқы доғасына барып бекиді. Атлант- шүйделік артқы жақтың алдыңғы бетінде, қантамырлар мен нервтердің тесікшелері айқын байқалады. Сонымен қатар бұл жарғақ омыртқа доғалары аралығындағы сары түсті байламның тікеле жалғасы болып саналады. Атлант-шүйделік артқы жарғақтың бүйір қапталыңда латералді атлант-шүйделік байлам орналасқан. Ол бұл жарғақтың тікелей жалғасы болып саналады. Қызметі: атлант-шүйделік буынның тым алға қарай иілуін тежеу
Достарыңызбен бөлісу: |