75.Тақым шұңқыры, шекаралары, құрамы.
Тақым шұңқыры, fossa poplitea, ол тізе аймағының артқы қапталында орналасқан. Сыртқы пішіні ромб тәрізденіп келген. Бұл шұңқырдың:
a) жоғарғы латералды қабырғасы— санның екі басты бұлшықетінен, m. Biceps femoris тұрса,
ә) жоғарғы медиалды қабырғасы, жартылай жарғақты бұлшықетінен, m. semimembranosus тұрады,
б) төменгі медиальды және латералды қабырғалары, балтыр бұлшықетінің, m. gastrocnemius медиалды және латералды бастарынан тұрады,
в) табаны — ортан жілік тақымдық бетінен, faciespoplitea тұрады.
Тақым шұңқырында: қан тамырлар мен нервтер, лимфа тамырлары, олардың түйіндері, май қатпарлары орналасқан. Тақым шұңқыры төмен бағытта сирақ-тақым өзекшесіне, canalis cruropopliteus, ұласады.
Достарыңызбен бөлісу: |